Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет104/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   171
Қойнаулар (синустар)

Қойнаулар деп қабырғалары жалпақ эндотелийтәрізді жасушалардан тұратын, ал іші қан жасушалары орналасуы мүмкін талшықтық тін торымен толған түйін затындағы тар кеңістікті атаймыз. Қойнаулардың қабырғаларын астарлайтын жасушаларды ретотелийлік деп атайды, олардың өзінің екі түрі бар:



  1. Литоральдық жасушалар – қойнаулардың қабырғаларын астарлайтын.




  1. Меншікті ретотелийлік – қақпа іші арқылы өтетін.

Қойнаулардың құрылымы олардың қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Шеткі қойнауға қарағанда аралық қойнаудың құрылысы күрделілеу. Шеткі қойнаудың қабықтық бетінен үш қабаттан тұратын жақсы жетілген базальдық жарғақты байқауға болады, ал шеткі және аралық қойнаулардың ішкі беттерінде базальдық жарғақтар болмайды, олар коллагендік талшықтардан тұратын, жіңішке жіпшелермен қоршалған ретотелийлік жасушалармен астарланған.


Анатомиялық лимфаның түйін арқылы екі өту жолын айырады:



  1. Лимфа, әкелуші тамырлар арқылы алдымен шеткі қойнауға құйылады, әрі қарай қыртыстық және милық заттардың аралық қойнаулары арқылы өтіп қақпақтық қойнауға жетіп әкетуші тамырлар арқылы түйіннен шығады. Бұл жолды «қисық» деп атайды және ол зат алмасу үрдісіне тиімділеу.

  2. «Түзу» жол, қысқа, әкелуші тамырлармен лимфа әуелі шеткі қойнауға құйып әрі қарай түйіннің заттары арқылы өтпей тікелей қақпақтық қойнауға жетіп әкетуші тамырлар арқылы түйіннен шығады.

Лимфа түйіндерінің қанмен қамтамасыздануы

Орташа көлемді лимфа түйініне 2-ден 10-ға дейін артериолдар түйіннің дөңес, не болмаса қақпа жақтарынан енеді. Артериалдық тамырлар түйін қапшығын тесіп өтіп қалқалардың бойымен барлық затына таралады. Жолында көптеген тармақтар бере


отырып қапшық бойымен ірі ілмекті өрім, ал қалқалар бойымен және лимфатәрізді түйіншелерде майда ілмекті өрімдер түзеді. Лимфа түйіндерінің веналары артериялардан бөлек орналасады, тек қақпа аймағында қосарлана жүреді. Түйін қапшығындағы веналық өрім милық заттың венасына ұласады, олар әрі қарай қалқаларға енеді. Қақпа маңылық қалыңдықтың қалқаларындағы веналық өрім қақпаға жетеді, олар бір-бірімен қосылып бір ірі венаға айналады, ол веналық қанды түйіннен алып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет