Абай Құнанбайұлы «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі адамгершілік құндылықтар, «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінің тақырыбы мен идеясы
Қосымша Лай суға май бітпес қой өткенге... Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан турады, көлемі 28-жол. Үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты шығарылған. Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар, айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңданады, ақын көңіл жайлауынан ел көшкендей болып құлазиды.
Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту