Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту



бет1/3
Дата11.10.2022
өлшемі59,82 Kb.
#42451
  1   2   3

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Тәуелсіз мемлекетіміздің саяси – экономикалық, әлеуметтік даму жағдайының ерекшеліктеріне қарай бұл күнде халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамдарда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады.


Қоғамның әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық т.б. үрдістері жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан, мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістер арқылы мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылықпен ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім ала алу дағдыларының дамуына негіз салу. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу – ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында екені айқын.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі – бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы.
Мен өз жұмысымда негізге қойған міндетім – оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы ой - өрісін дамыту.
Балалар психологиясында әрбір жас кездерінде психикалық даму ерекше орын алады. Жас ерекшеліктеріне орай таным әрекеттерін біршама жедел дамуының негізгі жолдарын ашу, олармен оқу тәлім-тәрбиелік жұмыс жүргізудің көкейтесті мәселесі. Бала психикасының дамуындағы нәтижелі кезеңді ескере отырып, жеке даралық өзгешеліктерін жан-жақты дамуына түрткі – оқу іс- әрекетін тиімді ұйымдастыру. Бала психикасының дамуына оқытудың әсері ерекше екенін Ж. Пиаже, Д. Б. Эльконин, А. В. Запожежец, М.И.Лисина, А.А.Венгер, В. Давыдов, Н.Н.Поддьяков, А.А.Люблинская, Л.И.Божович, Ж. Аймауытов, М. М.Мұқанов еңбектерінен көруге болады. Ж. Аймауытов өзінің педагогикалық еңбектерінде «білімдендіру көбінесе, екі мақсұт көздейді – білім көбейту, яғни затты мақсұт, ақыл күшейту, яғни қалыпты мақсұт» - деп көрсетеді. Мұндағы көзқарас – оқу баланың білімін көбейтеді, ақылын күшейтеді, тәжірибесін молайтады.
Р. С. Немов бастауыш мектеп оқушыларының оқу материалдарын меңгеру мүмкіншіліктері мен ақыл – ой қабілеті өте жоғарылылығы оқытуды дұрыс ұйымдастырған жағдайда кәдімгі мектепте беретін әдеттегі білімнен әлдеқайда жоғары нәрселерді қабылдап, меңгере алатындығын, сондай-ақ бастауыш мектеп кезеңінде оқыту баланың барлық психикалық үрдістерінің едәуір жаңа өзгеріс – жетісітікке жететінідігін түсіндіреді. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жедел жүруіне бірден-бір себеп-оқу үрдісі екенін жоғарыда атап өттік. Мектептегі оқыту-жас бүлдіршіндерді өз елінің ұлы азаматы, жан-жақты білімді, жеке адам етіп тәрбиелеуді көздейді. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында көрсетілгендей бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этникалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, оның психологиялық ерекшеліктері дәл ескеріліп отырылуы қажет.
Балдырған мектеп қабырғасын атттасымен-ақ оқу үрдісінде балалардың бұрын қалыптасқан барлық таным-әрекеттері, санасы қайта жаңа өзгерістерге ұшырайды.
Шығармашылық қабілеттілік мәселесі психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан-ақ келе жатқан құпиялық қасиет болып табылады. Құпияның сырын ашу кілтін психология, педагогика ғылым салаларындағы ғалымдар түрліше түсіндіріп ашады.
Шығармашылық қабілеттілік – бала өз бетінше жаңа, бір бейне құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Соңғы жылдары шығармашылық психологиясы туралы С.Л. Рубинштейн, Б.М.Кедров, А.В. Брушлинский, Я.А.Пономарев, О.К. Тихомиров, ал жалпыжәне арнайы қабілеттіліктер туралы Б.М.Теплов, Н.С.Лейтес, А.Крутецкий, Е. И. Игнатьев, К.В. Тарасов қабілеттілік және даралық өзгешеліктердің психологиясы мен психофизиологиясы туралы Б.М.Теплов, В.Д. Небылицин, Э.А. Голубова, В.М. Русаловтың еңбектері қабілеттілік мәселелері бойынша жүргізген зерттеу жұмыстарының негізін қалады.
Оқыту үрдісінде балалардың шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасау жеке адамды даярлауда – кіші мектеп кезіндегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың алатын орны ерекше екендігі даусыз. Сондықтан бала бойындағы шығармашылық қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау керектігі жайында ғұлама психолог-педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте кезден-ақ баяндалып жүр.
Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, ендігі кезекте бастауыш мектеп кезеңінде ұлттық ойлаймын.ерекшеліктерді, бастауыш мектептің оқу бағдарламасына енгізіліп отырған жыл сайынғы өзгерістерді, баланың тұрғылықты мекен-жайының өзгешіліктерін, баланың жеке даралық психологиялық қасиеттерін ескере отырып, оқу үрдісінде нақты пәндер бойынша белгілі бір саладағы шығармашылық қабілеттілікті дамытуға тиімді әдістемелік жолды теориялық және практикалық тұрғыда ашып беру керек деп ойлаймын.
Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жануралар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш мектептің алар орны ерекше. Баланың шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден– ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренко- ның шығармалырында шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Психологтар мен ғалымдар Л. С. Выгодский. В. В. Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М. Мұханов, Ж. М. Әбдилдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практиканың алтын қоры деп білеміз.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе төмендегідей қорытындыға келуге болады. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән «Шығармашылық» сөзінің төркіні – шығару, ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «Шығармашылық – қайталанбас тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндіріледі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері кез-келген баланы шығармашылық деңгейге көтеруге болатындығын айтуда. Ал, бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы - тек өзіне жаңалық болып табылатын, субъективтік жаңалық.
Шығармашылық тұрғыдан дамыған тұлға моделі:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бастамасын дамыту үшін ең негізгі басшылыққа алынатын нысаны дамыта оқыту жүйесі. Дамыта оқыту баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, тұлғалыққа бағытттау. Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталды. Дамыта оқыту жүйесінің талаптарына сәйкес №181 инновациялық орта мектеп ұжымы балалар шығармашылық бастамасын дамыту мақсатында 4 кезеңде жұмыс жасады. Сөйтіп, оқытудың мақстаын, міндеттерін, әдіс-тәсілдерін баланың даму заңдылықтарына сәйкестендіріп оқыту, ойлауын дамыту, шығармашылық тұлға қалыптастыру алға қойылды.
І-кезең: Тақырыпқа сәйкес теориялық білімді жинақтау, шағын шығармашылық топтар құру, дамыта оқыту әдістемесін меңгеру, ұжымды жұмылдыру, жұмысты ұйымдастыру көзделді.
ІІ-кезең: Жинақталған білім практикада жүзеге асырылды.
ІІІ-кезең: Атқарылған жұмыстардың жетістігі мен кемшіліктерін сұрыптау, кемшіліктерді жою кезеңі. Мұнда шығармашылық есептер жасау, педагогикалық оқулар өткізу, бақылау түрлерін енгізу, сыртқы байланыстарды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізілді.
ІҮ-кезеңде жүргізілген жұмыстар жүйеленіп, қорытылып, нәтижесі шығарылды.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп олардан интеллектуалды орта құру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек дарындыларды іздеп, тауып, олардың шығармашылық қызметіне көмектесу қолдан келерлік іс.
Шығармашылықта практикалық тексерістен өтіп, қолдау тапқан мынадай пікірлерді негіз еттік:
- шығармашылық қабілеттің ұрығы барлық адамда, кез-келген түбі түзу сәбиде болады. Айырмашылық тек қана жетісу деңгейінде және қоғамдық пайдалылығында болады: -шығармашылық қабілетті балалық кезден бастап дамыту қажет:
- шығармашылық қабілетті дамытудың негізгі жолы – балалар мен оқушы жастарды, еңбек етудің олар үшін оқу, үйрену және тәрбие алу екендігін және осылардың бәрі де шығармашылық бағытта болу керек екендігін ескере отырып, шығармашылық қызметке тарту болып табылады.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру жеке дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі.
Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканың, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілген сабақтың оқу материалын терең ұғына білуге баулу – мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілген сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің әрбір өтілген сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс.
Осы талаптардың орынды атқарылуына ғана оқушы да шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері дами түседі.
Пән мұғалімдері бұл айтылған талаптарды іске асыра алуы үшін оның ізденімпаз болуы шарт. Демек, мұғалім мен оқушының арасындағы оқыту үрдісінің әрекеттері арқылы оқушыда қабілет дами түседі.
Бұндай кезеңдерде өтілетін жаңа сабақтың негізгі үш мақсаты (білімдік, тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана іске асырылып отырады. Осы жағдайда мұғалім оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырумен бірге, сабаққа қызығушылығын арттыра білуі керек. Мұғалім өзінің сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтарды оқушыларды шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтар қамтылуы тиіс. Мұғалім өтілген сабақтың тақырыбына сәйкес алдын-ала жоспарланған сұрақтармен оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек. Олай болса, өтілетін сабақтарда тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда, қойылған сұрақтарға жауабын беруде «Ой-таласын» жасау – танымдық ойындар ұйымдастыру т.б. ұтымды оқытудың жаңа технология түрлерімен іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетінің белгілі.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілеті арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Ол үшін ұстаз бойында мына төмендегідей қасиеттері болуы керек:

  • мұғалім өз шәкіртінің басқаға ұқсайтын қасиеттерін аша білу;

  • мұғалім ой-өрісі кең, жан-жақты білімдер, өз мамандығының шебері болуы керек;

  • мұғалім үсдіксіз өз білімін өз бетінше шыңдай түсуі қажет. Ал ұстаз шәкірттеріне мына төмендегідей қасиеттерді күте білуі керек.

  • Оқушы ой-жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;

  • Оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болғаны жөн;

  • Оқушы білімі , талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;

  • Оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны тиімді.

Қортыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсуі анық.

Шығармашылық тұлға – бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлеріне прогресивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділік тән-тұлға. Бүгінгі психология, қызығушылық туыла біткен сапа емес, ол тұлғаның қалыптастырунәтижесі болып саналып, қоршаған ортамен, әсіресе, тәрбие және оқыту процесімен айқындалады деп есептейді. «Адамның әрбір даму сатысындағы психологиялық функциялары жүйесіз, автоматты, кездейсоқ түрде емес, ол тұлға бойындағы белгілі бір қызығушылықтарға, белгілі бір бағытқа бағыттап, белгілі бір жүйе арқылы әсер етеді», - деп жазды Л. С. Выготский.


Төменгі класс оқушыларының шығармашылыққа талпынысы, оның танымдық мотивациясын қалыптастырушы ретінде, шығармашылық процестің «оталдырғыш» механизмі болып саналады. Балалар шығармашылықты танып-білуге құштарлығы ынта-ықыласпен іс-әрекет барысында көрінеді. Ол іс-әрекеттің шығармашылық стилін айқындап, баланы жасаушы, жалғастырушы позициясына қояды.
Шығармашылық – бұл ішкі дүниедегі толассыз өзгерісті және ондағы пайда болған жаңа мазмұнды үнемі түйсіну. Бұл жерде ақпараттың келіп түсуіне деген сұранымға адам сыртқы дүниеден түсетін ақпаратты ғана қажет етпейді, сондай-ақ ішкі дүниеден жаңаны шығаруы жатады.Шығармашылықпен айналысатын адам шығармашылықпен айналыспайтын адамнан өзінің ішкі дүниесіндегі жаңалыққа қызығушылығы – ішкі дүниесіндегі бейнелер, ойлармен ерекшеленеді. Оның үстіне оған осы ішкі дүниесіндегі тағы да қандай нәрсеге лайық екендігін білу қызық болып көрінеді. Сондықтан да нағыз шығармашылық адамның мүмкіндіктерін байқап көруі болып саналады.
Шығармашылыққа деген қызығушылықтарды қалыптастыру үшін, олардың үш типологиялық айырмашылықтарын білу қажет. Қызығушылықтың дамуы үш сатыдан тұрады. Олар: әуестік, құмарлық және таза қызығушылық. Әуестік - әдеттен тыс, таңқаларлық, күлкілі нәрселерге бала бойында уақытша байқалатын сырттай қызығушылық. Құмарлық - қызығушылықтың күрделі сатысы. Мұнда нысанамен (объектімен) тереңірек танысуға, бірқатар сұрақтарға жауап іздестіруге ынта-ықылас пайда болады. Құмарлық жеке тұлға бойына тұрақты бір қасиет болып орныққаннан кейін, әр түрлі салаларда көрініп, танымдық белсенділікті арттыруы мүмкін. Нағыз қызығушылық – бұл іс-әрекеттің бір немесе бірнеше бағытындағы тұлғаның танымға деген тұрақты ұмтылысы.
Төменгі класс оқушыларының шығармашылыққа қызығушылығын тәрбиелеу және қалыптастыру үшін, қызғылықты жаңалықты санқилылық мазмұндағы іс-әрекеттің, мазмұны жас ерекшелігіне сәкестілігімен сипатталатын іс-әрекет ыңғайлы негіз болып табылады. Шығармашылыққа қызығушылықты туындататын негіздің бірі – ол балалардың проблемалық сипаттағы дербес шығармашылық әрекеті, мұндай іс-әрекет тапсырманы жеке даралайтын шығармашылық міндеттерді шешудің тиімді әдістерін, жаңа құралдарын қарастыруды ұйымдастыру, табысқа жету мен жеңіп шығу жағдайын қалыптастыруды, қол жеткен жетістіктердің барабарлық (адекваттық) бағасын беру, іс-әрекеттің әр түрлі формаларын қолдануды ойластырады.
Шығармашылыққа деген қызығушылықты қалыптастыруға қажетті жағдайларға балалардың өзара және тәрбиешілермен арадағы қарым-қатынасты ұйымдастыру деңгейі, іс-әрекеттегі (интеллектуалдық-шығармашылық көңіл-күй, қарым-қатынастағы байсалды, тілектестік сарын, қиыншылық пен табысқа ортақтастық, өзара көтермелеу, педагогтың бала шығармашылығына деген сенімі және оны ынталандыру) жоғары эмоциональды толысуымен ерекшеленетін қатынас, педагогтың өзінің шығармашылық көңіл-күйіне, сондай-ақ жарыстық тыныс пен мадақтаудың барабарлығымен ерекшелінеді.
Сонымен оқушылар қызығушылығының қалыптасу теориясы мен практикасына қатысты мәселелерге жасалынған талдама негізінде, біз шығармашылыққа деген қызығушылықтың пайда болуы, орнығуы және дамуына қозғау салатын қайнар көзіне: шығармашылық іс-әрекеттің мазмұны: дербес не болмаса топтық шығармашылық әрекет: балалар шығармашылығын ұйымдастыру мен өту сипаты; шығармашылық процеске қатысушылар арасындағы қалыптасатын қарым-қатынас жатады деген қорытындыға келдік.
Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы.
Жалпы білім беру үрдісінде:

  • жаңа педагогикалық технологияларды ендіре отырып, оқыту үрдісінде демократияландыру және ізгілендіру, субъект қатынасын қалыптастыру, сабақтағы оқушының шығармашылық ролін аттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту.

Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:

  • мәселені қарастыруда қырағылық, көрегенділікті;

  • ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығын;

  • әрекетті бағалай білуді қарастырады;

Адам әрекеті:

  • шығармашылықтардағы қарама-қайшылықтардың болуы;

  • әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;

  • шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайлардың болуы;

  • шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

  • нәтиженің жаңалығы;

Бұдан шығармашылық – қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердіңболуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар, соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті деген тұжырым жасалады.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің ісінен сабақ алуға, саналылыққа, танымдылық, әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой пікірлері қалыптасып, сыныптағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді: ортақ іске өз үлесін қосады, жолдасының жауабына пікір айтып, бағалауға үйренеді; оқушының өзіндік жұмысы талқыланады: шығарма, реферат, баяндама, бақылау жұмысы, т.б; сайыстар ұйымдастырылып, оқушылардың жарысу серпінін туғызады; ортақ мақсаттарының болуы есебінен ұжымдық шешім шығады, болжамдар жасайды, эксперименттер жүргізіледі.
Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қабілет қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын, ұжымдық, шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Сонымен қатар, шығармашылыққа үйрету интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр аудиторияда әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Оның басты шарты – аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады. Оқушыға таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу, білім беруде оңды нәтиже бермейді.
Оқушылардың шығармашылық дербестігін, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми – шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың таңдауы, қалауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен іздемпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.
Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады.

  • шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;

  • шығармашылық тапсырмалар түрлі деңгейде болуы;

  • кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;

  • білім мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;

  • тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге қарай өзгеруі;

  • оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек.

Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, іздемпаздылықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру орта мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.
Шығармашылық – оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі. Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.
Шығармашылық дербестік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.
Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың көлемі мен мазмұнына үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келдік.

  • қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып-білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;

  • оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;

  • білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;

  • оқушының танымдық ойлау белсенділігінің дамуы;

  • жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қасиеттерінің дамуы;

  • жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңейуі;

  • тұрақты ізденімпаздық, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді;

Шығармашылық дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл ұғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық процестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоциялық бағыттаушы (зейін, ерік) байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді. Ғалымдардың бұл мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге байланысты шығармашылық дербестік ұғымына өз анықтамамызды береміз.
Біздің пайымдауымызшы, шығармашылық дербестік – жеке тұлғаның танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық іздемпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілет.
Шығармашылық дербестік жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын белсендіретін қызықты интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс табады. Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.
Мектептерде шығармашылық сабақтарды жиі өткізу оң нәтижеге бастайтыны тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Мұғалімнің кез-келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.
А.Хуторской, В.Сластенин еңбектеріне талдау жасай келе, біз оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпал ететін шығармашылық сабақ түрлерін төмендегіше бөліп қарастырамыз:
1) Танымдық; 2) эвристикалық; 3) әдіснамалық; 4) коммуникативтік.
Енді жоғары сынып оқушыларының шығармашылық дербестігін ескере отырып, жоспарын құру ерекшеліктері мен кезеңдеріне тоқтала кетелік.
1. Шығармашылық сабақ жоспары – мұғалімнің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау тақырыпты (бөлім, тарау) жоспарлаудан басталады. Мұғалім өзара байланысты бірнеше сабақты: мақсаты, тақырыбы, іс-әрекет түрі, мүмкін болар нәтижелерін ойластырады. Пән бойынша жалпы бағдарлама негізінде және оқылып отырған тарау бойынша оқушының мүмкін болатын жетістіктерін болжап, негізгі білімдік нәтижелерді белгілейді.
2. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін ескеру. Мұғалім сабақ өтетін сынып оқушылардың ерекшеліктерін еске түсіреді. Өткен сабақтың жетістік жақтарын ескереді. Оқушының тақырып пен мәселеге байланысты көзқарасын ойша елестетіп, жоспарлап отырған сабақтың мазмұны мен құралдарын реттейді.
3. Тақырып мәселесіне мұғалімнің жеке қатынасын көрсету. Осы мақсатта сабақ тақырыбы бойынша мұғалім түрлі кітаптармен танысады, өзіне қызықты мәселелерді іздеп табады. Бұл мәселе төңірегінде айтылған пікірлерді немесе кем дегенде бір-біріне қарама-қайшы 2 ғалым пікірін табу қажет. Пікірлерді оқушы назарына ұсына отырып, қай ғалымның айтқаны дұрыстығын анықтауды ұсынады. Мұндай іс-әрекет оқушының талдау, ой қорытындысын жасау сияқты қасиеттерін дамытып, дербес шығармашылық ой-өрісін қалыптастыруға негіз болады.
4. Сабақтың мәнін анықтау. Пәндік мақсаттар мен сабақ мәнінің ара қатынасын анықтау. Сабақ мәні және оқылып отырған тақырып мазмұны әр кітапта түрліше болуын ескеру қажет. Бұл жағдайда оқушының жеке ерекшелігі мен қызығуын, жеке білім алу бағдарламасы бағыттарын білу пайдалы.
5. Сабақ түріне және мүмкін болатын шығармашылық нәтижелерге негізделген сабақ идеясы жасалады. Оқушының қабілеттерін, жеке ой-ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін сабақтардың бірнеше түрі ойластырылады.
6. Оқушының жеке өзінің білім мазмұнын «пайда ететін» (дүниеге әкелетін) материал, құралдар, әдістер мен тәсілдер таңдалынады.
7. Оқушының шығармашылық нәтижелерінің білім беру стандарттарымен сәйкес келуі. Жоспарланған шығармашылық нәтижеге оқушы алдын-ала мәдени, тарихи, түр нұсқаларды саралайды. Мысалы, тапсырмаларды орындауды оқушы әр ғасырды өмір сүрген ғалымдар еңбегімен танысады.
8. Оқытудың түрлі субъектісіне қатынасы бойынша түрліше дәрежедегі сабақ мақсаттары жазбаша құрастырылып, нақтыланады. Оқушыларға қатысты 3 деңгейдегі мақсат бойынша мысал келтірсек олар мыналар: «өзінің жеке математикалық заңдылықтары бойынша сандарды тізіп жаз» (Пәндік мақсат); «Заңдылық» ұғымын түсіндір (Пән аралық мақсат); «Өз жұмыс мақсатында, әдіс-тәсілдермен кездесетін қиындықтарды тап, графикалық рефлексия тәсілін игер» (Әдіснамалық мақсат)
9. Сабақ құрылымының бірнеше варианттарын ойлап табу. Сабақтағы оқушы әрекеті алуан түрлі болып ауысып отыруы қажет.
10. Сабақ жоспарын жасау. Оның үлгі ретіндегі құрылымы мынадай болады:
- Сабақ тақырыбы, сыныбы, уақыты;
- сабақ түрі;
- сабақ мақсаттары;
- сабақтың құрал-жабдықтары;
- оқушының жоспарланып отырған іс-әрекетіне бағытталған іргелі білім беру нысандары;
- сабақтың негізгі мәселесі (бір немесе бірнеше мәселе жазылады)
- оқушы іс-әрекет түрі мен кезеңдерін минуттық жіктеп жазу;
- сабақтың әр кезеңдеріндегі оқушы тапсырмасын құрастыру.
Шығармашылық сабақ тапсырмаларының орындалуы түрліше болуы үшін бір-біріне ұқсамайтындай тапсырма орындалады:

  • тапсырманы орындаудағы мүмкін болатын нәтижелері (нәтиженің 2-3 вариантын көрсету керек);

  • қарастырылып отырған мәсенің тарихи-мәдени нұсқалары;

  • суреттер, тапсырмалар, кесте, сызбалар;

  • оқушы іс-әрекетіндегі рефлексия бойынша тапсырмалары;

  • бақылау түрі және сабақты бағалау;

  • үйге тапсырма (әртүрлі варианттағы өзіндік жұмыс);

  • оқушыларға ұсынылатын материалдар (оқулықтар, интернет жүйесіндегі сайт, т.б.);

  • мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңінде пайдаланған әдебиеттер тізімі, түрлі дерек көздері;

  • өткізілген сабақты талдау формасы, сабаққа қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың пікірлері бойынша қорытынды.

Оқушылардын шығармашылық дербестігін қалыптастырудың шығармашылық сабақтардың мәні үлкен. Дәстүрлі сабақ пен біз ұсынып отырған шығармашылық сабақ әдістемесінің маңызы өте зор. Оны салыстырмалы түрде талдаудың ерекшеліктері мен артықшылықтарын төмендегі кестеден көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет