------------------------------------------------- «Республикалы 45minut.kz» газеті – 5
қ
азан
қ
2015 ж | № 23-24 (143-144)
)8)
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кеніші
П.Корниенко атындағы жалпы білім беретін орта
мектеп қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Зейтова Анар Амантаевна
«Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні –
орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес «Филология» білім беру саласына
енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде
міндетті түрде оқытылатын пән. «Қазақ тілі» пәнінің
маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен
дәйектеледі.». Уақыт өткен сайын білім саласының
әлеуметтік рөлі нығайып келеді. Оның ішінде педагогтар
қауымына қойылар талап пен міндеттердің жүгі өте ауыр.
Себебі қазіргі қоғам өміріндегі сапалы өзгерістер, ғылым
мен техниканың қарқынды дамуы қазіргі заман педагогының
жан-жақты дамуын қажет етеді.
Сол себепті, бұл күнде өзін қазіргі заманауи педагог деп
санайтын әр педагог алдында болашақ ұрпақты ел
алдындағы жауапкершілігін сезінетін, кез-келген жағдайда
дұрыс шешім қабылдап, сол шешімді өмірде дұрыс қолдана
білетін, барлық сынақтан сүрінбей өтетін, жан-жақты
дамыған, коммуникативті тұлға қалыптастыру мақсаты тұр.
Ал, осындай жауапкершілікті толық сезіне білген қазіргі
заман педагогының ойына осындай жауапты сәттерде
Экзюперидің: «Балаларға дайын формула бермеңдер, олар
пайдасыз. Оларды өзара байланысты суреттер және
бейнелермен қамтамасыз етіңдер. Дайын мәліметтер
бергенше, өздігімен білім алу әдістер мен тәсілдерге
үйретіңдер. Жылдам меңгергендердің қабілеттеріне
алданбаңыздар, қиындықты бірте−бірте жеңген адам алысқа
барады. Дүниені танып–білуге ынтасы барлар – білімділіктің
ең басты белгісі»,-деген қанатты сөзі еске түседі.
Қазіргі заман педагогы бойында байқағыштық, алғырлық,
ұйымдастырушылық, өзін-өзі сынға алу, өзін-өзі басқару,
талап қоя білу, тапқырлық, жауапкершілік, сыншылдық,
психологиялық қырағылық, ойлаудың ерекше формасы, өзін-
өзі бағалаудың объективтілігі, эмоционалды-еріктік,
тұрақтылық, принципиалдық, әділдік, жаңаны сезіне білу, өз
күшіне сенімділігі, жақсылыққа сенуі, ойлаудың ынайылығы,
және ғылыми-зерттеу жұмысының негіздерін меңгерген, өз
бетімен ғылыми зерттеу жүргізуге және өз жұмыстарының
шығармашылық ізденісін жүргізуге қабілетті жаңа
заңдылықтарды ашуға, жаңа ғылыми идеяларды
қалыптастыруға, ғылыми тұжырымдама жасауға қабілетті,
сонымен қатар күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі
заманғы инновациялық оқыту технологияларын, компьтерлік
технологияларды меңгерген, ақпарттық құралдарды тиімді
қолдана білетін жан-жақты жетілген, бәсекеге қабілетті,
өзінің алдындағы шәкіртіне, айналадағы адамдарға үлгі,
қоғамға пайдалы тұлға болуы керек деп ойлаймын.
Өткен 2014 жылдың наурыз айында Қазақстан
Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың
деңгейлі бағдарламалары аясында 3 \базалық\ деңгей
бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсынан өту
барысында өзімнің жұмысыма жаңаша көзқараспен қарауға
тура келді. Бұл курстың негізгі бағдарламасы - әр мұғалім өз
пәнінен кәсіби шеберлігін шыңдау, оқушылардың өзіндік
ерекшеліктерін танып-білуге баса назар аудару керектігі,
жеті модульді жан-жақты оқып, практикада қалай тиімді
қолдануы туралы негізге алынған. Жиырма жылдан астам
тәжірибем болса да, мен өзіме көптеген білім, жан-жақты іс-
тәжірибеме қажетті әдіс-тәсілдер алдым.
Бұл оқытудың мақсаты – оқушының әр пәнді терең түсіну
қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез
келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету –
менің ойыммен сәйкес болды. Осы уақытқа дейін біраз
жетістіктерге жетіп, жинаған тәжірибеме қарамастан,
сертификат алып, биылғы оқу жылында жаңаша жұмыс
бастар алдында неден бастаймын деген сұрақ туындады.
Біріншіден, өзім өзгердім ғой. Екіншіден, сабақ жоспарын
құрастырған кезде тек қана өзімнің іс-әрекетімді ғана емес,
оқушының да жасайтын іс- әрекетін ескеру, оқу ептілігін
дамытуға назар аударуы қиындықтар туғызды. Жоспарлау
кезінде сабақтың түйінің табу қиындау болды, ал оны
тапқаннан кейін қалған бөліктері өздері шыға келеді.
Алдымен, білім беру ортасын құру керек, соның арқасында
оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үрдісіне
белсенді қатысатын болатындығына көзім жетті.
Сабақты проблемалық сұрақ арқылы немесе сурет, ұлы
адамдардың сөздерінен, презентациядан бастағанда –
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянады. Сол
суретті немесе цитаталарды көріп оқығанда, балаларда сұрақ
туындайды: неге мұғалім осыны көрсетті екен немесе оқыды
екен? Ендеше олардың танымдық қабілеттері дами
бастады.Үдеріс кезінде танысқан жеті модульді тиімді
қолдану үшін көп іздену керек болды. Сондықтан әр сабақты
жоспарлау алдында көптеген идеяларды салыстыру арқылы
ең қолайлысын таңдаймын, бұл жұмыс өте көп уақыт алады,
бірақ сабақ оқушылардың көңілінен шықса, өзің бірге
қуанасың.
Жүсіпбек Аймауытовтың: «Білімдендіруді жүзеге
асыратын – мұғалім» дегендей, жеке тұлғаны дарынды,
білімді де білікті етіп шығару - мұғалімнің педагогикалық
шеберлігі.
Өз тәжірибемде «Оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту» атты тақырып бойынша жұмыс
істегеніме 3 жыл болды. Осы жұмыстың нәтижесі бұрын да
қолданып жүрген жұмыс түрлеріне қоса курста алған сын
тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін сабақта
пайдалану арқылы өз жемісін бере бастаған сияқты.
Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына
сәйкес бірізді жүйелі түрде биылғы оқу жылынан бастап
қолданып келем. Сабақта пайдаланып жүрген әдістерім
мынадай: қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау
(шақыру), мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды
өлең, ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, кластер
құрау, сызба жасау, салыстырмалы кесте жасау, коллаж жасау,
«Ыстық орындық», «Бүгінгі күннің сөзі», «Бір минуттық
эссе», еркін жазу, формативтік (қалыптастырушы)
бағалаудың түрлері т.б.
Осы қолданып жүрген стратегиялар арқылы баланың
дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына,
шығармашылықпен ізденуіне жол саламын деп ойлаймын.
Жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде аз уақытта
болса да, сабақтарымда жаңа құрылым пайда болды.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде
менің сабағымда оқушылар арасында: бір-бірінің пікірін
тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі
қалана бастады; өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол
ашуға жағдай жасалуда; өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір
алмасуға тырысады; өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға үйреніп
келеді; мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға
қысылмайды; достарының ойын тыңдай отырып,
проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты
шешуге көмектесуді үйреніп келеді; белсенді
шығармашылықты ойлауға негіз қаланды, бір бірін, өзін
формативті бағалауды үйренді. Биылғы оқу жылында
оқушыларыммен облыстық семинар және мектептің
мұғалімдеріне мастер-класс мақсатында 4 ашық сабақ
өткіздім. Республикалық олимпиадаларға қатыстық.
Мектепішілік шараларға да белсене қатысамыз.
Жұмысымыздың нәтижесін әріптестерім жоғары бағамен
бағалады. Бұл жалғыз менің жетістігім емес,
оқушыларымның да жетістігі деп ойлаймын. Оқу жылының
барысында ағылшын, орыс тілі, география пәндерінің
мұғалімдерімен бірге конструктивистік идеяларды
басшылыққа ала отырып мастер–класс және аудандық
семинарлар өткіздік. «Көшбасшылықты дамыту бойынша
жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен
мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де
мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді» -
дегендей өз біліміммен бөлісе отырып, ұжымдағы
әріптестеріммен бірге табыстарға жетуді көздейміз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші, қазіргі
заман педагогы еліміздің әлемдегі білім кеңістігінен өз
орнын табуы үшін, заман ағысына сай біліммен қаруланған,
ой-өрісі жоғары, зерделі, уақыт талабын жүзеге асыратын,
жас ұрпақ бойына саналы тәрбие мен сапалы білімнің нақты
іргетасын қалайтын, осы қиын да, қызықты еңбегін үлкен
жауапкершілікпен атқарып, тәрбиелеп отырған жас ұрпақ
сенімінен шыға білетін тұлға болуы тиіс. Мен де осы
қойылған талаптарға сай болу үшін «Ұстаз- ұлық емес, ұлы
қызмет»,− деп Бауыржан Момышұлының сөзін негізге ала
отырып еңбегімді жалғастыру мақсатын қойып отырмын.
----------------------------------------------------------------------------
ҚЫСҚЫ ОЙЫН
Атырау облысы Атырау қаласы
М.Әуезов атындағы №7 орта
мектептің 2 «Б» сынып оқушысы
Мырзабекова Амина
Пұлымбетқызы
Сынып жетекшісі: Зулхажжина
Марина Махадиқызы
Міне, күздің соңғы айы бітуге де таяп
қалды. Ызғарын төгіп қыс айы да келіп
қалды. Суық, ызғарлы болғанымен қыс мезгілі өзінше
ерекше. Дала аппақ қарға оранады. Сол ақ қардың үстінде
беттері қып-қызыл болып, қар лақтырысып ойнап жүрген
балаларды көреміз. Қар лақтырудан басқа қыста ойын
түрлері өте көп. Мысалы, шанамен, шаңғымен сырғанау,
коньки тебу, аққала соғу, шайбалы хоккей сияқты тағы басқа
ойын түрлері бар. Олардың кез-келгені денсаулыққа
пайдалы. Қыста жай ғана он минуттық жаяу серуенннің өзі
де өте пайдалы.
----------------------------------------------------------------------------
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ
Атырау облысы Атырау қаласы М.
Әуезов атындағы №7 орта мектептің
2 «Ә» сынып оқушысы Джангалиев
Бекзат Саматұлы
Сынып жетекшісі: Зейнова
Гүлжамал Жәңгірқызы
Менің ұстазым, Гүлжамал
Жәңгірқызы – білімді, еңбекқор, бала
жанын түсіне алатын өте мейрімді жан. Ұстазым бойындағы
бар білімін, асыл қасиеттерін, шәкірттеріне арнай біледі.
Ұстазым әрбір сабағын үнемі қызықты өткізеді. Сол себепті
біз ұстазымыздың әр сабағын асыға күтіп отырамыз.
Бәрімізді өз баласындай қамқорлайды. Өз шәкірттерін кез-
келген жұмыста нәтижеге жетуге ынталандырып отырады.
Біздің сынып түрлі деңгейдегі сайыстар мен олимпиадаларға,
ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп,
жоғары белестерден көрініп жүр. Осының бәрі сүйікті
ұстазымыздың ерен еңбегі. Мен де өз ұастазым секілді жан-
жақты білімді,еңбекқор, мейірбан ұстаз болғым келеді. Мен
ұстазымды мақтан тұтамын.
--------------------------------------------------------------------------
«ӨЗ ӨМІРІҢДІ КӨРКЕМДЕ!» ІС-ШАРАСЫ
16 қарашада Астана
қаласы Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық
университетінде
студенттер арасында
есірткіге қарсы акция
өткізілді, оның мақсаты –
синтетикалық
есірткілердің жаңа түрлерінен (шегетін қоспа, спайстар,
тұздар және т.б.) келетін қауіпке, жастарды оны шегуден
сақтандыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану
принципін қалыптастыруға назар аудару болып табылатын
нашақорлыққа қарсы іс-шара өткізілді. ІІМ ұйымдастырған
акцияға университеттің мыңнан астам студенті қатысты. Іс-
шараның ашылуы кезінде ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес
департаментінің бастығы әділет генерал-майоры Сұлтан
Құсетов синтетикалық есірткілердің қаупі, адам ағзасы үшін
теріс салдары және есірткі ортасына тартудан қашу
мүмкіндігі туралы жастарды уақтылы ақпарат алу
маңыздылығын атап өтті. Акцияға екі дүркін олимпияда
чемпионы, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы,
спорт шебері Илья Ильин қатысты, ол жастарды салауатты
өмір салтын ұстануға шақырды және студенттерге өз лебізін
білдірді. Одан әрі эстафетаны Қазақ спортшысы, көркем
гимнастиканың спорт шебері Анна Алябьева қолдады. Ол
өзінің спортта жеткен жетістіктерімен бөлісті және жастарға
өз алға қойған мақсаттарына жетуге тілек білдірді.
Денсаулық сақтау өкілдері синтетикалық есірткілердің
залдалы олардың адам ағзасына әсері туралы бейнеролик
көрсете отырып шегу қоспаларын тұтынғаннан кейінгі
психикалық ауытқулар туралы ақпарат берді. Мемлекеттің
қабылдап отырған шараларының нәтижесінде соңғы бес
жылда елімізде есірткі тұтынушылардың жалпы саны 31,3%
(49 795-тен 34 221 адам), оның ішінде әйелдер – 36,2% (4
087-ден 2 607-ге), кәмелетке толмағандар – 77,3% (2 939-дан
668-ге) төмендеді.
Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз-қызметі
-----------------------------------------------------------------------
«ҚАЗІРГІ ЗАМАН ҚАҺАРМАНДАРЫ»
СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСІП, АҒАЛЫҚ
АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕРІН БІЛДІРДІ
Ағымдағы жылдың 18
қарашасында қызметтік
міндеттерін өтеу
барысында жанқиярлық
танытып, бейбіт уақытта
ерлік жасаған «Қазіргі
заман қаһармандары»
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік
универститетінің
студенттерімен кездесті.
Онда өңірлерден жиналған 15 тәртіп сақшылары бастарынан
өткен оқиғаларын, адамдарды құтқару барысында танытқан
ерліктерін бейнероликтер арқылы баяндап, жастар назарына
ұсынды. Жиналған студенттердің сұрақтарына жауап беріп,
ағалық ақыл-кеңестерін айтып, патриоттылыққа, өз елін,
жерін құрметтеуге шақырды. «Ел Президенті «Қазақстан-
2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында біздің аға
буын өкілдеріне қарап, сіздердің ақыл-кеңестеріңіз өскелең
буын өкілдерін дұрыс жолға, Отанды сүюге бағыттауы тиіс,
деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысының бізге деген
көзқарасын жоғары бағалаймыз, жастарға сөзімізбен,
ісімізбен көмек көрсетуге әзірміз», - деп бүгінгі жиынның
жастар үшін аз да болса әсері тиеріне сенім білдірді. Кездесу
соңында жиналғандар суретке түсіп, жоғары оқу орнының
ұжымына ерліктің, қаһармандықтың символы болар естелік
сыйлықтарын сыйға тартты.
Кездесу жиыны концерттік бағдарламамен
қорытындыланып, Алматы қалалық ішкі істер
департаментінің ән-би ансаблі өздерінің әзірлеген концерттік
бағдарламаларын көрсетіп, жастарға мәдени-танымдық кеш
сыйлады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
---1 --
23 араша
қ
2015 ж | № 27-28 (147-148)
------------------------------------------------- «Республикалы 45minut.kz» газеті –
қ
23 араша
қ
2015 ж | № 27-28(147-148)
)8)
Атырау облысы.Атырау қаласы.
Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп жоғары санатты биология
пәнінің мұғалімі Ибатова Маньчук Кашаповна
Мамандығы: Биология пәнінің мұғалімі.
Пед өтілі: 25 жыл
Санаты: Жоғары.
Та ырыбы:
қ
О ыту мен о уда жа а діс т сілдер модульін
қ
қ
ң ә
ә
пайдалану ар ылы о ушыны о у а деген ызы ушылы ын ж не
қ
қ
ң қ ғ
қ
ғ
ғ
ә
білім-біліктілігін арттыру.
Ма саты:
қ
П н м алімдеріні о ыту дістерін жетілдіру ар ылы
ә
ұғ
ң қ
ә
қ
о ушыларды п нге ызы ушылы ын арттыру .
қ
ң ә
қ
ғ
ғ
«Е здік саба » бай ауы
ң ү
қ
қ
Жаратылыстану – матаматика бағыты.
Биология. Тірек-қимыл жүйесі. 6- сағат (3-сабақ)
8- сынып.
Сабақтын тақырыбы: Адамның тірек- қимыл жүйесі. Қанқа бөлімдері.
Бекітемін:
Ә.Жангелдин орта мектебінің
Оқу ісінің меңгерушісі: ___ Малаева Г.С «____ » 2014 о/ж
Сыныбы:
8- сынып.Биология. Тірек-
қимыл жүйесі. 6- сағат (3-
сабақ)
Сабақтың
тақырыбы:
Адамның тірек- қимыл
жүйесі .Қанқа бөлімдері.
Сілтеме:
Биологиялық
энцеклопедиясы.Википедия
сайттары.Биология
8сыныпоқулығы
Қ.Қайым,Р.Сәтімбеков,Ә.Әметов,
Ж.Қожантаев,
Алматы «Атамұра»
2014ж .«Биология
анықтамалығы»№4,5, 2013ж
Сабақтың
мақсаты:
Адам қаңқасы, олардың
құрылысы ерекшеліктері, сүйек
типтері, олардың байланысуы,
тірек-қимыл жүйесінің
бөлімдері, олардың қызметтері
туралы мәлімет беру;
Оқушылардың ой-өрісін,
ойлау, шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды салауатты өмір
салтына тәрбиелеу;
Негізгі
идеялар:
Оқушылардың өз бетімен
жұмыс жасау
арқылы теориялық ойлауын,
білімін кеңейтуге ықпал жасау.
Мұғалімдер
үшін оқыту
нәтижесі:
Мұғалімдер өз біліктіліктерін
арттырады.
Мұғалім мен оқушы
арасында қолайлы орта
қалыптасады.
Оқушы үні тыңдалады.
Оқу
нәтижесі:
Оқушылардың ой-өрісін,
ойлау, шығармашылық
қабілеттерін дамыту,
адам өміріндегі маңызы
туралы толық меңгере алды.
Топтық жұмыс арқылы ұжымдық
жұмысқа, ұйымшылдыққа,сыни
ойлауға ұйренді.Өзіндік
идеяларын, ойларын ашық
айты.АКТ-ны қолдана алады;
Деңгейлі тапсырманы
орындауда өзара бірлескен
әрекет қалыптасады;
Күтілетін
Нәтижесі:
Оқытудағы Кембридж
тәсілінің теориялық
негізідерімен танысады,
Оқытудағы жаңа әдіс-
тәсілдерді тиімді пайдалана
отырып және сынып
тәжірибесінде қолдану
арқылы,оқушының тұлғалық
бағытын белсенділікке бағыттай
алады,өсу динамикасын кез-
келген кезеңде анықтай
алады,пән бойынша бағалау
критерийлерін жасайды, өз
идеяларын қорғайды.
Сабақтың
түрі:
Жаңа материалды меңгерту.
Блум таксономиясы бойынша.
Әдіс-
тәсілдер:
Оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету, оқыту үшін бағалау және
оқуды бағалау, оқытуда
ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды пайдалану,
қабілетті оқушыларды анықтау
Ресурстар:
Оқулық, интерактивтік тақта,
слайдтар, маркерлер,электронды
оқулық,қаңқа сүйектер, суреттер.
Сабақ
кезеңдері:
Мұғалімнің іс – әрекеті;
Тапсырма
мазмұны
Оқушының
іс – әрекеті
Ұйымдасты
Мұғалімнің алғашқы 1 мин
Сыныптын
Оқушылар
ру
1-мин
ұйымдастыру сәтіне кетеді.
назарын сабаққа
аудару.
амандасады,кезе
кші оқушы
жауап береді,
Мотивация
2 мин
Сыныптың психологиялық
ахуалын тексеру.Американдық
психолог Джоари ұстанымы
бойынша
8 дөңгелек салу.
1-3 оқушы өзіне
сенімді,білетінің дәлелдей
алады.
4-6 орташа көңіл күйде отыр.
7-8 әлі де білмейтін жерім
бар,деп қысылып отырғандар.
2. Дәптерді төртке бөліп
сызады.
Арена- өте жақсы біледі.
Ашық – хабарым бар,сұраса
айта алам.
Қаранғы – өзі аз
біледі,өзгелерде мен сияқты аз
білсе екен.
Жабық – Білмеймін, менең
сұрамаса екен.
Оқушылар
дәптерлеріне
берілген
тапсырмаларды
орындайды.8
дөңгелек
сызады.
Белсенді,
салыстырады,
орындайды, оқу,
жаттау.
Ұжымдасып өз
ойларын
айтады.
Мақсат қоюға
үйренеді,бірігі
жұмыс
жасайды.Бір-
бірімен тіл
табысады
келісімге келуді
үйренеді.
Қортынды
жасай алады.
1.Білу
Топқа бөлу
2-мин
«Ой қозғау»
3 мин
1. Топқа бөліну.
«Ой қозғау» Білу (өткен
материалға шолу)
Конфеттер
арқылы топқа
бөлінді.
1.Жас
ұлғайған кезде
дененің кейбір
бөліктерінің
қол, аяқ басы,
төменгі жақ
сүйек,мұрын,ие
ктердің өсуіне
байланысты
акромегалия
ауруына
ұшырайды.Себе
ін түсіндір?
2.Бойы 2м
20см жас жігіт.
Ол әскерге
барғанда бойы
кішкентай
болған екен,
әскерде
жүргенде бірден
өсіп
кеткен.Келгенде
тіпті туған-
туыстары
таңғалды.Бұл
жігіттің
бойының бірден
өсуіне не себеп
болған?