Р/с
|
Жылы
|
Қазақ ғалымдары
|
Еңбектері
|
Өзге ғалымдардың зерттеулері
|
|
1914 жыл
|
А.Байтұрсынұлы
|
Зат тегінің екі түрлі болатынын көрсеткен. «Біреулері – көзге көрінетін, денеге сезілетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын деректі заттар. Екіншілері - көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіскелмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар. Деректі заттардың есімін көрсететін сөздер, мысалы: жер, су, ай, күн, дауыс, дыбыс, ән, күй, иіс- қоңыс, дәм, ащылық, тұщылық, жылулық, суықтық уа ғайрилары. Дерексіз заттардың есімін көрсететін сөздер, мәселен: бақ, бәле, жан, өлім, ой, мінез, ұят, реніш, қуаныш уа ғайрилары.» - деген анықтама берілген
|
|
|
1944, 1945, 1952, 1954, 1946, 1954,1974-1986
|
Ісмет Кеңесбаев
|
«Қазақ тіліндегі тиянақты сөз тіркестері» атты докторлық диссертациясын қорғап, фразеология бойынша жалпы түркілік мәні бар еңбегін жариялады. Қазақ тілі бойынша «Қазақша-орысша сөздіктер», «Орысша-қазақша сөздік» 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» секілді іргелі еңбектер – қазақ тілінің лексикографиясы бойынша дайындалған академиялық басылымдар болды.
|
|
|
1958 жыл
|
О.Есперсен
|
Абстракты және конкретті зат есімдер мәселесін О.Есперсен «Философия грамматики» еңбегінде де көтерген. Конкретті зат есімдерге «реальды нәрселердің атауы» деген термин пайдаланса, абстракты зат есімдерді «ұғымдардың атауы» деп ерекшелендіреді. Деректілік және дерексіздік тек қана зат есімдерге қатысты емес, басқа да сөз таптарына қатысты болатынын анықтайды. Мәселен, «ауыр тас» тіркесі конкретті болса, «ауыр жұмыс» тіркесі абстракты деп мәлімдейді
|
|
|
1975 жыл
|
І.Кеңесбаев пен Г.Мұсабаев
|
«Қазіргі қазақ тілі» оқулығында П.Азымовтың түрікпен тілінің сөздік құрамындағы адамға байланысты сөздердің өзін алты топқа бөлу классификациясын көрсеткен. Мысалы, адамға байланысты атаулар: 1) туыстық атаулар; 2) адамның кәсібі; 3) кейпі; 4) адамның дене мүшелері; 5) киім-кешек; 6) азық-түлік, - деп бөлген.
|
Ю.С.Маслов туыстық атауларды жинақтап тұрған жалпылаушы қасиетін «қандық туысқандық» десе, үш айырушы яғни 1) ұрпаққа тәуелділігі, 2) тікелей - тікелей емес туыстық, 3) жыныстық белгілерін анықтап, орыс тілінің туыстық атауларын жеке мағыналарға бөлшектеген.
|
|
1976 жыл
|
Шора Сарыбаев
|
Жеке монография түрінде жарық көрген «Қазақтың аймақтық лексикографиясы» атты докторлық диссертациясы Қазақстандағы түркітану ғылымына жаңа бір серпін берді.
|
|
|
1978 жыл
|
А.В.Суперанская
|
«Тілдің лексикалық жүйесіндегі жалқы және жалпы есімдер» атты мақаласында жалқы және жалпы есімдерді барлық белгілерінің ішінен ажыратуға негіз етіп, екі белгіні: объектінің белгілігі - белгісіздігі және коннотацияның (хабарлау) болуы - болмауы яғни логикалық категория тәрізді ұғыммен байланысын бөліп көрсетуге болады деген [23;39]. Ол осы еңбегінде: «Имя нарицательное коннотирует и не требует определенности объекта, а имя собственное не коннотирует и дается вполне определенному объекту»,- деп түсіндірген.
|
Сөз семантикасы жайлы елеулі пікір айтқан қазақ ғалымы М.Оразов орыс тіл білімі зерттеушілердің көзқарастарына, пікірлеріне шолу жасап, жалқы есімдер жеке заттың не процестің атауы ретінде қолданылғанымен, белгілі бір затты көрсеткенімен, оның мағынасында да белгілі дәрежеде жалпылау болатынын аңғарған. Ол жалқы есімдерді сөз деп, ер адамдарға, әйелдерге, қыздарға қойылатын аттардың арасындағы мағыналық ерекшеліктерін ажыратқан.
Т.Жанұзақов «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» (1965) деген лингвистикалық зерттеуінде: «Тілдегі жалқы есімдердің асыл түбі жалпы есім сөздерден жасалған. Сондықтан да, олардың түпкі мағынасы айқындауға болады», - деп жазады
|
|
1995 жыл
|
Ә.Ахметов
|
Еңбектерінде қазақ тілі мен түркі тілдеріндегі табу (тыйым салу) сөздердің мән-мағынасы мен қолданыс ерекшеліктері талданды. Сондай-ақ ол түркі тілдері мен америкалық үндістердің тілдеріндегі лексикалық параллельдерді салыстыра қарастырып, оның арғы тегіне үңілді.
|
Қарақалпақ тілін зерттеген ғалым Н.А.Баскаков өзінің «Каракалпакский язык» еңбегінде (1952) зат есімдерді (зат атауларын) екі негізгі топқа бөледі: а) адамдар тобы, оған адамның туыстық қатынасы, кәсіпке, әлеуметтік жағдайға байланысты атаулар және барлық кісі есімдері енеді; б) бұл топқа адамнан басқа жан-жануарлар, өсімдіктердің және жансыз табиғаттың барлық заттары кіреді.
|
|
2001 жыл
|
Әбжан Құрышжанұлы
|
«Ескі түркі жазба ескерткіштері» атты кітабында байырғы түріктердің мақал-мәтелдері мен аталы сөздері талданған.
|
К.М Мусаев «Грамматика караимкого языка» деген зерттеуінде зат есімді семантикалық мағынасы жағынан: «Зат (предмет) деген түшүнүк боюнча нерселер – буюмдар (стол, кровать), адамдар (Зейне, тракторист), айбандар (жылқы чалкуйрук), окуялар (революция, көтөрүлүш), кубулштар (аяз, қыш), абстрактуу мааниндеги түшүнктөр (ақыл, чечендик) жаңа башка түшүнүктөр кирет», - деп бөліп, ары қарай жіктемеген
|
2. Кеңес тіл білімінде 1950 жылдардан бастап сөз мағынасын топтастыруда В.В.Виноградов ұсынған классификация негізге алынды. В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді: 1) тура немесе номинативті мағына; 2) фразеологиялық байлаулы мағына; 3) синтаксистік шартты мағына.
Сөздің атауыш мағынасы (тура мағына) - заттар мен құбылыстарға, олардың белгілеріне қатыстылығымен пайда болған. Сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы атауыш мағына деп аталады. Атауыш мағына әр заттың дербес мағынасы болып келеді, сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра білеміз: қалам, алма, ағаш, тау т.б. Мұндағы заттық ұғымдар жеке-жеке аталып, бірден атауыштық мағынаға ие болып тұр. Бұл мағына зат пен құбылысқа тікелей бағытталғандықтан, тура мағына деп аталады. Тура мағына зат пен құбылыстың қазіргі кездегі тұрақты, негізгі мағынасы болып саналады.Мысалы; биік-биік тау, биік ғимарат, биік өкше, биік үй; пәтер-жылы пәтер, кең пәтер, тар пәтер,
Фразеологиялық байлаулы мағына. Сөздің тұрақты сөз тіркестерінде көрінетін (жүзеге асатын) лексикалық мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына деп аталады. Фразеологиялық байлаулы мағынаның табиғаты сөздің тура немесе номинативті мағынасынан басқаша болады. Сөз өзінің номинативті мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталып, көптеген сөздермен тіркесіп жұмсалуға икем болса, фразеологиялық байлаулы мағынасында тек белгілі бір сөздермен ғана тіркесіп, санаулы ғана тұрақты сөз тіркесінің құрамында қолданылады. Мысалы: Ата-ата жау, ата қоныс, ата мекен.
Синтаксистік шартты мағына - сөздер сөйлеу үстінде, контексте қолданылу жүйесіне қарай өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туындайтын мағына.Аю-икемсіз, арбиған; көбелек-жеңіл, әдемі
3. Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әртүрлі тәсілдер арқылы іске асады. Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуы бірде метафора мен метонимия тәсілі арқылы болса, бірде қызмет бірлігі мен синекдоха тәсілдері арқылы болады. Енді осы тәсілдердің әрқайсысына тоқталайық.
Метафора тәсілі арқылы атаудың ауысуы белгіленетін заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді.Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Мысалы: көздің жасы, ақынның жаны, жанның рахаты.
Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың (заттардың не құбылыстардың) өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы және, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Мысалы: көк темірді киініп (сауыт-сайман), көк жұлынды жетелеп ( мінген аты), қара көз, қызыл жүзді, сүмбіл шаштар (қыздар).
Синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады. Мысалы: Үй-ішің қалай?, тайлы-тұяғы қалмай келді-түгел жиналды, қарғаң нешеу?-қанша балаң бар?
3.
Достарыңызбен бөлісу: |