Өзін-өзі бағалау тексеру парағы: Өзін-өзі бағалау тексеру парағы: 12. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мазмұнына өлшемшарттар 1) Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкестігі Бағалаланатын кезеңге жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестесі қаралды. 2020-2021,2021-2022, 2022-2023 жұмыс оқу жоспарлары интернет ресурста орнатылды.Сабақ кестесі талапқа сай жасалған. 2020-2021 оқу жылында 1-4-сыныптар ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) және ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары» (2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); ҚР Білім және ғылым министрінің 2103 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8-сәуірдегі №266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырылған енгізілген) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); «ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығы; ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Ақпараттық-коммуникациялық технология» пәні бойынша 2018 жылғы 17 қазандағы №576 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштіктердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы №217 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.