С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет1/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1



С. СИМБАЕВА
БЕЛСЕНДІ ОҚУ МЕН ОҚЫТУДА
ҚОЛДАНЫЛАТЫН 
ӘДІСТЕР
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Нұр-Сұлтан, 2019
ӘОЖ 371
1


ББК 74.202.5
С 37
Пікір жазғандар:
Құсманова К.Ә. - Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ доценті, ф.ғ.д
Жундибаева А.К. - Семей қ., Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD
Айкенова Р.А. - «Тұран-Астана» университеті профессоры, п.ғ.д.
С 37
С. Симбаева 
Белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер: әдістемелік
құрал./құраст. С. Симбаева.– Нұр-Сұлтан: «Тұран-Астана»
университетінің баспаханасы, - 2019.-
133 б.
ISBN 978-601-7871-58-1
Оқыту мен оқу жаттанды ақпараттан гөрі, онда қойылған мәселені талдауға,
салыстыруға, өз көзқарасын білдіруге, ой толғауға, өзінің және өзгенің әрекетіне баға беріп,
рефлексия жасауға құрылуының қажеттілігі бүгінгі күн тақырыбына айналып отыр.
Сондықтан да оқыту үдерісі студенттің белсенді әрекетіне негізделуі тиіс. Сол себепті де
әдістемелік құралда белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мәтінді оқуға, сол
бойынша ой толғанысын білдіруге, талдауға байланысты жіктеліп берілді. 
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, жоғары оқу орнының
оқытушыларына және БАИ оқытушылары мен қызметкерлеріне, білім алушыларға арналған.
ӘОЖ 371
ББК 74.202.5
«Тұран-Астана» университетінің ғылыми кеңесі баспаға ұсынған
ҚР Әділет Министрлігінің авторлық құқық объектісіне құқықтарды
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №1302 негізінде 28.04.2018ж. тіркелген.
ISBN 978-601-7871-58-1
© С.Симбаева, 2019
2


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
4
1. ӘДІС, ТӘСІЛ, СТРАТЕГИЯ 
7
2. ТАҚЫРЫПТЫ АШУҒА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
11
3. МӘТІНМЕН ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
20
4. ЖАЗЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
37
5 ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
62
6. ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУ МЕН ОҚЫТУ
115
7. РЕФЛЕКСИЯ - ЖАЗУ МЕН ТАЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
121
8. ШАҒЫН ТОПТАРҒА БІРІКТІРУ
130
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
132
КІРІСПЕ
3


Оқытудың белсенді және интербелсенді үлгілерін енгізу – бүгінгі таңда
өзекті мәселенің бірі. Себебі, студент оқу үдерісіне белсенді араласқан кезде
ғана берілген материалды жеңіл меңгеріп, жақсы есінде сақтайды, мәніне
тереңірек үңіледі. Сондықтан да бүгінгі күн талабы – студентті белсенді
әрекетке тарту. Оқыту үдерісінде тұлға зерттеу тақырыбына, талқыланатын
мәселеге, жағдаятқа белсене араласып, сәттілікке қуанып, сәтсіздікке реніш
білдіріп отырса ғана оның ішкі уәжі оянады. Сонда ғана білімді саналы
меңгеруге ынтасы пайда болады. Ал оны қалыптастыру үшін белсенді оқу мен
оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану қажет. Сол себепті де қазіргі
қолданыстағы 
белсенді оқу, интербелсенді оқу, енжар оқу 
сияқты түсініктердің
аражігін аша білуіміз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет