Оқушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары болып табылатындар



Дата15.10.2023
өлшемі22,9 Kb.
#115233
Байланысты:
инклюзив


3. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу нәтижелері мектептік білім берудің барлық кезеңдерінде білім, білік және дағдылармен шектеле алмайды, оқыту мақсаты тұлғаның білімі, тәжірибесі мен құндылығына негізделген жалпы қабілет сияқты құзыреттіліктің қалыптасуы болуы тиіс
Оқушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары болып табылатындар:

бақылаушылық – мұғалімге оқу материалын сәйкесінше жоспарлауға және баяндауға мүмкіндік береді, оқушының жаңа материалды игеруге дайындығын, әрбір оқушының жетістіктері даңгейін анықтайды;

оқу – білімдерін қайталау, нақтылау және тереңдетуге, оларды жүйелеуге, біліктері мен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

диагностикалық-түзетушілік – оқушыда оқыту процесінде туындайтын қиндықтардың себептерін анықтайды; игерілгеннің кемшіліктерін анықтаса оларды жоюға бағытталған түзетулерді енгізеді;

ынталандырушы-себепшілік – оқытудың оң себептерін қалыптастырады;

тәрбиелеушілік – жауапкершілікпен және жұмыла жұмыс істей білуді қалыптастыруға, бақылау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін, оқу рефлексиясын қолдануға ықпал етеді
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты:


  • қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау;


  • оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнату;


  • оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу;


  • жалпы білім беру мекемесі жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу және енгізу.




Осы мақсаттардан барып келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:

  • оқу бағдарламасын меңгерудегі бар кемшіліктерді жоюға оқушыларды ынталандыру;


  • оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқушының жеке ілгерілеушілігін бақылау және дамуының өзіне тән траекториясын түзету;


  • оқу үдерісінің әрбір кезеңіндегі әрбір оқушының дайындық деңгейін анықтау;


  • әртүрлі атқарған қызметтері үшін алған бағаларының маңыздылығын саралау;


  • оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;


  • мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету;


  • ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға кедергісіз орта жасау және оқушыларды теңгерме құралдармен қамтамасыз ету;


  • бастау мүмкіндіктері әртүрлі балаларға бірыңғай білім беру ортасын құру;


  • мәселе бойынша нормативтік-құқықтық база әзірлеу;


  • іс-әрекеттің диагностика-консультациялық, емдеу-сақтандырушылық, әлеуметтік-еңбекшіл бағыттары арқылы инклюзивті сыныптарда балалардың дамуына психологиялық-педагогикалық бағыттау жүйесін ұйымдастыру;


  • ата-аналармен және қауыммен өзара әрекеттесу, балалардың қауымда табысты әлеуметтену моделін әзірлеу;


  • инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету;


  • сыни тұрғыда ойлау және өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамыту 27.




Шағын міндеттер:

Ата-аналармен жұмыста:


  • ата-аналардың педагогикалық және дефектологиялық білімдері мен түсініктері аясын кеңейту арқылы олардың тәрбиелеу біліктіліктерін қалыптастыруға ықпал ету;


  • ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесу тәсілдеріне, іс жүзінде бірлесіп әрекеттер ұйымдастыруға үйрету арқылы оларды белсенді қатысушылар ретінде білім беру үдерісіне тарту;


  • ата-аналарға көзқарастарын өзгертулеріне және оларды қатынастың оң тәсілдерімен қарулануларына көмектесу;


  • дамуының проблемалары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларының әлеуметтік кеңістігін кеңейту, ата-аналардың қоғамдастыққа бірігуіне жағдай жасау.




Педагогтармен жұмыста:
  • сыни тұрғыда бағалаудың, пәндік жоспарланған нәтижелерді психологиялық-педагогикалық сипаттаудың, бағалауды қалыптастыратын әдістер мен тәсілдердің негізгі теориялық ережелерін меңгеру;


  • диагностикалық аспапты әзірлеу және оны білім беру үдерісінде пайдалану тәсілдерін меңгеру;


  • инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау;


  • педагогикалық қызметтің ынтасын арттыруға ықпал ету;


  • проблема бойынша өз бетінше білім алуға және инновациялық іс-әрекеттерге педагогтарды ынталандыру




Оқушының дамуына бағаның әсері көп жақты, ол көп функцияға ие болуы мүмкін. Баға келесідей болуы мүмкін:

а) бағдар беруші – нақта жұмыс үдерісін ұғынуға және оның өз білімдерін түсінуіне көмектесетін оқушының ақыл-ойына әсер етеді;

б) ынталандырушы – оқушының нәтижелілік-жігерлілік санасына табыс немесе табыссыздықты бастан өткеру, әрекеттену мен ниеттену, қылық пен қатынасты қалыптастыру арқылы әсер етеді;

в) тәрбиелеуші, мұнда ақыл-ой қарқынын «жылдамдату немесе баяулату», сапалы өзгерістер, қоршаған әлемдегі өткен тәжірибедегі заттарды және жеке қондырғыларды түсінуге әсер ету құрылымында өзгеріс, яғни ойдың механизмінің қайта құрулары болады. Баға оқушының жеке басына тұтастай әсер етеді. Педагогикалық баға мектептегі сынып пен оқушы арасындағы қатынастар мен пікірлердің өзгерулеріне әсер етеді 
Бағалау жүйесін, әсіресе инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа қабілетті қылып, мына төмендегілерді орындай алатындай етіп жетілдіру қажет:


  • оқушы оқу материалын қаншалықты табысты игергенін немесе практикалық дағдыны қалыптастырғанын анықтауға мүмкіндік беру;


  • танымдық қызметінің әр саласында оқушының табыстары динамикасын көрсету;


  • мадақтаушы, дамытушы, оқушылардың өзін-өзі бағалауына ықпал ететін тетікті негізге алу;


  • «мұғалім – оқушы», «ата-ана – сынып жетекшісі», «әкімшілік – педагогикалық ұжым» байланысын көздеу.




Бұл оқу үдерісінің қалыптасуына жүйелі көзқарасты қалыптастырады, яғни оның тұтастығын білдіреді.

Инклюзивті оқытуда бақылау, тексеру және оқыту нәтижелерін бағалау – оқыту-тәрбиелеу үдерісінің ажырамас құраушысы болып табылады, оларсыз мұғалім мен оқушы арасында толыққанды өзара әрекет ету мүмкін емес. Бағалау – бұл қолданыстағы бағдарламалардың талаптарымен салыстырғанда пән мазмұнын меңгерудегі оқушының білім деңгейін анықтау үдерісі.

Бағалау келесі көрсеткіштермен сипатталуы керек:


  • адекваттылықпен, яғни орындалып жатқан әрекет (дидактикалық және оқу мәселелерін шешу) бойынша (оқушы, мұғалім) пайымдауларының өзін-өзі бағалау сәйкестігімен (сәйкессіздігі) анықталынады;


  • сенімділікпен, яғни бағалау тәсілі ретінде қолданылатын көрсеткіштермен байланысты.




Оқу жоспарының инвариантты бөлімінің пәндері бойынша бастауыш мектептің 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау – вербалды түрде, ал 2- сыныптан бастап бағалау баллдармен жүргізіледі.

Бағалау үдерісінде өз әрекетін бағалай алу маңызды болып табылады.

Жұмысты бағалау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:


  • жұмысты орындау;


  • бағалау критерийлерін жасау;


  • белгіленген критерийлер бойынша оқушының өз жұмысын бағалауы;


  • сол критерийлер бойынша мұғалімнің оқушы жұмысын бағалауы және тексеруі;


  • мұғалім бағасы мен оқушы бағасын салыстыру;


  • бағадағы келіспеушіліктерді анықтау.




Өзін-өзі бағалау тиімді болуы үшін оқушының мұғаліммен бағалануы қажет, жұмыс бөлігін өзі таңдай алуы керек. Ол бағалау критерийлерін өзі анықтай алады. Мұндай тәсіл бағалау әрекетінде оқушының жауапкершілігін қалыптастырады.

Ең алдымен, басқа балалардан ерекше, оқушының жеке бас жетістіктері бағаланады.

Оқушы бақылауға алынған тапсырманың күрделілігін, үй жұмысының көлемі мен күрделілігін өзі таңдай алу құқығына ие. Мұндай тәсіл кезінде талаптану деңгейі мен жетістікке жету деңгейінің ара қатынасы мұғалім жұмысының арнайы пәніне айналады. Сөйлеу тілінің бұзылыстары (моторлық алалия, дизартрия), психикалық дамуының тежелуі бар бастауыш мектеп оқушыларының талаптану деңгейі, соның ішіндегі жетістікке жетпеу реакциясы қалыптыға сәйкес болмайды. Жаттығуларды сәтті орындағаннан кейін оқушылар күрделі емес, қарапайым тапсырмаларды орындауға кіріседі. Балаларда қорғаныс реакциясы – төмендетілген деңгейде болса да жетістікті қолдауға ұмтылуы іске қосылады, яғни оларға талаптанудың төмендетілген деңгейі тән.

Оқушының өзін-өзі бағалауы біртіндеп дифференциалдануы керек. Басқаша айтқанда, оқудың алғашқы күндерінен-ақ бала әр қайсының өз бағалау критерийлері бар көптеген дағдалардың жиынтығы ретінде өз жұмысын көре алуға үйрену керек.

Мысалы, математика пәнінің тапсырмасы қателер саны, тазалығы, ынталылығы, күрделілігі бойынша бағаланады.

Жазбаша жұмысты (мысалы, үй жұмысы) бағалау кезінде орындалудың тек кемшіліктері мен қателіктерін ғана белгілемей, сондай-ақ сәтті орындалған барлық жерлерін белгілеп, ынталандыру жазбаларын жасау керек.

Мектептің инклюзияға дайындығы



Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бірбіріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ПМПК, ТДТ, ППТК, ППТК сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша 5 түрлі куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында 10 ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін атааналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалар оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу, біріктіріп оқыту, бос уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек көрсету арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып табылады. Сонымен қатар сауықтыру орталықтарында, түзету мектептерінде және бала-бақшаларда күрделі құрамалары және басқа да дамуындағы ауытқушылықтары бар, ерік-сезімдік өрісінде бұзылысы анық көрінетін балалар үшін эксперименттік топтар және сыныптар ашылған. Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға 12 мәжбүр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымын еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет. Қазіргі уақытта Республиканың жалпы білім беру мектептерінде 70 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылады, бұл арнайы білім беру мекемелерінде оқытылатын оқушылар санынан үш есе асады. Бұл естуінде, көруінде, зият, сөйлеу ауытқулықтары бар, психологиялық дамуы тежелген балалар. Республикамызда балалар білім алу үшін жағдай жасаудың басым бағытына қатысты келесідей бағыттар бар. Бірінші бағыт – балалардың дамуындағы кемшіліктерді тауып, жастық кезеңнен бастап түзету-педагогикалық жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Мектепке дейінгі уақтылы көрсетілген көмек жалпы білім алу ортасында оқуға баланың негізгі кемшіліктерін түзетуді қамтамасыз етеді. Республикадағы арнайы білім беру жүйесінің бастапқы буыны баланың оқу, әлеуметтік және медициналық қызметтерін алуға құқығын орнататын, психологиялық, медициналық және педагогикалық консультатиция болып табылады. Бүгінгі таңда елімізде 56 облыстық, қалалық және аудандық, соның ішінде бір республикалық ПМПК жұмыс істейді. Екінші бағыт – барлық деңгейдегі балаларға олардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, білім алу құқығын жүзеге асыру үшін вариациялық жағдайлар құру болып табылады. Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың маңызды кезеңі қазіргі кезеңдегі инклюзивті білім беруге жататын адамдардың санатын кеңейтілуі, оларды сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Әртүрлі санаттағы балаларды инклюзивті білім процесіне енгізу нормативті-құқықтық базаны жетілдіреді, білім беру мекемелерінде осы жұмыстарды жүйелеу талап етіледі және осы санаттағы балалардың білім беру қажеттіліктерін зерделейді. Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМБС және ПМПК (психологиялықмедициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет