Оқушы портфолиосы туралы түсінік



Дата25.04.2023
өлшемі117 Kb.
#86915

Оқушы портфолиосы

Оқушы портфолиосы туралы түсінік

  • оқушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім-біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
  • оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.

Оқушы портфолиосының артықшылықтары:

  • Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
  • Жүйелеуге және толықтырулар енгізуге жағдай жасалуы;
  • Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу мүмкіндігінің болуы;

Оқушы портфолиосының негізгі функциялары

  • 1.Жинақтаушы: оқушы жұмыстарының жиынтығы.
  • 2.Үлгілеуші: оқушының жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.
  • 3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.

Оқушы портфолиосының түрлері

  • 1.Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін).
  • 2.Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).

Оқушы портфолиосын дайындау технологиясы

1.Оқушыларды ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін сенімді негіз бола алатындығы. 2.Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы. .

3.Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында өткізу немесе белгілі бір уақыт сайын көрсетіп отыру. 4.Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі. 5.Бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығы

Оқушы портфолиосының мазмұны

Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі.

  • Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі.
  • Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.
  • Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.
  • Өзекті мәселелер мен кәсіби шығармашылық тапсырмалардың шешімдері.
  • Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.
  • Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер).
  • Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер.
  • Жалпылау материалдары (сызбалар мен кестелер, графиктер мен диаграммалар).

-Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары. -Берілген қосымша тапсырмалар. -Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар. -Жасалған баяндамалар мен жарық көрген мақалаларының көшірмелері. -Дайындаған әдістемелік нұсқаулары мен дидактикалық жинақтарының қысқаша аннотациялары мен рецензиялары. -Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары. -Өзіндік зерттеу-сынақ жұмыстарының аралық қорытындылары мен түпкі нәтижелері. -Портфолио авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).

Оқушы портфолиосының маңызды бөлімдері -Автопортрет” бөлімі: -“Ақпараттық ресурстар” бөлімі: -“Жұмыс материалдары” бөлімі: -“Менің жетістіктерім” бөлімі:

Оқушы портфолиосын бағалау өлшемдері

  • Міндетті рубрикалардың болуы – 2 ұпай.
  • Қосымша жеке рубрикалардың қамтылуы – 5 ұпай.
  • Зерттеу әдістерінің пайдаланылуы – 10 ұпай.
  • Өзіндік жұмыстары мен дербестігі – 10 ұпай.
  • Материалдарды безендіруі – 8 ұпай.
  • Өзіндік пайдалылығы мен құндылығы – 10 ұпай.
  • Әріптестері мен ғалымдардың пікірлері – 5 ұпай.
  • Рефлексиялық материалдардың болуы – 10 ұпай.
  • Портфолионы көрсету – 10 ұпай.
  • Барлығы – 70 ұпай.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет