Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»



бет1/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26


  1. Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз.

Стиль - латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы» деген мағына береді. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Лингвистикада «стиль» жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу деген мағынада қолданылып келді. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдерінің қолданылу принциптерін айтамыз. Ресми, іс-қағаздар стилікейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс-қағаздар стилі деп те аталады. Ресми, іс қағаздар тілінің ерекшелігі, факті дәл көрсетіліп, айрықша мән беріледі. Өйткені ресми құжаттар ерекше қарым-қатынас құралы болып табылады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Қазақ елін Алтын Орда хандығы, бертінде қазақ хандары билеген кездерде әртүрлі жарлық, шарт, қатынас қағаздар болды. Бірақ олардың тілі, құрылысы қазақ тілінің ерекшеліктеріне негізделмей, Орта Азия халықтарына ортақ әдеби тілге негізделген болатын. Ресми, іс қағаздарының түрлері қазір көбінесе орыс тілдеріне жазылады. Олардың ішінде жарлық, заң, жарғы т.б. мемлекеттік құжаттар орыс тілінен қазақшаға аударылып, басылым беттеріне жарық көріп келеді. Сондықтан қазақ тілінде қолданылып жүрген тұрмыстық қызмет көрсету, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, алғыс жариялау, сөгіс жариялау т.б. сөз орамдары іс қағаздар мен ресми құжаттарда дайын тілдік бірлік ретінде жұмсалып қағаз үлгілеріне кеңселік сипат береді.
Көптеген сөздер белгілі бір стильге телулі болып қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы, «тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді» сияқты сөздер мен сөз тіркестері ресми, іс қағаздар стиліне тән. Ресми, іс қағаздарында заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әртүрлі аталады. Мысалы, «адам» деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас деп айтылады. Іс қағаздар стиліне әртүрлі мекемеде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Бұл форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады. Жалпы іс қағаздарының қоғам өмірінде қолданылмайтын саласы жоқ. Адам дүниеге келген сәттен бастап бақилық болғанға дейінгі бүкіл өмірі құжатпен байланысты. Өз өмірінде іс қағаздарын жүргізумен бетпе-бет келмеген жан жоқ, сірә. Адам баласы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін қызметке тұру үшін өтініш жазудан бастап, ұрпағына арнап өсиет қалдырғанға дейін қаншама құжат толтырады, қаншама құжатқа қол қояды. Алайда мұның бәрін арнайы ретпен, белгіленген тәртіпке, жүйеге сәйкес жүргізбесе, бұл құжаттар көптеген келіспеушіліктер мен дау-жанжалдарға да себеп болады. Сондықтан да іс қағаздарын жүргізу негіздерін білу тек әр алуан мекемедегі қызметкерлерге ғана емес әрбір азамат адам үшін де өте маңызды. Кез-келген ғылым саласы секілді іс қағаздарын жүргізудің де өзіндік жүйесі, қалыптасқан ережесі, дайындалу тәртібі бар. Ал, мұның басқа нақты ғылым салаларынан ерекшелігі оның әмбебаптық сипатында. Нақтырақ айтқанда, іс қағаздарын жүргізудің бүкіл салаға тән ерекшелігіне байланысты екендігінде.Айталық, жаратылыстану ғылымдарының әрбіреуі белгілі бір мәселеге ғана арналып, сол салада ғана қолданылса, ал, іс қағаздары, құжат айналымы жүйесі бүкіл кәсіпорында қолданылады. Сондықтан қай саланың қызметкері болмасын, құжат айналымы жүйесінен айналып өте алмайды. Мектепте, жоғары оқу орындарында іс қағаздарын жүргізу негіздері тереңдеп үйретілмейтіндігі себепті көпшілік қауым қызмет барысында көптеген қиыншылықтарға ұшырасып жатады. Басты мақсат – көпшілікті іс қағаздарын жүргізу негіздерімен, құжат ресімдеу үлгілерімен таныстыру, қазақша іс қағаздарын жүргізу дағдыларын меңгерту, ұйымдардағы іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру жүйесі жөнінде жалпы түсінік беру. Іс қағаздарын жүргізуді тек басшылардың, хатшылардың, референттердің, іс қағазын жүргізушілердің ғана ісі деп қарау дұрыс емес. Мұны әрбір сауатты адам мүлтіксіз меңгергені лазым. Сонда ісіміз тиянақты, уақытымыз үнемді, шаруамыз берекелі болады. Өзімізге тиесілі құқықтарымыз да аяққа тапталмайды. Бұл пәннің жұртшылыққа ұсынылуы да заман сұранысына дөп келіп, ойлаған жерден шыға алған. Өйткені ұзақ жылдар бойы орыс тілінің үстемдік етуіне байланысты ана тіліміздегі ресмиіскерлік стилі өз деңгейінде нық беки қоймады. Қазіргі уақытта да ғылыми-техникалық тіліміз болсын, ресми іс қағаздары стилі болсын, орыс тілінің әсерімен қалыптасуда. Тіліміз орыс тілінің аудармасына, қазақша жансыз баламасына айналып бара жатыр. Қазақ тілі табиғи болмысынан, төл қасиетінен ажырап, жасанды, жұтаң тілге айналу қаупі төніп тұр. Бұдан былай осы бағытта ойласар, ортақ шешімге келер істер мол. Бұл ыңғайда іс қағаздарын жүргізудің заманауи жетістіктерімен бірге төл тарихымыздағы ресми-іскерлік тілді, түрік халықтары тілдерінің тәжірибелерін зерттеп, зерделеудің берері көп деп білемін. Тарих тереңіне бойламай-ақ, қазақтың соңғы он ғасырдағы өткен жолына көз тіксек, қаншама заттай айғаққа куә боламыз. Ісқағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады. Ісқағаздары үш топқа бөлінеді.
1-ші топ. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
2-ші топ. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар.
3-ші топ. Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет