Тұлға — жеке адамның өзіндік
адамгершілік
, әлеуметтік, психологиялық
қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде
жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің
жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-
қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне
енгізудің жемісі.
Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның
рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен
пайымдалады. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып,
оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі.
Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам
орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып,
әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының
зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр
ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына
сыйғызады.
Адам, индивид, жеке тұлға-өзара байланысты бұл ұғымдар өмірде жиі
бірге қолданылғанымен, социология ғылымы оларды бір-бірінен бөліп
қарастырады. “Адам” деген термин –жер бетіндегі тірі организмдер
дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдеи субъект.
Адам табиғаты біртұтас әлеуметтік жүйе болып табылады. Адамның мәнді
әлеуметтік қасиеттері- оның азаматтылығын анықтайды. Адам белгілі бір
қоғамдық қатынастың нәтижесі ғана емес, сонымен бірге сол қатынастың
өзін “ дүниеге әкелуші”.
Жеке тұлға дегеніміз-өзінің қайталанбас индивидуалдығымен
ерекшеленетін индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі, қоғам
дамуының өкілі ретінде адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің толықтығы.
Жеке тұлғаның барлық анықтамалары оның дамуының екі қарама-қайшы
көзқарастарымен негізделеді. Бірінің көзқарасы бойынша әрбір жеке тұлға
өзінің туылған қасиеттері мен қабілеттерінің қатынасында қалыптасады
және дамиды, және мұнда әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие бола
қоймайды. Ал екінші көзқарастардың өкілдері жеке тұлғаның туылған
ішкі қасиеттері мен белгілерін толығымен терістейді және жеке тұлғаны
әлеуметтік тәжірибе барысында толығымен қалыптасатын құбылыс деп
санайды. Бұл жеке тұлғаның қалыптасу процесіндегі көзқарастар болып
табылады.Бұл құбылысты талдауда біз жеке тұлғаның биологиялық
ерекшеліктерімен қатар оның әлеуметтік тәжірибелерін де ескеруіміз
қажет.
Бұл көзқарастарға байланысты жеке тұлға әртүрлі әлеуметтік және мәдени
тәжірибелердің түрлеріне қатысты биологиялық организм ретінде дамиды.
Мұнда жеке тұлғалық белгілердің қалыптасу процесіне әсер ететін туған
қабілеттері, даму қарқыны терістелмейді.
Жеке тұлға ұғымы адамда оның өмірлік қызметінің әлеуметтік бастауын
сипаттауға көмектеседі. Адам әлеуметтік байланыстарда , әлеуметтік
институттарда, мәдениетте, яғни қоғамдық өмірде басқа адамдармен
қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылатын қасиеттерді жасайды.
Жеке тұлға ұғымы әрбір адамда әлеуметтік мағыналы белгілердің
индивидуалды бейнеленуін және оның негізгі барлық қоғамдық
қатынастардың жиынтығы ретінде бейнеленуін көрсетеді. Социология
ғылымы тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуының әлеуметтік негізін,
тұлғалар типі қоғамында өсетін әлеуметтәік қызметтер мен әлеуметтік
мазмұнда , яғни жеке тұлғаны қоғамдық өмірдің қайнар көзі ретінде
зерттеуге тырысады. Социологтардың көзқарасы бойынша жеке тұлға
басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы ндивидуалды өмір
қызметінің әлеуметтік белгілерін бейнелейтін және сол арқылы қоғамдық
қатынастардың дамуы мен тұрақтануына әсер ететін жеке адамдарды
білдіреді.
Адам дүниеге келгенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде
әлеуметтік өмір туралы ешқандай түсінік жоқ., онда адам болудың тек
мүмкіндіктері ғана бар. Нышан деп аталатын ол мүмкіндіктер басқа
адамдармен қарым-қатынас жасап, қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі
нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады. Сондықтан да К.Маркс
адамның мәні, сайып келгенде, барлық қоғамдық қатынастардың
жиынтығы болып табылады деген болатын.(К.Маркс, Ф.Энгельс)
Демек, адам адам болып туылмайды, қалыптасады. Адамның адам
болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына
сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-
экономикалық жағдайлар , мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен
семьяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші
роль атқарады. Адамның бұл қалыптасу процесі социологияда
әлеуметтендіру деп аталады.
Өскелең ұрпақтың әлеуметтену мәселелері алғаш рет субъективтік
тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде ,
атап айтқанда, австриялық психолог З.Фрейдтің психикалық анализі мен
осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс
Германияда пайда болған антропологиялық мәдениет теориясын
дамытушылародың еңбектерінде аталып, жасөспірімдердің психикалық
және жыныстық пісіп-жетілуі олардың әлеуметтенуінің қайнар көзі
ретінде қарастырылды. Ал необихевиоризм өкілдері “әлеуметтену”
ұғымының мазмұнын “әлеуметтік өмірді оқытып-үйрету” мәселелерді
құрайды деп есептейді. Символдық интеракционизм мектебінің мүшелері
“әлеуметтену” дегеніміз “әлеуметтік мқарым-қатынас нәтижесі” деп
түсіндіреді. Гуманистік психология ағымының өкілдері “әлеуметтену”
терминінің мазмұнын “ мен” ұғымының баламасы ретіндегі “пайымдап,
дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың” өзіндік маңызды
мәселелерді құрайды деп біледі.
“Әлеуметтену” ұғымына берілген орыс ғалымдарының
анықтамаларында өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесінде олардың
жеке бастарының қалыптасуына ықпал ететін қоршаған нақты ортасына
тән объективті және субъективті факторлар жиынтығы жартылай болса да
қамтылған. Орыс ғалымдарының “әлеуметтену” ұғымдарына берген
анықтамаларының барлығына ортақ бір кемшілік бар. Ол адамдардың
барлығының дерлік мазмұнының кешегі күні өткен тоталитарлық жүйеде
“тәрбие” ұғымына беріліп келген анықтамалардың мазмұнына тым
ұқсастығы, оларды айтарлықтай сол күйінде қайталауы. Ал, ақиқатын
айтқанда ,”әлеуметтену” ұғымының құрамдас элементтері, мазмұнын
толықтырар бөлшектік компоненттері болып табылады.
Демек “әлеуметтену” термині мен “тәрбие” ұғымының арасында
айтарлықтай елеулі айырмашылықтар бар. “тәрбие” ұғымы қоғамның өз
мүшелеріне саналы түрде арнайы жоспарланған мақсатты тәрбие беруін
білдіреді. Ал “әлеуметтену” термині болса, өзінің мазмұнына мемлекеттік
тәрбие жүйесіне тән белгілерден басқа да қоршаған ортаның ықпалымен
өмірдің өзінен туындайтын әрі күнделікті тұрмыста жиі кездесіп тұратын
тәрбиелік мүмкіндіктерді де қамтиды. Мысалы, жасөспірімдердің
әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына құрбы-құрдастарының тигізетін
ықпалын әлеуметтендіру процесі ретінде алып қарастыруға болады.
Немесе,жасөспірімді өмірден, үлкендермен арадағы қатынастардан
көрген-білгендерінен түйгендерін ой елегінен өткеріп, эмоциялық-сезімдік
ішкі толғаныстары, салыстырмалы- танымдық пайымдаулары мен ой-
тұжырымдарының тәрбиелік мәні.
Сонымен әлеуметтену дегеніміз-жеке тұлғаны жан-жақты
қалыптастыру, жеткіншек жас ұрпаққа оқыту мен тәрбиелеу процесінде
белгілі бір тәртіпке келтілріліп, жинақұталған қажетті ғылыми білімдерді,
дағды-ікерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен
құндылықтарды, дүниетанымдық тағылымдар мен салт-дәстүрлерді, әдет-
ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды , адамгершілік пен мінез-құлық
ғұрыптарын меңгеру арқылы біртіндеп өздері өмір сүріп отырған
қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылыстарына сәйкес әлеуметтік
рольдер жүйесіне қосу.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Социология:
Уч.пособие. – Алматы: Эверо,2017. – 584с.
2.
Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы. 2-басылым. –
Алматы: "Қазақ университеті", 2018. – 224б.
3.
Грушин Б.А. Мнения о мире и мир мнений. М.: Праксис, ВЦИОМ, 2011.
4.
Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н.
Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с..
5.
Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: "Ұлттық
аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
6.
https://www.wiki.kk-
kz.nina.az/%D0%A2%D2%B1%D0%BB%D2%93%D0%B0.html
7.
https://melimde.com/jeke-tlfa-eleumettanui-jospar.html
Достарыңызбен бөлісу: |