Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары



Pdf көрінісі
Дата19.04.2023
өлшемі199,09 Kb.
#84731


\j
Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
п.г.к, доцент ӨмірбаеваК.О.
Ацтөбе мемлекеттік педагогикалыц институты
оқытушы Баіибаева Б.Ә.
Ацтөбе цалальщ №16 орта мектеп
Психологияда баланың сөйлеу тілін дамыту мәселесі сөйлеу қабілетінің дамуына 
тікелей байланысты. Мысалы: 1930-1940 жылдар арасында жеке тұлғаға катысты қабілетгер 
жайлы мәліметгер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған 
болатын. 1950 жылдардың ортасынан бастап бұл мәселе кайта көтеріліп, нақты қабілеттер 
жайлы зерттеулер жасалды. Олар: эдеби кабілеттер (В.ПЛгункова), бейнелеу өнеріне деген 
кабілеттер 
(В.И.Киренко), 
ойлау 
жэне 
сөйлеу 
кабілетгер 
(Т.Тэжібаев), 
көркем 
шығармашылық қабілеттерінің дамуы (Қ.Ә.Жаманбаева), шығарма жазу кабілетін дамыту 
жолдары (Ә.Қоңыратбаев), С.Тілешова) сияқты еңбектер жарияланған болатын.
Зерттеу барысында психологияның жалпы мэселелерін қарастырған Қ.Жарықбаев, 
Т.Тәжібаев т.б. еңбектері басшылыққа алынды. Аталған зерттеу жүмыстар оқыту барысында 
окушылардың сөйлеу тілін дамьггу мәселелерін жалпы теориялық және тәрбиелік тұргыдан 
ашып көрсеггі. Алайда, окытудың шыгармашылық сипатын күшейтіп, сол арқылы бала 
тілінің дамуына жүйелі басшылық жасау, мақсатты бағыт-бағдар беру, педагогикалық ықпал 
ету мәселелері қарастырылғанымен, окулықтардың ішкі мазмұнында оқу тапсырмалары 
баланың даму деңгейінен элдеқайда төмен екендігі белгілі болды.
Сөйлеу процесінің калыптасу негіздерін Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, ИЛ.Зимняя т.б. 
карастырады. Бұл мэселе қазақ тілінде М.Мұқанов, Ә.Алдамұратов, Қ.Жарықбаев, 
Т.Тэжібаевтардың еңбектерінде карастырылады. (1,88)
Сөз, ең алдымен, басқа адамдарға эсер ету құралы болып табылады. Сөз қызметінің 
адамдар 
арасындағы катынасынан жеке 
адамның 
сөйлеу 
тілінің 
даму 
негізі 
Л.С.Выготскийдің пікірінше, бірнеше кезеңде әтеді.
I кезенде сөз - басқа бір адамға эсер ету кұралы. Сөз арқылы адам екінші адаммен 
гілдік катынасқа түседі.
II кезеңде - басқа адамнан жауап күтпей-ақ, сөйлеуші өз сөзін жалғастыра береді. 
Демек, диалогтық сөйлеу бірте-бірте монологтық сөйлеуге көшеді.
III кезеңце - басқаға бағытгалған сөз адамның өзіне бағытталған болуы мүмкін. Ол сөз 
шықканға дейін адам ішкі сөйлеу арқылы өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын реттеп, бағыттап 
отырады. Л.С.Выготский анықтаған жоғары психикалық функциялардың қалыптасу 
жүйелілігі басқа тілдегі сөзді қабылдау жэне оны ұғынуға үйрету жолдарын түсіндіруде 
маңызды қызмет атқарады. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды.
И.П.Павлов былай деп жазды: Егер біздің айналамыздағы дүниеге қатысты


түисіктершіз бен елестеріміз біз үшін шындық болмыстың бірінші сигналдары, яғни нақтылы 
сигнал болып табылса, онда мидың қабына баратын сөз сөйлеу органдарының 
лингвистикалық тітіркенулері, екінші сигналдар, сигналдың сигналы больш табылады (1,132).
Сөйлеу дегеніміз — адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау
әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу 
деп атайды.
Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске +асқанымен негізінен кісінің 
психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүиенеді. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік 
амалдар ұзақ ғасырлар бойьшда кісілердің пікір алысу тәжірибесі үстінде қалыптасқан. Тілдік 
амалдар, сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем қүрау ережелері — көпшілікке ортақ объективті 
категориялар. Осыган орай тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас қүралы ретінде 
қызмет етеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына 
(лікірді ауызекі немесе жазбаша айіу, екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлеу, 
к ө і ш іі л і к
алдына шығып сәйлеу, тыңдаушының білім дәрежесін, жасын ескеру т.б.) сай түрліше 
кұрылады. Сондықтан да сөйлеудің әр түрлі коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған 
стилі болады. Сөйлеу стилі да қалыптасып көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге 
сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуалдық) сөз жүмсауы, сөз тіркесі мен сөйлем 
қүрау ерекшеліктері де болады. Бүл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын әсерлі етіп немесе 
мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы, сөйлеудің жетілуі 
индивидуалдық 
творчествоға сүйенеді. (2,18)
Сөйлеу әрекеті - ми жарты шарларыньщ талдау, жинақтау қызметінің нәтижесі.
Сөйлеу қабілеті мидьщ анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін 
мьша мысалдан-ақ жақсы білуге болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей 
алмайтьш жағдайға ұшырайды, Мұндай құбьшысты афазия деп атайды. Мұның екі түрі 
болады. Бірі адамның сөйлеу органдары толық сақталганмен ол сөзге түсінбей қиналып 
сөйлейді. Тілі күрмеледІ, оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады. Афазияның енді бір 
түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мұнда ол кейбір 
заттардың атьш ғана есіне сақтай алады. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының 
тығындалуы, жарақаттануы, қабынуы, ісуі т.б. - афазияның пайда болуына себеп болатын 
факторлар. Мұның емін дәрігерлер жасап отырады. Сөздік сигналдарды дұрыс талдап алу 
адам психикасыньщ дамуында түрлі кезендерде көрінеді. Пікірлесудің қандай түрлері болса 
да, сөз арқылы жүзеге асады.(2,53)
Баланьщ жасына, жеке басыньщ ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасай білу 
дегеніміз - оньщ жүрек сезіміне жол табу, оқуына, тәрбиесіне ықпал жасай алатын жұмыстьщ 
формалары мен мазмұнын білу, онымен дара жүргізілетін жұмыстың эдістері мен амалдарын 
белгілеу деген сез.
ЯЛ.Коменский бала психикасын үшке бөледі:
1. Зерек бала.
2. Ынжық бала.
3. Тік мінез бала.
Енді осыны алты қырынан көрсетеді. 1. Білімге бейім, зерек бала. 2.Ынталы, бірақ 
іпабан, момын балалар. Оларды қамшыламаса, үнемі оақыламаса, өздігінен тыңдауы томен. 3, 
Алғыр, тікмінез, өжет бала. Олар не үлан пайда немесе күллі зиян келтіредІ. 4. Тапсырманы 
орындағыш, білгісі келетін, білуге тырысатьш, бірақ өте жай балалар. Оларды үнемі 
мадақтап, қолдау керек. 5. Қабілеті төмен, ешнэрсе қызықтырмайтын балалар. 6. Мінезі
бұзық, қытымыр балалар.
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нэтижелі орындауда көрінетш 
адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тэжірибеде жиі кездеседі. Мэселен, оқуға 
ынтасымен берілген, кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне байланысты мынау окушының казак 
тіліне қабілеті бар екен дейміз. Кабілеттердің дамып, калыптасуы эртүрлі деңгейде жүріп 
отырады. Оның алғашкы деңгейі (оқушылардың бәріне ортақ) репродуктивтік десе, екінші
негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. (3,П2)
Окушылардың сөйлеу тілін дамытуда деңгейлік тапсармалар рөлінің зор екендіп 
психологиялық негізде толық дәлелденеді. Қабілетгің дамуының бірінші деңгейінде адам 
білім игеруде, іс-әрекетті қажетті дэрежеде іске асыруда икемділік керсетсе, екінші деңгеиде 
жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Қабілет жалпы, арнаулы тәжіри елік,
ұйымдастырғыштық болып бірнеше түрге бөлінеді.
Сонымен оқушыға білім беру барысында оның сөйлеу тілінің дамуы үшін төмендеп
жағдайларды қальштастыруымыз қажет.
Біоіншіден, тілі дамуы үшін бала міндетгі түрде үлкен адамдармен сөйлеу қарь


қатынасында болуы шарт.
Екіншіден, үлкендердің сөйлегенін түсіну үшін баланың реакциясы болуы тиіс және 
оны эмоциялық түрде қабылдауы керек.
Үшіншіден, басқа адамдардың сөзін түсінуден баланың өзінің сөйлеу процесі өте кеш 
қалыптасады, сондықтан оны ескеру қажет.
Төртіншіден, баланың сөйлеу тілінің жетілуі - оның өзінің сөйлеуінде тілдің 
грамматикалық жэне синтаксистік түрлерін дүрыс қолдана бастауы.(4,48)
Халқымыздьщ мэнді сөйлейтіндерді «Сөзі мірдің оғындай екен» деуі тегін емес. Шебер 
сөйлей білу де өнер. Оқушының сөйлеу қабілетінің дамуыньщ шарты - баланың сөздік 
қорыңың мол болуы.
: Оқушылардьщ сөйлеу қабілетінің ойдағыдай болуы жан-жақты білімді, өмір сүруге 
бейім, іскер, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыруға 
мүмкіндік туғызады.
Пандаланылған әдебиеттер:
1. Өмірбаева К.О. Мемлекетгік тілді деңгейлік оқытудың теориясы мен әдістемесі.
Ақтөбе, «Эдельвейс» баспасы, 2005-180.
2. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002.
3. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М.: Педагогика, 1981-184.
4. Қазыбаев С. «Қазақ тілінің методмикасы». Алматы, «Рауан», 1990.

'к 'к 'к


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет