2.Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсеткіштері қандай?
3.Ағымдағы берешек коэффициенті?
Сұрақтар
ГЛОССАРИЙ
Кәсіпекерлік қызметтің тиімділігін бағалау – ол кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын интегралды бағалауды білдіреді.
Кәсіпорынның қаржы- экономикалық жағдайын объективті бағалауға өндірістік – шаруашылық қызметке қатысушылырдың барлығы мұқтаж.
Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық және қаржы- экономикалық қызметін талдау
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін кешенді бағалаудың көрсеткіштерін біріктірүдің алуан түрлі әдістері бар. Көбінесе жиі пайдаланатын интегралды көрсеткіш арқылы сарапшылар маңызды сипаттамалар беретін және шешім нұсқаларының салыстырмалы маңыздық «индекстерін» анықтауға мүмкіндік беретін эвристикалық тұрғыдан құрылған «таразы», «салыстырмалы маңыздылық коэффициенттерін» сипаттайтын «салмақты» көрсеткіштер негізінде анықталады. Нәтижесінде, тиімділіктің өзгеруінің жалпы тенденциясын анықтауға мүмкіндік беретін рейтингтік бағаға қол жеткізеді
Рейтингтік бағалау әдісін бір топтың, мысалы қаржылық топтың көрсеткіштерін интегралды әдіспен есептей отырып, пайдалануға болады. Бірақ, тиімділікті кешенді бағалау кезінде көрсеткіштер жүйесін жоғалтып алуға болмайды. Мұндай әдістердің бірі Феликс-Риггс әдісінің негізінде ұсынылған балдық әдіс болып табылады. Оның мәні келесіде даму бағытын бақылау үшін кәсіпорын тиімділіктің алуан түрлі бағыттарын бақылауда ұстауы керек.
Әрбір көрсеткіш бойынша жоспарланатын жағдайға жақындау дәрежесі қандай да бір мақсатқа жету дәрежесі болып табылады. Қарастыралатын Мерзім сараптамалық бағалаулар көмегімен, жеке көрсеткіштерді анықтау жолымен жиынтық қорытынды индекске қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай көрсеткіштердің құрамы да нақты кәсіпорын жағдайларына байланысты сараптамалық түрде анықталады.
Қызмет нәтижесі әрқашан да мақсатпен байланысты болғандықтан, экономикалық объектінің ол үшін қолайлы жағдайға қол жеткізуге деген ұмтылысы оның мақсатты мінез-құлқын анықтайды. Мақсат, осылайша кәсіпкерлік қызметтің негіздерін қалыптастырады.
Тиімділік түсінігі қызметті жүзеге асырудың белгілі бір жағдайларында нәтижеге жетуді сипаттайды. Кәсіпкер жұмысы тиімділігінің төмен деңгейі, тек қана рационалды емес шешімдер және іс-әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар ұйымда мақсатты мәселелерге жеткілікті назар аударылмаған жағдайдағы, мақсаттың нақты анықталмауымен де түсіндірілуі мүмкін. Мұнда жүйенің кейбір мақсаттары сәйкес болмай, қарама-қайшы сипатқа ие болуы да мүмкін. Мақсатты сапалы түрде қойған жағдайда, қарама-қайшылық салдарынан бірақтар жағдайларда төмен деңгейдегі мақсаттарды біріктіретін, жоғары тәртіптегі мақсаттарды құрастыру жолымен жойылуы мүмкін.
Қазіргі маркетингтік концепцияға негізделетін кәсіпкерлікке әркашан да мақсаттардың көптігі тән. Ол ең алдымен, мақсатты үрдістің баламалығы бойынша танылады. Онда мақсаттардың көбісінің ішінен тиімділік қағидаларына сәйкес келетін тек біреуі ғана таңдалынады. Мақсаттардың көптігі оның көпэлементті танылуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет өз аясында үш тетікті байланыстырады: өндірістік, коммерциялық және қаржылық.
Әдетте, кәсіпкерлік құрылымыың қызметін бағалау кезінде кез келген шаруашылық субъект қызметінің басты мақсатынан
Кәсіпорынның ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуден шығатын критерийлер ескеріледі:
оның бәсекеге қабілеттілігі (Б)
пайдалылығы (П)
қаржылық тұрақтылығы (Қ)
Э=f(Б,П,Қ)
Мақсатты қою кезінде, қарама-қайшылықтар туындайтын болса, басқарудың нарықтық тұжырымдамасы ретінде маркетинг қағидаларын жүзеге асыра отырып, кәсіпкердің нарықтық позицияларының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын мақсаттарға басымдылық беру керек.
Мұндай тәсіл маркетингтік концепцияға сәйкес пайданы максималдауға деген ұмтылысқа қарама-қайшы болмайды. Бірақ, ұзақ мерзімді болашақта табысты қызмет ету үшін жағдайлар жасайды. Және де мұнда тиімділікті бағалау стратегиялық басымдылықтарды ескере отырып жүргізіледі. Негізінде кәсіпкерлік төмендегі көрсетілген жағдайларға бағытталған кезде тиімді бола алады: