Добавить подзаголовок



Pdf көрінісі
Дата20.10.2022
өлшемі40,28 Kb.
#44467
Байланысты:
A24188D5-F5F1-4808-A0FB-A52AD1C45E27



Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар және инжиниринг университеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Субъекті үшін кәсіпкерлік құпияның пайда болуы
және оны қорғаудың негізгі жолдары.
Орындаған:Бақытжан Айжұлдыз 
Ақтау-2022


Заңдылық - кəсіпкерлік субъектілері кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде, 
мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары 
кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы 
конституциясының, кəсіпкерлік кодекстің жəне Қазақстан Республикасының өзге 
де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.
Кəсіпкерлік еркіндігі - əркімнің кəсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген 
заңды кəсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Кəсіпкерлік 
субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез 
келген кəсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Кəсіпкерлік субъектілерінің теңдігі- Кəсіпкерлік субъектілері өздерінің меншік 
нысанына жəне кез келген өзге де мəн-жайларға қарамастан, заң мен сот 
алдында тең. Кəсіпкерлік субъектілері кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде 
тең мүмкіндіктерге ие болады.
Меншікке қол сұғылмаушылық –кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне қол 
сұғылмаушылыққа заңмен кепілдік беріледі. Кəсіпкерлік субъектілері заңды 
түрде сатып алған кез келген мүлікті меншігінде иелене алады. Сот шешімінсіз 
кəсіпкерлік субъектілерін өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңда көзделген 
айырықша жағдайларда мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мəжбүрлеп иеліктен 
шығару тең бағамен өтелген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Адал бəсекелестік - бəсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың 
құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған қызметке, 
жосықсыз бəсекелестікке тыйым салынады. Монополияға қарсы реттеу 
бəсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар 
жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, Қазақстан Республикасында 
тауарлардың еркін өткізілуін жəне экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз 
ету мақсатында жүзеге асырылады.
Тұтынушылар, кəсіпкерлік субъектілері жəне мемлекет мүдделерінің теңгерімі - 
кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын енгізу қызмет 
немесе əрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін, кəсіпкерлік 
субъектілеріне объективті түрде қажетті ең аз жүктеме кезінде тұтынушылардың 
құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге 
асырылады. Мемлекеттік органдар мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде 
кəсіпкерлік субъектілерінен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық 
актілерінде көзделмеген құжаттарды жəне (немесе) қосымша мəліметтерді 
ұсынуды талап етуге құқылы емес.
Кəсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан 
Республикасында кəсіпкерлікті дамыту жəне қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, 
кəсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады. 
Кəсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар 
болып табылады:
1.
2.
3.
4.
5.
6.


Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы жəне ақпаратқа қолжетімділік - 
мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген шекте жариялы жəне ашық болуға тиіс. Мемлекеттік органдар 
кəсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау бойынша өз 
қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік органдарда бар 
жəне кəсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпарат, егер оны пайдалану Қазақстан 
Республикасының заңдарымен шектелмесе, қолжетімді болуға тиіс. Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мұндай 
ақпарат тегін беріледі. Кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты барлық 
рəсімдер мен талаптар нақты жəне түрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны 
қамтуға тиіс.
Кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі - кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің 
тиімділігіне оның негіздеудің, келісудің жəне мониторингтеудің міндетті рəсімдерін 
ендіру арқылы қол жеткізіледі.
Кəсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау 
қабілеттілігін арттыру - кəсіпкерлік субъектілері кəсіпкерлік кодексте белгіленген 
тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік бақылау жəне қадағалау
органдарының лауазымды адамдары сақтамаған жағдайларда, лауазымды 
адамдарды тексеруге жібермеуге құқылы. Мемлекеттік бақылаудың жəне 
қадағалаудың жүзеге асырылуы барысында өз құқықтары мен заңды мүдделерін 
қорғау мақсатында кəсіпкерлік субъектілері үшінші тұлғаларды тексеруге қатысуға 
тартуға құқылы.
Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы - құқық бұзушылықтар 
профилактикасының жəне кəсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген талаптарды орындау уəждемесінің кəсіпкерлік қызметті 
жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолдану алдында 
басымдығы бар. Кəсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін мемлекеттік 
мəжбүрлеу шаралары оның сипатына жəне ауырлығына сəйкес болуға тиіс.
Кəсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі - мемлекет рұқсат 
беру арқылы лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсат иесінің мемлекеттік реттеудің 
мақсаттарына сəйкес қауіпсіздіктің ең төмен деңгейін қамтамасыз ететінін 
растайды. Кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдар мен 
олардың лауазымды адамдарының тарапынан кəсіпкерлік субъектілері заңды 
қызметінің жүзеге асырылуына кедергілер жасалмауға тиіс. Мемлекеттік орган 
қарап жатқан мəн-жайлар туралы кəсіпкерлік субъектілерінің берген нақты 
деректері сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сəйкес керісінше деп белгіленге дейін дұрыс деп есептеледі.


Кəсіпкерлік қызметті ынталандыру жəне оны қорғау мен қолдауды 
қамтамасыз ету - кəсіпкерлік субъектілерін дамытуды ынталандыру 
мақсатында мемлекет кəсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы 
құқықтық, экономикалық, əлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер жасауға 
бағытталған шаралар кешенін жүргізеді. Кəсіпкерлік қызметті 
ынталандыру, оның ішінде кəсіпкерлікті қорғау мен қолдауды қамтамасыз 
ету арқылы жүзеге асырылады.
Отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет 
көрсетушілерді қолдау - мемлекеттік органдар жəне өзге де ұйымдар 
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін 
дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 
шараларды іске асырады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын 
əзірлеу жəне оларға сараптама жасау, Қазақстан Республикасының 
халықаралық шарттарын жасасу жəне халықаралық ұйымдардың 
шешімдер қабылдауына қатысу кезінде отандық тауарлардың, 
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бəсекеге қабілеттілігін арттыру 
мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері ескеріледі.
Мемлекеттің кəсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол 
бермеу - мемлекеттің кəсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің
ісіне, сондай-ақ көрсетілген бірлестіктердің мемлекеттің ісіне заңсыз 
араласуына жəне оларға мемлекеттік органдардың функцияларын 
жүктеуге жол берілмейді.
Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы - жеке 
кəсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер 
палатасы мен жеке кəсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген 
бірлестіктері арқылы, кəсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын 
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы 
халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды 
əзірлеуге жəне оларға сараптама жасауға қатысады.
Кəсіпкерліктің əлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру – кəсіпкерлік 
субъектілерінің өз қызметіне əлеуметтік жауапкершілікті ендіруіне 
мемлекет һкепілдік береді жəне оны көтермелейді.
Мемлекеттің кəсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы - мемлекет 
кəсіпкерлік қызметке кəсіпкерлік кодекспен жəне Қазақстан 
Республикасының заңдарымен шектелген шекте қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет