Оқушының тегі, аты



бет1/2
Дата26.03.2023
өлшемі20,6 Kb.
#76200
  1   2

Айы, күні: 25.10.2022. Қазақ әдебиеті 10 А сынып
Оқушының тегі, аты: _____________________________________________________
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1.«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде ақын нені сынға алды?
А) Ел билеушілердің, патшаның болыстық, билік тәртібін
В) Елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі – қазақ әйелдерінің жайын
С) Өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды
Д) Бай мен кедейдің арасындағы тұрмыс қайшылығын, дәулет теңсіздігін [1]

1.«Сегіз аяқ» өлеңі лириканың қай түріне жатады?


А) Азаматтық лирика
В) Махаббат лирикасы
С) Саяси-әлеуметтік лирика
Д) Табиғат лирикасы [1]

3.32-қарасөзіндегі көтерілген мәселелердің ішіндегі сәйкес емес (айтылмаған) ақпаратты анықтаңыз.


А) Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады.
В) Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
С) Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды.
Д)Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. [1]

4.«...Жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен...» - Абайдың қай қарасөзінен үзінді және бұл сөз кімге тиесілі?


А) 32-қарасөзі, талапқа қатысты
В) 17-қарасөзі, жүрекке тиесілі
С) 19-қарасөзі, хакімнің сөзі
Д) 28-қарасөзі, жақсылықпен байланысты [1]

5«Масғұт» поэмасының идеясына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз?


А) Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді.
В) Бай мақтанса табылар, Кедей мақтанса шабылар.
С) Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.
Д) Жақсы әйел – жігітке біткен бақ [1]
2-БӨЛІМ
6. «Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын»,- дейді ұлы Абай атамыз. Өлең жолдарындағы көтерілген мәселеге сәйкес ойыңызды шығармашылықпен (ой толғау,өлең т.б.) жеткізіңіз.
________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Өлең жолдарындағы астарлы ойды анықтап, көркемдегіш құралдардың қолданысына анықтаңыз.
Лай суға май бітпес қой өткенге, Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге. Сол қасқырша алақтап түк таппадым, Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________
[5]
8. Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп, Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым - тап шыным!–деген жолдардағы ақын бейнесін (ішкі сезім, толғанысын) көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет