Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Нитрокөк тетразолиiн қалпына келтiру сынамасы - НКТ-сынамасы



Pdf көрінісі
бет428/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   459
Нитрокөк тетразолиiн қалпына келтiру сынамасы - НКТ-сынамасы 
оттегiнiң  белсендi  түрiнiң  көмегiмен  қан  лейкоциттерi  арқылы  нитрокөк 
тетразолиін  диформазанға  қалыптастыруымен  негiзделген.  Бұл  кезде 
фагоциттерде киллинг бактерияны ортақтастыратын, нитрокөк тетразолиінің 
алғашындағы  сары  түсiнiң  көк-күлгiн  түске  (ядроiшiлiк  қосындылар  
диформазан тiстерi) өзгертетiн ферменттердiң қабiлетiн қолданады. 
 
Серпiлiстiң  қойылуы.  Майсыз  заттық  әйнекке  0,02  мл  0,9%  натрий 
хлорид  ерiтiндiсiн,  0,02  мл  нейтрофилдi  және  0,02  мл  0,75%  НКТ  (нитрокөк 
тетразолиі) ерiтiндiсiн жағады.  
 
Күштеме  ретiнде  1:10  ерiтiндiде  Грамтерiс  бактериясының  E.  coli 
коммерциялық  липополисахаридiн  немесе  пирогенал  (липополисахарид  S. 
typhi)  ерiтiндiсiн  қолданады.  Басқа  майсыз  әйнекке  0,02  мл  ЛПС,  0,02  мл 
нейтрофилдiк  қоспасын  және  0,02  мл  0,75%  НКТ  ерiтiндiсiн  жағады.  30 
минут  ылғалды  камераға  орналастырады.  Жағынды  дайындап,  құрғатып, 
бекiтедi.  0,1%  нейтралды  қызыл  ерiтiндiсiмен  бояйды.  Қалпына  келтiрiлген 
НКТ  (көк  түстi  диформазан)  грануласымен  лейкоциттер  пайызын  есептеу 
арқылы нейтрофилды шығарады.  
Лейкограмманы  анықтау  әдiсiнен  айырмашылығы,  лимфоциттердiң 
субпопуляциясын  бағалау  қиынға  соғады.  Иммундық  жүйенiң  жасушалық 
звеносын бағалауда қолданатын ең қолайлы әдiстердiң бiрi, розеткатүзу әдiсi 
болып  табылады.  Бұл  ең  бiрiншi  иммунологтармен  Т-  және  В- 
лимфоциттердi  анықтауда  қолданған  әдiстер.  Бұл  әдiстер  иммунологтармен 
алғашқы рет Т- және В-лимфоциттерiнiң санын анықтау үшiн қолданған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет