Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ саяси газетi
№60
(8214 )
20 тамыз
cәрсенбі
2014 жыл
osken_onir@mail.ru
osken_onir@mail.ru
osken_onir@mail.ru
Газет 1939 жылдыѓ 19-наурызынан бастап шыѕып келедi
3
4
Сан түрлі санкциялар бізді сарылта ала ма?
Пікірлер тоғысы
Қанат Исламғали, кәсіпкер:
-
Ұмытпасам, Елбасымыздың бұдан бес жылғы
Жолдауында: - Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемле-
кет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты
құндылықтар мәңгі қалады, - деді. Шын мәнінде,
қанша дағдарыстың болғанын тура білмеймін. Өзім
үш дағдарысты көзіммен көрдім. Ең алғашқысы,
қиыны да тәуелсіздікке қол жеткен жылдары. Сонда
да шашылып қалған жоқпыз, нарықтық қатынастарды
игеріп, іскерлік қабілетіміз артып, оны да жеңіп
шықтық. Санкциялар Ресейге бағытталғанымен, Еу-
разия, кеден одағына кірген соң қалыпты ырғақтарға
әсер етуі ықтимал. Мұнай, металл, біздің
уранымыздың бағалары, жалпы, эскпорт арзандауы
мүмкін. Ал олардың ықпалынан ірі кәсіпорындардың
жұмыс ырғағы қалыпты жағдайдан төмендеп,
жұмыссыздық белең алуы ықтимал. Біз ауылда
тұрамыз, олардың ықпалы қатты әсер ете қоймайды.
Еліміз де көпвекторлы саясат ұстанып отырғанда,
санкциялар тікелей бізге бағытталмағандықтан оның
зардабын тарта қоймаспыз.
Әбу Ережепұлы, ардагер:
-
Еліміздің стратегиялық басымдықтары сол
күйінде қалады. Егін орағы келгенде жанар-жағар май
бағасы осылай құбылатыны белгілі. Бұл
санкциялардың әсері емес. Өз ішімізде жолға
қойылатын мәселе. Біздің мемлекет өз алдына
ауқымды мақсат қойған. Содан ауытқымаса болды.
Әрине, санкциялар әсер ететін болса, тиімді
өзгерістер енгізілетін де шығар... Саясатта әлеуметтік
басымдықтар бар. Еліміздің ішкі резервтері мол. Оны
тиімді пайдалансақ жау алмас. Біздің басқа рынок-
тарды пайдалануға да мүмкіндіктеріміз мол. Еліміздің
өркендеуі, қауіпсіздігі және халқымыздың әл-ауқатын
арттыру барлығымыздың ортақ міндетіміз. Оларға
бөлінген қаржы да, нақты іс-шаралар жеткілікті. Біз
түгілі бұл санкциялардан Ресейдің өзі үркіп отырған
жоқ. Қайта кейбір салалар бойынша өз тарапынан
олардан бұрын санкциялар қойып жатыр.
Ә.Тасболат, кент тұрғыны:
- Мен елдегі демографиялық ахуалды бағамдап,
деректерді ойымнан өткізіп отырамын. Ауыл
шаруашылығын дамытуды үнемі қолдап отыратын
себебім, деректер бойынша, 6,5 миллионнан астам
адам ауылдарда тұрады. Бұл үлкен күш. Елімізде ал-
пыстан астам қала бар, қалғаны соларға бөлінген.
Дағдарыстарға бірінші болып ұшырайтын да
қаладағы ірі кәсіпорындар. Осындай қиындықтар
туындамауы үшін әлде де ауылдарды, олардың
шаруашылықтарын нығайту керек. Байлықтың бәрі,
бақ-берекенің атасы ауылдарда. Ауыл аман болса,
санкциялар, соған орай дағдарыстар, баға
ауытқулары болмайды. Мысалы, біз сөлі, нәрі жоқ,
сапасы жоқ азық-түліктер мен жеміс-жидектерге зәру
емеспіз. Окарачка, тас алма, қалтадағы тамақтар, су-
сындарсыз да күйімізді кешкенбіз, таңымыз атып,
тауығымыз шақырған. Шыдамдылық бізді ширата
түседі, нан дәмін сезінсек, еңбек жемісін жесек,
оңайлықпен келмейтінін білсек ширай түсеміз, суици-
дке де бармаймыз, теледидармен тұрып, теледидар-
мен жатпаймыз, жалқаулықты тастап, сынақтардан
сүрінбейміз, жүйелі іс-қимылдарға жұмыламыз. Ешкім
біздің жайымызды өлең айтып жырламайды,
жоқтамайды да. Әне, елімізге босқындар да келе ба-
стады. Қазағым, қашанда сергек бол!
Пкірлерді жинақтаған
Әбу Алтай әл КЕРДЕЛІ.
Сын - шын болсын, шын - сын болсын
Халыққа қызмет көрсетудің халі қандай?..
«Халыққа қызмет-мерейлі
мін дет» деп жатамыз. Бұл өте
орынды айтылған уәж. Халық
күнделікті жиі баратын қызмет
көрсету орындары мүлдем көп.
Бірақ, әлі де болса қызмет көр -
сету дамымаған. Келешекте біз
бұл бағыттарда мақсатты жұ -
мыс тар атқаруға тиіспіз, әйт -
песе, өзекті мәселелер жет-
кі лікті. Талапқа сай емес қыз мет
көрсетудің кедергілері қай жерге
барсақ та кездесіп қалып жа-
тады, бұл онсыз да қарбалас
өмір сүріп, әуре-сарсаңға түсіп
жүрген жұртшылыққа қолайсыз -
дықтар тудырады, ашу-ызасын
келтіреді, ұрыс-жанжалдарға
әке ліп соқтырады.
Қазір халық базардан да көп
баратын орын - “Халық банк“
кең сесі. Базардан бұрын алға
шы ғаратын себебіміз, банкіге
бар масақ, ақша алмасақ ба зар -
ға бару қайда, халыққа... Кредит
алмасақ үй салу, шаруаларды
жүргізу, той жасау тағы жоқ.
«Айлығыңды аламын» деп осы
жерге алаңдайсың. Ал енді осы
банкіге кіруге батылың бар-
майды. Кірсең қара терге ма лы -
насың, айғай-шудан ауырасың.
Ұрыс-керіс те осында. Бар се-
бебі, ақша алуға да, төлем
төлеуге де қызмет көрсететін бір
ғана терезе, бір ғана қызметкер.
Тағы бір кезек, несие алуға құ -
жат рәсімдейтін жалғыз есік.
Бұл есіктің алдында да есіңді
алар кикілжің. Қолмен жазып ке-
зекке тұрады, олары өтіп кетеді.
Пысықайлар мен дөкейлер кіріп-
шығып жатса тағы айқай баста-
лады. Таныс-тамыр арқылы
кі ріп кетіп жатқандар да бар.
«Бір минутке кіріп шығайыншы»,
«көр сетіп алайын», «қол қойды -
рып жіберейін» деп ішке кіріп
кетіп, шықпай қалады. Күтетін
бөлме біреу, ол да тар қапас,
желдеткіші жоқ, кезек чегін кесе-
тін, кезекті көрсететін қон дыр -
ғылар кейде істеп, кейде
іс те мейді, күзетшілері қолмен
ал ып беріп жатқаны. Бұл өзі
жолға қойылмайтын қиын нәрсе
емес. Қабылдап, жіберетін нүк -
тені көбейтіп, жоғарыдағы ке -
леңсіздіктерді жолға қойса
болғаны. Бұл тұрғыда, осы ор -
ынның басшысы қырсыздық та-
нытпауы тиіс, тез шешім
қа былдап, енді келіп жатқанда
енжарлықтан бас тартуы тиіс.
Әйтпесе, ондай басшыны орны -
на қою қиын емес. Ауладағы
бан коматпен қаржы алатын
орында да кезек толастаған
емес, кейде істен шығып қалып
жа тады. Бұл тұрғыда аурухана,
Көкшоқыда банкоматпен жұмыс
істейтін орындар бар, көбейтсе
аздық етпес еді.
Базарда кезек жоқ. Жеке кә -
сіп керлер де «менікін ал», «ма -
ған келіңіз» деп шақырып
тұ ра ды. Демек, бұларда бәсеке
бар. Дәмхана, асханаларда ас
мә зірі бай емес. Соған орай, не
сұрасаңыз да «жоқ!» деген үзіл -
ді-кесілді жауап естисіз. «Сізге
не керек?», «Қазір әзірлейміз»,
«болмаса әкеліп береміз» де-
мейді. Содан үнемі ешнәрсе
бол майтын мұндай орындарға
адам баласы жоламайды. Кей-
бір жас қыздар дөрекі, не үшін
тұр ғанын өздері де білмейді.
Қара суын да ізетпен берсе ал -
ғыс арқалар еді. Көпшілік орын -
ға қызметке қабылдарда иесі
осындай қасиеттерді елеп-
екшеп, мәдениеттілікке баулы са
болар еді... Жекелер ғой, айт-
пай-ақ қояйын десең кештеу
ұғы нады, тұтынушыдан айыры-
лады, өсек-аяңға ұшырап, қыз -
меті құрдымға кетіп, күйсіздікке
ұшырайды, жабылады, ақша
-
сын желге шашады.
Мемлекеттік авто инспек ция -
сының (МАИ) қызмет орнында
да келеңсіздіктерді ұшырасты -
руға болады. Айыппұлдарын тө -
леуге барған жүргізушілер осы
шілде айында бұл жерге күнде
келіп, кері қайтады. Себебі, ком-
пьютерлері істен шыққан дейді.
Сонда, шиеліліктер Қызылорда
немесе Жаңақорғанға барып
төлеуі тиіс пе? Бұл себеп емес
қой, істен шықса қаржы бөліп
жөндесін. Қызметкерлері түстен
кейін 4-4,5 да келеді. Оларға
жұмыс кестесі тәртібі тән емес
пе? Дөрекілік серігі секілді.
Погондарына ие бола алмай
жүрген болса мұны да оп-оңай
жөнге қоюға болады емес пе, не
көп, жұмысқа кіре алмай жүрген
жандар көп. Жаңа басшылар
жөнге келтірер деген ойдамыз.
Халыққа қызмет көрсету ор -
талығының жұмыстары сәл де
болса жөнге келіп қалды. Әр мә -
селе бойынша тиісті қызмет
-
керлер қызмет жасайды. Әліде
жетілдіре түсу қажет.
Осындай қызмет көрсететін
орындардың шаруалары дөңге -
леніп жатқандары жетерлік. Ол -
арға алғыстан басқа айтарың
жоқ. Алайда, онсыз да бағалар
көтеріліп, жұрт көптеген керек-
жарақтарға мұқтаж болып, ал -
аң дап жүргенде кез келген
қыз мет орындары, оның қыз -
метшілері өз міндеттерін шыны-
мен де абыроймен атқарса игі.
Мә дениетіміз мәнді, өміріміз
сәнді болсын, біз берекесі мен
бірлігі жарасқан ағайынды
адам дар екендігімізді естен шы -
ғару ға тиісті емеспіз.
Алтай НУРИДДИНҰЛЫ.
Қазіргі таңдағы мемлекеттік бағдарламалардың бірі —
“Сыбаға” екені белгілі. Бұл бағдарлама арқылы ірі қара малын алып,
өсіріп, өз ісіңмен айналысуға болады. Тек мемлекеттік бағдарлама
шегінде жұмыс жасап, қажетті құжаттарды даярлап, керекті жеріне
өткізіп, заң жүзінде жұмыс жасап, шыдамдылық танытсақ болғаны.
Мемлекеттің осындай бағдарлама ашып, халықтың əл-ауқатын
арттыру мақсатында жұмыс жасап жатқаны да көңіл көншітеді.
Жалпы, заңды жəне жеке тұлғалар үшін шаруа қожалықтары, фер-
мерлік шаруашылықтар, жеке кəсіпкерлер) — етті тұқымды жас
малды қалпына келтіру үшін агроөнеркəсіп кешені субъектілерін ірі
қара малдың аналық басын жəне бұқа өндірушілерін сатып алуға
негізделген бағдарлама аясындағы шарттарға құжаттарыңыз
сəйкес келіп, барлық талаптарға толық жауап беріп жатсаңыз
“Сыбағадан” сыбағаңды алуға бек болады.
“Сыбаға” бағдарламасы жайлы бұған дейін де көп айтылған,
бұдан кейін де насихаттала берері сөзсіз. Бірақ, біз оның мақсаты
мен міндетіне, талаптары мен шарттарына егжей-тегжейлі
тоқталмай, аталмыш бағдарламаның аудандағы ахуалына сипат-
тама беріп өткенді жөн санадық.
Біз əңгіме етіп отырған “Сыбаға” бағдарламасының аясында
несие алып, мал басын көбейтіп, сол арқылы өздерін де, өзгені де
жұмыспен қамтып отырған жандар біздің ауданда да бар. Ашығын
айтқанда, қазір үкімет тарапынан көптеген бағдарламалар
қабылданып, ел ертеңін жарқын ету мақсатында, халықтың
жағдайын жасарту ниетінде түрлі шаралар атқарылуда. Оның
ішінде əңгімемізге өзек болып отырған “Сыбаға” бағдарламасының
аясында жыл басынан бері аудан бойынша үш талапкер несие
алған.Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің берген мəліметіне
сүйенсек олардың қатарында Талаптан ауылдық округінен “Баки-
ров” шаруа қожалығы мен “Райхан” жеке кəсіпкерлігі жəне
Сұлутөбе ауылдық округінен “Сутенов” шаруа қожалығы бар.
Бұлардың əрбірі 8,5 млн. теңгеден несие алып үлгерді. Бұлармен
қоса 4 млн. теңге алған Бестам ауылындағы “Несібелі” шаруа
қожалығы бар. Алған қаражаттарының орындарына ірі қара мал
алып, Зеңбі баба түлегін өсірумен айналысуда. Сұлутөбе ауылдық
округіндегі “Сутенов” шаруа қожалығы несиеге алған 8,5 млн.
Теңгесіне 53 бас аналық, 2 бас бұқа алса, Талаптан ауылындағы
“Райхан” ЖК дəл осындай сомадағы қаражатқа 49 бас аналық пен
3 бас бұқа сатып алған. Малдарын асылдандыру мақсатында
қожалық егелері бірыңғай асыл тұқымды бұқалар алуда. Екі бас
алса да, не үш бұқа сатып алып мал басын көбейтсе де, асыл
тұқымды бұқа алып, ірі қараларын көбейтпек ниетте жұмыс жасап
жатыр. Ал Талаптан ауылдық округінен “Бакиров” шаруа қожалығы
3 бас асыл тұқымды бұқасын алып үлгерген. Қалған малдарын алу
үстінде. Бұлардан аз көлемде, нақтысы 4 млн. теңге алған Бестам
ауылдық округіндегі “Несібелі” шаруа қожалығы да малдарын
алуда. Былтырғы жылы аталмыш бағдарлама бойынша ауданы-
мызда бес талап білдірген шаруашылықтар мен жеке кəсіпкерлік
субьектілері несие алған болатын. Жыл басынан бері əзірге төрт
шаруашылық пен жеке кəсіп иесі тіркеліп отырғаны белгілі. Жыл
аяғына дейін саны қаншаға артатыны белгісіз, бірақ, былтырғы ме-
жеден шығамыз деп отыр аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің
мамандары.
Дəл қазір жұмыс жасаймын дегендерге жұмыс көп. Тек істің
көзін тапса болғаны. Кезінде дала академигі атанған, екі мəрте Со-
циалистік Еңбек Ері болған Ыбырай Жақаев “Еңбектің көзін тапқан,
байлықтың өзін табады” — демеп пе еді. Оның үстіне мемлекет
халықты жұмыспен қамту үшін көптеген бағдарламалар жасап,
солар арқылы ел ішінде толассыз жұмыс орындарын ашу үстінде.
“Сыбағадан” бөлек қой басын көбейтуге бағытталған “Алтын асық”
жəне жылқы өсіруге арналған “Құлан” атты бағдарламалар бар.
Мемлекеттің көрсетіп жатқан көмегінен шет қалмай, ел қатарлы
еңбек етіп, жеке кəсіп көзін ашып, ашып қана қоймай оны
Жолдауға сəйкес отбасылық бағыттағы кəсіпке айналдырып,
өзіміздің ғана емес ұрпағымыздың да болашағын күйттегеніміз
абзал. Біз “Сыбағадан” сыбағасын алғандар жайлы əңгіме
қозғадық. Ал бұл секілді бағдарламалардан тыс қалып,
мемлекеттің көмегінен шет жүрген азаматтар қаншама. Олардың
барлығы бірдей, бір кісідей мемлекеттік бағдарламалар арқылы
болсын, тағы да басқа жекелей кəсіп көздерімен шұғылданып, ел
ертеңінің гүлденуіне үлес қосып жатса, мемлекетіміздің беріктігі
нығайып, болашағы жарқындана түсер еді.
Азиз БАТЫРБЕКОВ.
“Сыбағадан”
сыбағаңды ал
Бала тәрбиесіне басым
бағыт берсек...
Біз осы неге көптеген мәселелерді алға тартып, ал бала
тәрбиесіне келгенде қашқақтаймыз? Көбінесе, жұ
мыс -
сыздықты, тіл мәселесін, еңбекке баулуды айта береміз, бі-
рінші кезекке қоямыз. Соның бәрі әу бастан тәрбиемен келмей
ме? Мысалы, патриотизм, Отан жайлы айтамыз. Ал Отан –
отбасынан басталмай ма? Отбасы дегеніміз, көбінесе сыртқы
әлемге көріне бермейтін, тіпті, құпия болып келетін
адамдардың бір-бірімен күрделі қарым-қатынасы, салты мен
ережесі. Бұл әрине, отбасының әрбір мүшесіне, оның ішінде
балалардың жеке басының ерекшеліктеріне әсерін тигізбей
қоймайды. Сонымен бірге, отбасының күнделікті тірлігінде
көптеген объективті әлеуметтік факторлардың ықпалы бола-
тыны бар. Көптеген мысалдар келтіруге болады, атап айтсақ:
көршілермен қарым-қатынастардың шорт үзілуі, жа
-
қындармен, туған-туыстармен араласпай қалуы, жұмысбасты
әйелдердің, жалпы, ата-аналардың отбасына ойдағыдай
көңіл бөле алмауы, балалармен қарым-қатынасқа уақыттың
аздығы, шаңырақтағы тұрмыстық және материалдық
қиындықтар, тағысын –тағылар...
Мұның бәрі отбасындағы тәрбие беру функциясына, оның
ойдағыдай жүзеге асуына үлкен қиындықтар әкелетіні рас.
Соған қарамастан, бала өсе береді, денсаулығына да нұқсан
келе қоймас, олар шешуші рөл атқара қоймас. Ата-аналардың
бала тәрбиесіндегі жіберетін қателіктердің ішіндегі ерекше
қауіптісі, олардың өз балаларымен қарым-қатынасында ерікті
және еріксіз жіберетін қателіктері болып саналады, себебі,
осы өзара қарым-қатынастары арқылы тәрбие процестері
жүреді. Әрине, жоғарыда айтқандарымыз да көре
ал -
маушылық, ағайынмен жат болып кету, кейде қатігездіктерге
жол ашады.
Балаға деген ата-анасының қарым-қатынасының бұзылуы
немесе ата-анасының өзінің осы өлшемдер бойынша
ұстанымының дұрыс болмауы баланың жеке басының да-
муында үлкен ақауға әкеліп соғады. Баланың тәртібінде
ойдағыдай бақылаудың болмауы, немесе, керексіз, артық
эмоцияға беріліп айқайлау, ұрысу, баланың діңкесін құртып,
қалжыратып, кертартпалыққа, принципсіз көнгіштікке, ал
бала өзінің бойындағы бар немесе жоқ жаман қасиеттерін ата-
анасынан қайта-қайта үздіксіз естіп отыруы, баланы жындан-
дырып жіберетіндей жаман мінез-құлық қалыптастырады
немесе немқұрайлыққа не болмаса сырт айналуға апарады.
Бүгін бұл көріністер қылаң беріп те жүр. Ешнәрсеге
қызықпайтын бала, өзін «бәрібір жаман екенмін» ғой
ешнәрсеге селт етпейтін бала, «соны қойшы» дейтін
немқұрайлы бала өсіп келеді.
Балаға өте қатаң шара көріп, талаптар қою, шектен тыс
бақылаушылық, қорқыту, басыну, жазалау, боқтап-боралау,
қол жұмсау – баланың бойында қатыгездікті қалыптастырса
немесе именшек, жасық қылса, екіншіден, өзіне-өзі қол
жұмсауға дейін апарып соқтыруы мүмкін. Ата-аналардың өзін-
өзі қалай ұстауы, олардың ұстанымы, жұбайлық қарым-
қатынастардан, өз ата-аналарымен және отбасының әрбір
мүшесімен, оның ішінде өз балаларының қатынасынан
көрінеді. Балаға шүйліге беру, иығынан баса беруге де бол-
майды. Бізде үйден шығып бара жатқан балаға: “Балам,
байқап жүр, Шанхайдың балалары шатақ, ұрып кетіп
жүрмесін” деп шығарып салады. Шешендер үйден ұзап бара
жатқан балаға: - Әй, Ибрагим, байқап жүр, біреуге тиісіп, ұрып
жіберме! – дейді. Еврейлер баласына: “Сенен үлкен үміт
күтеміз, қайткенде де ғалым боласың” деп тәрбиелейді. Араб-
тар баласын әскерге шығарып саларда кебінін орап беріп:
“Балам, Отан үшін жаныңды беру аз, өліп бара жатсаң да
Отаныңды қорға!” деп жібереді екен. Бізге де ұстанымды
өзгертіу керек. Отбасындағы тәрбиеден кететін үш қателік, бі-
рінші, ата-ана өзінің ішкі сезім ерекшеліктерін дұрыс көрсете
алмауы, екінші, ата-ана бала жасының даму ерекшеліктері ту-
ралы психологиялық-педогогикалық білімінің жеткіліксіздігі
және тәрбиелік ықпал ететін әдісінің бірізділігі болмауы,
үшінші, ата-анасының өз басының өнегесі мен балаға қойған
талабында бірізділігінің болмауы.
Кейбір ата-аналар баласын тек өзінікі, жеке меншігі секілді
қарап, шектен тыс өбектеп, кез-келген талабын дереу
орындауға тырысатын болса, ал кейбірі мейірімсіздікпен,
қатігездікпен ықпал етіп, әр уақытта жазалауға дайын тұрады.
Кейбір ата-аналар балаға шектен тыс бостандық беріп, мей-
лінше тәрбие жұмысынан қашқақтайды. Сөйтсе де өздері сол
бала үшін құрбан болғандай, баланың бар жағдайын жасап
жүргендей сезініп, баласының бүкіл өмір жолын өзі жасап
жүрген болады. Кейін өскен соң бала бәрібір дербес өмір
сүреді, сол уақытта тәрбиенің нәтижесі су бетіне шығып
тұрады. Сіз күнделікті баламен қарым-қатынаста жүрсіз.
Демек, ол оң ба, теріс пе ”тәрбие жұмыстары өзінше жүріп
жатыр” деп бір сәт ойлап қоюды естен шығармаңыз.
А.АЙЫП.
Күріштен саған гүл ектім,
Жайқалтып жасыл
бақшаңды.
Жалынын орап жүректің,
Арнадым осы жақсы әнді –
деп, Шиелінің аяулы азаматы
Дүйсенбі Смайлов шабыттана
жырлаған, саз саңлағы Әсет
Бейсеуов тебірене әндеткен
осы бір шумақтар халық
жүрегінде мәңгі сақталардай
орын алды. Иә, осы өлең жол -
дарындағы “Күріштен саған
гүл ектім”, - деген қатарлары
айтылғанда көз алдымызға
дала академигі, екі мәрте Со-
циалистік Еңбек Ері атанған
Ыбырай Жақаев елестейді.
Биыл даңқты Ыбырай ата
-
мыздың Социалистік Еңбек
Ері атанғанына 65 жыл то-
лады екен. Ол кісі жайлы
қанша жазып, қалай дә
-
ріптесек те артықтық етпейтіні
белгілі.
Саналы ғұмыры, жүріп
өткен өмір сүрлеуі бүгінгі
жұртқа үлгі болып жүрген
даңқты диқан дүниежүзілік ре-
корды үшін, егін даласындағы
табандылығы мен ең
бек -
қорлығының арқасында
“еңбектің көзін тапқан,
байлықтың өзін табады” деп,
нәтижеге бағытталған жұмыс
жасай білгені үшін 1949 жылы
Социалистік Еңбек Ері
атанды. Даңқты диқан, әйгілі
күріш өсірушіге СССР мемле-
кеттік сыйлығы берілген. Ол
үш мәрте ҚазССР Жоғары
Кеңесінің депутаты, ҚазССР
Жоғары Кеңесінің Президиум
мүшесі болған. Сонымен
қатар, 4 рет “Ленин” және
“Еңбек Қызыл Ту” орденімен,
Бүкілодақтық халық ша
-
руашылығы көрмесінің 4
алтын медалімен на
г рад -
талған. Ы.Жақаев 1971 жылы
екінші рет Социалистік Еңбек
Ері атағына қол жеткізеді. Бұл
кезде Ыбекең 81 жаста болған
екен. Жасы келсе де қо
-
лындағы қайың сапты кетпенін
тастамаған Ыбырай Жа
-
қаевтың еңбек үрдісіне сай
облысымызда жақаевшылар
қозғалысы кеңінен өріс алды.
Жақаевтың ізбасарлары да
дала академигінің сенімін
ақтап, көптеген жетістіктерге
қол жеткізді. Олардың басым
бөлігі Еңбек Ерлері атанды.
Қазіргі таңда Ыбырай
Жақаевтың атында аудан
орталығында көше болса,
№244 орта мектеп даңғайыр
диқанның атымен аталады.
Бұрынғы Қызыл Ту колхозына
Ыбырай Жақаевтың есімі бе-
рілген. Аудан орталығында
еңбегімен қаһарман атанған
атамыздың атында жасыл же-
лекке оранған саябақ бой
көтерсе, Ыбырай Жақаев
атындағы күріш өсіру тарихы
музейі 1982 жылдан бері
жұмыс жасап келеді. Облыс
орталығында жуырда Ыбырай
Жақаевтың есімімен Ең
-
беккерлер аллеясы ашылса,
Қызылорда қаласында бұл
кісінің есімімен күріш өсіру
ғылыми зерттеу институты
нәтижелі жұмыс жасап келеді.
Сөз соңын қаламы жүйрік
қаламгер Қанапия Дәрі
-
баевтың:
“Шиеліні білгің келсе
жарандар,
Ыбырайдың жолын күтіп
қараңдар”,-деген өлең жолда-
рымен аяқтағанды жөн санап
отырмыз.
Бүгінгі буын Ыбырайдың
даңқты еңбек жолын үлгі етіп,
келер ұрпаққа насихаттаса,
олар бақытын еңбектен тап -
қан тұлғаның өмірінен өнеге
алып, саналарына тоқи білсе,
ел ертеңінің жарқын болары
сөзсіз.
Азиз БАТЫРБЕКОВ.
Ыбырай Жақаевтың Еңбек Ері атанғанына – 65 жыл!
Өмірінен бүгінгі
жұрт үлгі алады