Пайымдау мәтіні “Кірпіш”



Дата31.03.2023
өлшемі18,49 Kb.
#77907

Пайымдау мәтіні
Кірпіш”


Кірпіш – жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан, өнеркәсіп қалдықтарынан күйдіру не автоклавта булау арқылы алады. Жалпы кірпіш зауыт орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 51 км-дей жерде орналасқан.
Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан.Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. Ол бүкіл әлемдегі ең танымал құрылыс материалы, өйткені оны өндіру технологиясы көптеген өркениеттерге ежелден белгілі. Сонымен қатар, әр түрлі халықтар оны сынық материалдардан және өзіндік жергілікті ерекшеліктерімен жасады, ал қазіргі кезде, дамыған технологиялар дәуірінде оның әр түрлі сорттары бір -бірінен бұрынғыдан да өзгеше болды. Мыңдаған жылдар бойы қолданылған бұл бірегей құрылыс материалы өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ және қазіргі заманғы баламалардың алдында әлі де шегінбеген.


Сипаттау мәтіні
Аққу


Аққулар-қаз тәрізді, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар.Қазақстанда аққудың үш түрі: сұңқылдақ аққу,сыбырлақ аққу,кіші аққу кездеседі.Сонымен қатар,аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.Ал олардың түр-әлпетін сипаттайтын болсам, мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті болып келеді.. Қазақтар аққуды киелі құс деп санап келген және де келуде.Оның бірде-бір себептері:
1)Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.
2)Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.
3)Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған. Осыдан қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана сөздер қалдырған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет