Гүлназым
САҒИТОВА
Облысымызда 1 тамыз-
дан бастап «Жолашар» атты
респуб ликалық акциясы бастал-
ды. Облыстық білім басқармасы
мамандарының айтуынша, шара
1 қарашаға дейін созылады. Ак-
цияның мақсаты – оқушылардың
бойында өздері құралпы мүмкін-
діктері шектеулі жандарға деген
толеранттық қарым-қатынасты
қалыптастыру, жастарды әлеу-
меттік маңызға ие жұмыстарды
ұйымдастыру процесіне жұмыл-
дыру, қоғамда ерекше білім беру
талаптарына мұқтаж балаларды
ойдағыдай біріктіруге мүмкіндік
беретін инклюзивті білім беру
кеңістігін ұйымдастыру үшін
жағдай жасау, балалар бойын-
да адамгершілік құндылықтар,
яғни жасөспірімдерді, жастарды
тәрбиеге баулу, қайырымдылық,
мейірімділік пен аяушылық қа-
сиеттерінің үйлесім табуына,
шығармашылық және өнер
арқылы қоғамда мүмкіндіктері
шектеулі балаларды әлеуметтік
бейімдеу мен біріктіруге жағдай
жасау, олардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту мен таны-
мал етуге жәрдемдесу. Акция
аясында диалог алаңдары ұй-
ымдастырылып, тренинг, «дөңге-
лек үстел», балалардың, ата-ана-
лардың, білім алушы жастардың,
мемлекеттік құрылым өкілдерінің
қатысуымен медиа-марафон,
кеңес беру секілді шаралар
өтеді.
2
8 қыркүйек 2015 жыл
Маңында пешке қазан қойылып, ыстық
бауырсақ пісіп жатыр. Өзге ұлт өкілдері
нан пісіруші қыздардан: «осындай тәтті
әрі жұп-жұмсақ бауырсақты қалай әзір-
лейсіздер?» деп сұрап та қояды. Қазаннан түскен
ыстық бауырсақ табақ-табақ болып бірден киіз үйге
жіберілуде. Киіз үйдің іші де жайнап тұр. Бар жа-
сауымен жарқырайды. Екі жер үстелге бауырсақ
шашылып, тәтті кәмпиттер де қойылыпты. Жаға-
лай отырғандарға шай ұсынылуда. Осылай бірі
кіріп, бірі шығып дастарқаннан дәм татуда. Ешкім
де таласа тармаса мазаны алып, берекені кетіріп
жатқан жоқ. Кезегімен кіріп, дәм татып, киіз үйді
тамашалап жатыр. Бұл әсіресе балаларға қызық.
Қала баласы киіз үйді қайдан білсін. Әрбір затты
қолымен ұстап, шаңыраққа қарап, тамсаныстарын
да жасыра алмайды.
Ал аулада небір қызық. Бір жерде палуандар
күресі (балалар арасында), бір жерде цирк өнер-
паздары, енді бір жерде лотерея ойнатылуда. Со-
нымен қатар мұражайдың ішін аралап, танысып
шығуға да мүкіндік бар. Оның іші де күндегідей
емес. Қолөнер шеберлерінің заттары, мұражай та-
рихынан сыр шертетін деректі фильмдер көрсетілу-
де. Мұражай қызметкерлері өткен ғасыр стилінде
киініп алған. Ұзын көйлек, әдемі шляпа, қолдарында
желпеуіштері де бар. Олардың қасында жүріп, тарих
қойнауына еніп кеткендей әсер алады екенсің. Күн
де тамаша болды.
Ұтыс билеттері 100 теңге тұрады. Ал сыйлыққа
мұражайдың 100 жылдығына арналған кәдесый.
Ұтып алғандар қуаныштарын жасыра алмай, мәз
болуда.
– Екі баламды ертіп келген едім. Кеш сондай
қызықты. Балалар бір сағат бойы циркті тамаша-
лады. Ойнап, өзі де бірге араласып кетті. Киіз үйдің
ішіне кіріп, отырып, дастарқаннан дәм татты. Қы-
зым болса мұражай ішін аралап шықты. Және өзі
ұнатқандай бетіне сурет салдырды. Бұл аквагрим
деп аталады екен. Ең бастысы, балаларға да, үл-
кендерге де бұл күн ұнады. Ұйымдастырушыларға
мың алғыс. Халықпен осындай емін еркін араласқан
дұрыс деп ойлаймын, – дейді қала тұрғыны Айгүл
Әлім.
Осылайша бір кеш қызыққа толы болды. Тарихи
деректерге қанық болып, қызықты демалыс сәтті
өтті.
Табиғат аясындағы
қызықты сәт
1-бет.
Төлегеновтерге дауыс
берейік!
Елбасымыздың бастамасымен бастау алған «Мерейлі отбасы»
байқауы биыл да жалғасын тауып жатыр. Аталған сайысқа біздің
Қостанай облысынан көп балалы Төлегеновтер отбасының қатысып
жатқандығы туралы газетіміздің өткен сандарында жариялаған бола-
тынбыз. Міне, байқау жеңімпаздарын анықтайтын күн де алыс емес.
Небәрі екі-ақ күн қалды, яғни 10 қыркүйекте дауыс беру аяқталады.
Алайда, осы екі күннің ішінде жерлестеріміздің республикалық ұлт-
тық бұл байқауда жеңімпаз атануы да сіз бен біздің қолымызда, ағай-
ын. Олай болса, www.kaztube.kz сайты арқылы немесе Kcell, Beeline,
Altel, Tele2 мобильдік операторлары арқылы мына 6284 қысқа нөмірі-
не СМС арқылы және 8-803-080-00 телефон нөмірлері арқылы дауыс
беріңіздер. Сіз дауыс беретін Төлегеновтер отбасының нөмірі – 11.
Жерлестеріміздің жеңімпаз атануына қолдау білдірейік, ағайын!
«Ашық есік» күні өтеді
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сы-
байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінде 2015 жылдың
18 қыркүйегінде «Ашық есік» күні өткізіледі.
Іс-шараның барысында Департамент басшылығы азаматтар-
ды жеке қабылдау жүргізеді, сондай-ақ, Департаменттің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметінің, мемлекеттік қызметтен өту туралы
(тестілеу, заңнаманы бұзу және т.б) мәселелері бойынша кеңес беріледі.
Біздің мекен-жайымыз: Қостанай қ. Гашек көшесі 4.
Жеке қабылдауға: 914-212 нөмірі арқылы жазылуға болады.
Сонымен қатар, қызықтырған мәселелер бойынша өз хабарла-
маларыңызды WhatsApp: +7-707-122-1494, Skype: DADGSPK1494.
арқылы жібере аласыз.
БАЙҚАУ
Жүректен шыққан
шымыр сөз
Гүлназым
САҒИТОВА
Облыс орталығындағы Достық үйінде Оралхан Бөкей
атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық
байқауының облыстық кезеңі болып өтті.
– Байқаудың басты мақсаты ең алдымен мемлекеттік тілдің қол-
дану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, жастар мен жасөспірімдер,
оқушылар арасында көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру,
талапты да талантты жастарды іздеп табу. Байқауға қалалық, аудандық
кезеңнің жеңімпаздары атанған он төрт сайыскер қатысуда.Байқау
шарты бойынша 16-22 жастағы жастар қатыса алады. Сол секілді бай-
қау барысында тек Оралхан Бөкейдің ғана емес, басқа да еліміздің
ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан да үзінді оқи алады.
Өткен жылғы байқауда жеңімпаз атанған рудныйлық Жансая Мұрат-
баева республикалық байқауда үшінші орынды жеңіп алды. Жылдан
жылға жастар арасында ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан
үзіндіні жатқа оқу саны артып келеді. Ол да үлкен қуаныш, – дейді об-
лыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Саида Бажерова.
Қатысушылар өздерінің тіл ұстарту шеберліктерін прозалық,
драмалық шығармалардан үзінді, мәнерлеп өлең оқып көрсете білді.
Мәселен, Қостанай ауданынан келген Ғайни Адилпанова, қарасулық
Әлішер Қуанышбек Оралхан Бөкейдің «Жылымық», тарандық Бал-
зина Атымтаева «Апамның астауы» әңгімелерінен үзінді оқығанда
байқағанымыз сол, әңгіме үзінділерін нақышына келтіріп, мәнерлеп,
дауыс ырғақтарын өзгертіп оқығанымен, орыс әріптерін айту дикция-
сы байқалды. Басқа қатысушыларда сондай бірлі-жарым кемшіліктер
кездескенімен драмадан, прозалық шығармалардан үзінділерді жоға-
ры деңгейде оқығандарын атап өткіміз келеді. Әрқайсысы көркемсөз
оқудың шебері, жүйрігі. Бір-бірінен қалысар емес. Өйткені, жеңімпаз
Астана қаласында өтетін Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу ше-
берлерінің республикалық байқауына қатысуға мүмкіндік алады.
СУРЕТТЕ: байқаудан көрініс.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Бүгінде әлем экономикасы
өте күрделі жағдайды бастан
өткеріп отыр. Оған бірқатар
шикізат көздерінің құнсыздануы,
әсіресе мұнай бағасының құл-
дырауы себепкер болуда. Әри-
не, бұл жағдай біздің елімізге
де кері әсерін тигізбей жатқан
жоқ. Себебі, біздің еліміз де өз
тауарларын әлемдік рынокқа
шығарады. Осы мәселеге бай-
ланысты үкімет ел экономика-
сының тұрақтылығы үшін теңге
бағамының еркін айналымын
қамтамасыз ету сияқты нақты
қадамдарға барып отыр. Осыған
орай, елімізде азық-түлік баға-
сының өсуіне жол берілмес үшін
барлық қажетті шаралар қолға
алынуда. Елбасымыз да қиын-
дықтарға қарамастан халықтың
әлеуметтік жағдайының басты
назарда болатындығын қадап
айтты. Сондықтан, Елбасының
тапсырмасымен қазір облыс ор-
талықтарында жағдайды бақы-
лауға алатын арнайы штабтар
да құрылды. Сайып келгенде,
осының бәрі халық үшін жаса-
лынып жатқандығын ұмытпауы-
мыз керек. Өз басым, доллар
өсті екен деп босқа дүрлігудің
қажеті жоқ деп санаймын, себебі
біз түрлі әлеуметтік төлемдерді
теңгемен төлейміз, еңбекақы,
зейнетақы, жәрдемақыны да
теңгемен аламыз. Олай болса,
ешқандай қорқыныш болмауға
тиіс. Мұның бәрі өткінші, себебі
біз талай сынақтардан өттік, сон-
дықтан бұл сынақтан да өтеріміз-
ге сенімім мол. Тек, мұндай кез-
де сабырлылық танытып, жақсы
күндерге жету үшін Елбасымыз-
бен бірге болып, игі істерге жұ-
мыла кірісуіміз керек. Әркім, әр
ұжым өз жұмыстарын табысты
атқаруға атсалыссын. Ең басты-
сы, егемендіміз ұзағынан болып,
еліміз тыныш болсын деп тілейік!
ЖАҢА АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
Қалқаман ЖАҚЫП,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің профессоры:
«Абыржуға негіз жоқ»
«Жолашар» акциясы
Заман талабы-креативтілік
Ұзынкөл. Білім берудің жаңа мазмұны жаңашыл, шығар-
машыл көзқарастары қалыптасқан мамандардың болуын талап
етеді. Мұның бір көрінісі-авторлық жұмыстардың дайында-
лып қолданылуы. 2014-2015 оқу жылында аудан педагогтары
Т.Сейдалина, С. Черненко, Н. Есімбекова, О. Сахно, С. Вини-
ченко облыстық, республикалық әр деңгейдегі байқаулардың
жеңімпазы атанды. Ал, №1 Ұзынкөл орта мектебінің «ҰБТ-ге
дайындық жасауда Қазақстанның үздік мектебі» атағына иеле-
нуі-мектеп ұжымының жаңаша педагогикалық әдіс-тәсілдерді
қолданудың жемісі деп айтуға болады.
Отбасыны қолдау апталығы
Облыста. «Нұр Отан» партиясы ҚОФ қыркүйек айының
7-11 аралығында «Отбасыны қолдау апталығын» өткізеді. Осы
мерзім ішінде партияның қоғамдық қабылдауына жазылып,
отбасы мәселелеріне қатысты кәсіби психологтар мен заңгер-
лерден тегін кеңес алуға болады. Ашық есік күні бір аптаға
жалғаспақ.
Кездесу аясында...
Арқалық. Қаладағы жалпы білім беретін №10 орта мек-
тебінде «Дінің-діңгегің» атты имандылық іс-шарасы өтті. Ша-
раға қаладағы мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы,
ішкі саясат бөлімінің діни істер жөніндегі маманы Әсет Бауыр-
жанұлы қатысты. 8-11 сынып аралығындағы оқушыларымен
кездесу аясында қонақтар Елбасымыздың атап көрсеткен
«дәстүрлі құндылықтарға негізделген діни сана қалыптастыру»
мәселесі бір мекеменің қолынан келетін іс емес екендігін, ол
бүкіл халықтың жұмыла көтеретін жүгі әрі бойында ұлтына де-
ген сүйіспеншілігі бар әр азаматтың абыройлы міндеті екендігін
айтты. Оқушылар дін мәселесі бойынша өздерінің ойларымен
бөлісе отырып, көкейдегі сұрақтарын да қойды.
Өнер шеберлеріне тәнті болды
Қамысты. Жақында Е.Өмірзақов атындағы облыстық фи-
лармонияның әншісі Гүлбану Абдуллина мен домбырашылар
Ыбырай Есжан, Мұрат Хамитовтар өз өнерлерін ортаға паш
етіп, аудан жұртшылығын қуантып тастады. Г.Абдуллина қазақ,
орыс, өзбек тілдерінде ән шырқап, итальян, француз, ағылшын
тілдерінде әртүрлі опералардан ариялар орындады. Ы.Есжан
мен М.Хамитов домбырамен музыкалық сүймелдеумен күй
тартып, әндердің мақамын орындап, домбыраның виртуозды
тарту өнерін көрсетті.
«Мектепке жол» акциясын өткізді
Лисаков. Төтенше жағдайлар бөлімі жыл сайынғы жалпы
республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына
қатысты.Оның басты мақсаты жетім балаларға, ата-анасының
қамқорынсыз қалған балаларға және көп балалы отбасылар
мен тұрмысы төмен отбасыларға нақты көмек көрсету болып
табылады. Акцияға төтенше жағдайлар бөлімі 5 жылдан артық
уақыт қатысып келеді. Оқу жылы басталар алдында аталмыш
бөлім №1 орта мектебінің 6 сынып оқушысына көмек көрсетті.
Жергілікті құтқарушылармен кездесті
Алтынсарин. Өртке қарсы қызметтің бастамасы бойынша
«Нұр Отан» партиясы ғимаратында Алтынсарин ауданының
«Нұр Отан» партия филиалының төраға орынбасары Қ. Әбіке-
евтің төрағалығымен, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік
қызмет агентігі Департаментінің мемлекеттік қызметті өткеру
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы
Е.Тастанбековпен, Қостанай облысының «Нұр Отан» партиясы
облыстық филиал қызметкері А.Кәкеновпен кездесу өтті.
Эстафета Әулиекөлде жалғасты
Әулиекөл. Өткен аптаның аяғында ауданға Ресей мен Қа-
зақстанның біріккен эстафетасы – Ұлы Отан соғысының 70
жылдығына арналған Бүкіләлемдік алау эстафетасының қа-
тысушылары келді. Эстафета Омбы қаласынан бастау алып,
Петропавл-Қорған-Челябі-Қостанайдан Әулиекөлге келіп отыр.
Салауатты өмір салтын насихаттаған желаяқтарды әулиекөл-
діктер де ерекше қошеметпен қарсы алып, сый-құрмет көрсет-
ті. Марафоншылар15 қыркүйекте Астана-Павлодар-Омбыға
жетеді.
3
8 қыркүйек 2015 жыл
Расында да, жаңа технологияларды
кәсіпорында енгізе отырып, өндірістің
тиімділігін күшейтіп, тауарлар сапасын
арттыру экономиканың негізгі құралы.
Соның негізінде өңірде аса бір стратегия лық-
қаржылық жобаның жақында тұсауы кесіліп, өз
жұмысын бастап та кетті. Ол – Таран ауданындағы
Тобыл поселкесінде «Olzha Storage» ЖШС-нің эле-
ватор кешені.
Индустриялық-инновациялық даму бағдар-
ламасының аясында бастау алған элеватордың
ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралы Садуақа-
сов қатыс ып, ұжымға жылы лебізін білдірді.
– Көптен күткен тамаша жобаның іске асқан-
дығына барлығымыз разымыз. 2011 жылы
естеріңізде болса, бітік шыққан астықты сақтай-
тын элеватор кешеніне тапшылық сезілген еді. Енді
бүгін соның алдын алып, мемлекеттік бағдарла-
малардың орындалу үдесінен шығып, Тобыл по-
селкесінде қазіргі заманға лайық элеватор кешені
жұмыс істеуде, – деп өңір басшысы салтанатты ша-
раға жиналған ұжымға, диқандарға игі тілегін жет-
кізіп, астық қабылдайтын орынды аралап, учаске
басшысы Абай Құдабаевпен пікірлесті.
– Міне, бүгін іске қосылған элеватор алғашқы
жүк машинасын қабылдап, қоймаға астықты жө-
нелтуде, – деп Абай Құдабаев жұмыс процесін
облыс әкіміне таныстыра бастады. – Құрал-жаб-
дықтарымыз да қазіргі заманға лайық. Биылғы
жылы 8 қойма, әрқайсысы 5000 тонна астықты қа-
былдайды. Мен басқаратын учаскеде небәрі төрт-
ақ адам жұмыс істейді. Ал, қалғанын өзіңіз көріп
отырғандай, осы тех-
ника атқарады, – деді
учаске басшысы.
Содан соң өңір бас-
шысы бидайдың са-
пасын анықтайтын
лабораторияға келіп,
мұндағы жағдаймен
танысты. Лаборатория
меңгерушісі Антони-
на Шувалова да жоға-
ры білікті маман екен.
Заманауи техниканың
құлағында ойнайды
десе де болады. Бидай-
дың сапасын, клейкови-
насын зерттеп, өзінің іс
барысындағы машығын
танытып жатыр.
– Биылғы бидай бітік шығуда. Түсімі мен сапа-
сы да жақсы. Қазіргі ауа райы мүмкіншілік беріп,
тез орып алсақ, қоймамыз астыққа толары анық,
– деп әзілдей сөйледі ғалым Антонина Шувалова.
– Индустриялық-инновациялық бағдарлама біздің
өндірісті тек экономикалық сипатта ғана емес,
ғылымда да алға дамытатыны сөзсіз. Мұндағы ма-
мандар жаңа технологияны игеру арқылы ғылымда
да жетістікке жетеді деп үміттенемін, – деді сөзін
әрі қарай жалғастырып.
Асылы, жаңа технологиялар мен ақпараттық
технологияларға сүйеніп, ғылымды көп қажет-
сінетін отандық өндірісті дамыту һәм бәсекеге
қабілетті өнімдерді шығара білу бүгінгі эконо-
миканың көрінісі. Міне, сол тұрғыдан бүкіл ин-
фрақұрылымы жарақталып ашылған элеватор сол
үдеден шықпақ.
«Еліміздің алдында тұрған үлкен мақсат – мы-
надай алмағайып заманда экономикамызды түзеп,
жағдайымызды жөндеп, индустриялық Қазақстан-
ды жасау. Сол кезде еліміздің келбеті өзгереді,
басқа кадрлар даярланады, басқа ұрпақ өседі,
экономика жаңарады. Біз шынымен де 30 өркен-
деген, өскен елдің арасына енеміз. Мақсатымыз –
сол. Осындай мақсат қойған ел қызметкерлерінің
жұмысы да қызық болады. Істеген жұмысыңның
ертең нәтижесін көресің өзің. Қолыңмен істейсің,
көзіңмен көресің, елдің ризашылығына бөленесің.
Осы жұмысты атқару –
бәрімізге бақыт. Осы
бақытты пайдаланып
еңбектенейік, халқы-
мызға қызмет етейік»,
– деп айтқан болатын
Елбасымыз Н.Назарбаев
үдемелі индустрия лық-
инновациялық даму
бағдарламасын жүзеге
асыруға арналған ке-
ңесте.
Президентіміздің
жемісті еңбегінің нәти-
жесінде қазір еліміз
дамыған 50 мемлекет-
тің қатарына қосылды.
Күрделі экономикалық
және саяси міндеттерді табысты игеріп һәм ше-
шуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге жеттік.
Еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы
саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған
мүмкіндік беруде.
Соны негізге ала сөйлеген «Olzha Storage» ЖШС
жобасының басшысы Едірес Смайлов бұл жоба-
ның құрылысы 2013 жылы бастау алғанын жеткізді.
Жалпы бұл өндірісті ашуға 1 млрд 679,6 млн теңге
қаржы жұмсалған. Қаржы көзі «КазАгроФинанс»
АҚ-нан бөлініпті. Қазір жылына 40 мың тоннаға
жақын астықты қабылдауға элеватордың қауқары
жетеді. Жобалық қуаты сол шамаға жеткен шақта
44 адам тұрақты жұмыспен толық қамтылады.
2020 жылдарға қарай аталған кешен жобалық
қуаты 100 мың тоннаға жететін астықты қабыл-
дауға жоспар қоюда. Бұл әрине, алдағы уақыттың
еншісіндегі шаруа.
СУРЕТТЕ: Салтанатты шарадан көрініс.
Суретті түсірген автор.
Астықты өңірде –
жаңа элеватор
1-бет.
«... Инфрақұрылымдық жобаларды жүз
еге
асыру құрылыс материалдарына, көліктік-ком
-
муникациялық, энергетикалық және тұрғын
үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер м
ен қыз-
мет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады.
Осыған байланысты, біріншіден, жұм
ыс
істеп тұрған арнайы экономикалық аймақт
арда
инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыст
арын
аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге о
ларды
нақты жобалармен толықтыру бойынша
жедел
шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде
ШОБ
өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар
тартуға бағытталған жаңа индустриялық
ай-
мақтар салу мәселесін ойластырған жөн»
Елбасы Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» Жолдауынан
Шұға