І нұсқа Ілік септіктегі зат есімді табыңыз



бет1/11
Дата28.11.2022
өлшемі42,64 Kb.
#53315
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

І нұсқа
1. Ілік септіктегі зат есімді табыңыз.
A) Өмірді өрнектеді. B) Қалаға келді. C) Дауыстап сөйледі.
D) Жақсы оқиды E) Өмір өрнегі.
2. Пысықтауыш қызметін атқарған зат есім.
A) Жүзін шырамытатын сияқты.
B) Досын қаладан көрді.
C) Күн жылына бастады.
D) Жәрдемшіге хабар айтуға болады.
E) Боран да басылды.
3. Бірыңғай бастауышты көрсетіңіз.
A) Ұлпан жүзінде өкініш те, күйініш те жоқ еді, сондықтан
жұрт соған таң қалды.
B) Құрбысы шақырса, күреске қайта түсетін.
C) Шынар арбадан түсе сала жүгірді.
D) Тұрмыстары жүдеу, дегенмен бәрін алдымызға қойды.
E) Біреулері ызбарлы, біреулері көтеріңкі.
4. Толықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.
A) Ғылым мен еңбек бәрін де жеңбек.
B) Өмір бір орнында тұрмайды, онымен бірге ілесу керек.
C) Адасқан сен бе, мен бе?
D) Шіркін-ай, керемет деген осындай болады екен.
E) Қабан шөппен қоректенеді, сондықтан аңдарға тимейді.
5. Бөлшектік сан есімді ажыратыңыз.
A) Он-оннан. B) Тоқсандай. C) Елуге тарта.
D) Жетпісінші. E) Төрт ширек.
6. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
A) Бір табын жылқы. B) Жиырма бірлерде.
C) Оныншы қатар. D) Үшінші орын. E) Мыңдаған қой.
7. Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз.
A) Қызыл шұбары – он үш. B) Сабақты екеулеп оқыды.
C) Сексенді екіге бөл. D) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
E) Отыз – онға бөлінеді.
8.Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Жігіт балықшылар ауылынан көңілсіз аттанды.
A) Бастауыш. B) Баяндауыш C) Анықтауыш.
D) Пысықтауыш. E) Толықтауыш.
9. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз.
A) Бүгін күн жылы. B) Аспанда бозторғай ән салады.
C) Жақсы сөз жан семіртеді.
D) Ол өте жылы киінеді E) Сен өте ақылдысың.
10. Сын есімнен жасалған қос сөзді анықтаңыз.
A) Дәл қазір той-думанның көркіне айналғандай.
B) Сөзінің соңы шаң-шұң бірдемеге ұласты.
C) Топ-томпақ болған бала бейнесі көз алдымнан кетер емес.
D) Соңғы кезде ағамыз елдің гу-гуіне құлақ түретінді шығарды.
E) Кемшілік атаулыны түп-тамырымен жоятын кез жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет