Өз мәртебеңізді анықтаңыз



Дата06.01.2022
өлшемі15,17 Kb.
#15045

Өз мәртебеңізді анықтаңыз.


Ермуханов Ернур

Басты мәртебе: Студент

Туа біткен мәртебе: қазақ, моңғолоид, ер, Кердері

Қол жеткізген мәртебе: «Алтын белгі» иегері, аудандық, қашықтық, университетішілік олимпиадалардың жүлдегері.

Қоғам мүшелері берген мәртебе: сүйікті ұл, іні.


Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері

Қала мен ауылдың арасындағы айырмашылық жер мен көктей екені баршамызға белгілі. Бұның басты себептеріне олардың мүмкіншіліктерін, балаға берілетін тәрбиесін, ортасын және осы секілді нәрселерді жатқызуға болады. Осы аталғандардың барлығы баланың әлеуметтену үрдісіне тікелей әсер ететіні анық. Отбасының әлеуметтік мәртебесі ауыл баласына қалай, қала баласына қалай ықпал ететінін талдап жаза кетейін.

Қала баласының ауыл баласына қарағанда білім алуға, шет тілдерін үйренуге, спорт және өнер үйірмелеріне қатысуға, яғни жан-жақты дамуына мүмкіншілігі көп. Алайда бұның барлығы отбасының тұрмыс жағдайына, мәртебесіне, қысқаша айтқанда қаражатқа келіп тірелетінін ұмытпаған жөн. Қалада тұрса да балаларын дамытуға шамасы келмейтін отбасылар да бар.

Ал ауыл баласына қанша жерден жағдайың жетіп тұрса да, бұндай мүмкіншіліктер қарастырылмаған. Әрине, бұл баланың өзіндік қырларын дамытып ашуына кедергі болуы мүмкін. Алайда ауыл баласын бәсекеге қабілетсіз, артта қалған деп қарастыруға болады деген сөз емес. Өйткені ауыл қазақылықтың иісі аңқыған, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың ошағы болғандықтан, одан ұлттық дүниетанымы кеңейген, адами қасиеттері мол ұл-қыздар өсіп шығады деп ойлаймын.



Отбасының баланың әлеуметтену үрдісіне тағы бір әсері, ол қалалық ата-ана таңнан кешке дейін жұмыста болғандықтан, бала тәрбиені ортасынан алады. Сондықтан да қалалықтар ауылдықтарға қарағанда «жаман әдеттерге» тез үйреніседі. Көпке топырақ шашуға болмайды, бірақ көбіне көп осылай екені белгілі. Ауылдық балалар еңбекке ерте жастан араласса, қалалық ата-ана баласының еркін болып өскенін қалайды.

Мен алдыңғы тапсырмада құраған сауалнамам «Ауыл және жастар» тақырыбында болған болатын. Сонда жастардың көпшілік бөлігі қалалық өмірді қолдады. Бұның өзі қалада дамудың көптеген жолдары бар екенін көрсетеді. Бұны өзгерте де алмаймыз. Алайда қазақылықтың тамыры ауылда екенін ұмытпауымыз керек деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет