Орындаған: Абилкасимова Аяулым баспа ісі 1-тапсырма



Pdf көрінісі
Дата29.03.2023
өлшемі61,01 Kb.
#77253
Байланысты:
СӨЖ А.Аяулым



Орындаған: Абилкасимова Аяулым баспа ісі 
1-тапсырма: 
1)Ресми девиантты мінез-құлық 
1-мысал: жол қозғалысы ережелерін бұзу 
2-мысал: дінбасының айтқанына мойынсұнбау 
Бұл ресми девианттылық, себебі, мысалда келтірілген әрекеттері үшін адам мемлекет 
тарапынан немесе ресми тұрғыда жазаға тартылады. 
2)Бейресми девианттылық — достарымыздың, жақындарымыздың белгілі бір орынсыз әрекет 
үшін тыюы. 
1-мысал: ер адамның тырнағын бояуы 
2-мысал: қыз баланың темекі шегуі 
Себебі, бұл біздің қоғам үшін жат әрекет, ол үшін басқалар наразылық білдіруі мүмкін. 
3)Субмәдени 
1-мысал: готтар субмәдениеті. Олар тек қара түсті киіи киеді, бет-әлпетін қара түске бояйды; 
2-мысал: панк субмәдениеті. Олар әдетте ерсі келеді, денелерін тату-пирсингтермен 
безендіреді, ауыр музыка тыңдайды. 
Себебі, гот пен панк субмәдениетін ұстанадындардың стилі мен өмір сүру салты қоғам үшін 
біртүрлі көрінеді және наразылық тудырады. 
4)Қайталанбалы(сериялық) 
1-мысал: қыз бала мектепке олай болмаса да, тырнағын ашық түске бояп келді, мектеп 
әкімшілігі тарапынан ескерту алса да, кейін қайтадан тырнағын бояп келеді. 
2-мысал: адам өлтірген қанішер ұсталып, түрмеге қамалып, одан шыққан соң тағы қылмыс 
жасауы 
5)Ситуативті 
1-мысал: ата-ананың арасындағы жанжалдан болатын қолайсыз жағдай төңірегінде өскен 
адамның девиант болуы әбден мүмкін. 
2-мысал: кішкентай кезінде зорлық көрген қызда фобия туындап, девиантты мінез-құлық 
көрсетуі ықтимал. 
2-тапсырма: 
1)Инноваторлар қоғам қабылдаған мақсаттарға заңсыз жолмен жетуді көздейді, мысалы: 
допинг арқылы спортта жетістіктерге жету, экономикалық жағдайыңды басқаларды тонау 
арқылы көтеру. 
2)Конформизм инновацияға қарама-қарсы, қоғам белгілеген мақсаттарға тек заңды түрде 
жетуді көздейді, мысалы: табысқа адал еңбекпен жету, дарындылығың арқылы танымал әртіс 
болу т.с.с. 
3)Ритуализм - адамның өз мүддесі үшін емес, қоғам мүддесі үшін қоғамда мақұлданған 
мәдениетке сәйкес әрекет ету арқылы мақсатқа жету. Мысалы, жұмақ пен тозаққа сенбесе де, 
адамның шіркеуге баруы; отбасында зорлық-зомбылық болса да, полиция көмегіне жүгінбеу, 
т.б. 
4)Ретритизм - қоғам мақсаттарынан, оның нормаларынан бас тарту. Мысалы, нашақорлық, 
үйсіз қаңғыбастық. 


5)Бунт, көтеріліс — қоғам нормаларынан бас тартып, оның баламасын іздеу. Мысалы, 
революционерлер немесе альтруисттер. 
3-тапсырма: 
1-теория:шиеленіс теориясы: Девианттылық - әлеуметтік құрылымның нормадан ауытқуының 
сипаты. 
2-теория: алғашқы әлеуметтену: анасы Тиффаниді құшақтап, онымен жиі сөйлесу арқылы 
оның бойына тілдік және әлеуметтік қарым-қатынастарды сіңіреді. 
3-теория: Дағдарыс теориясы: девианттылық- қат ресурстар үшін бәсеке мен конфликтіге 
қатысты қалыпты реакция. 
4-теория: Қорқытып-үркіту теориясы: девианттылық- шығын мен пайданы есептеу негізінде 
жасалған таңдау. 
Менің девианттылықтың себебі туралы ойым Роберт Мертонның “шиеленіс теориясына” 
жақын. Менің ойымша, девианттылық — қоғамдық нормаларға сай келмейтін мінез-құлық. 
Оның себебі — қоғамның мақсаттары мен оларға қол жеткізу құралы арасындағы сәйкессіздік. 
Осының нәтижесінде девианиттылық пайда болады, кейде қылмыскерге де айналуы ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет