Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет1/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103


Препарат құрылысы: 
Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері .
Бояуы: Гематоксилин және эозин. 
Бояуына сипаттама: Гистологиялық бояғыш заттектер екі түріне бөлінеді: 
1) қышқылды; 2) негізгі. Қышқыл(оксифильді) бояғышқа эозин жатады.Ол 
жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды. Негізгі (базофильді) 
бояғышқа гематоксилин жатады. Ол жасуша ядросын күлгін түске бояйды. 
1 – ішек эпителийі цилиндр тәрізді жасушалары;2 – бүйрек өзекшелері куб 
тәрізді жасушалары ; 3 –мезотелий жалпақ жасушалары ; 
4 –бокал тәрізді безді жасуша ; 
5 –дөнгеленген адам қаны жасушалары: а – яддосыз эритроциттер; б – 
бұршақ тәрізді ядросы бар моноцит; в – ядросы сегменттелген түйіршікті 
лейкоцит; г –дөнгеленгне ядросы бар лимфоцит; 
6 – таяқша тәрізді ядросы бар, ұршық пішінді жасуша (тегіс 
бұлшықетжасушасы); 
7 – ширақша (жгутик) жасушалар (сперматозоидтар);8 – өсінділі нерв 
жасушалары; 
9 – сіңір жасушасы. 
Орналасуы: Адам тіндерінде. 
Препаратқа сипаттама: Адам организміндегі тіндер мен ағзаларда 
пішіндері,құрылысы, химиялық құрамы және заттек алмасу сипаты бойынша 
әртүрлі болып келетін мамандырылған жасушалар орналасқан. Адамда осы 
жасушалардың 200- ден астам түрлері кездеседі. Жалпы құрылым принципі 
бойынша жасушалар бірдей болғанымен, олар бір-бірінен азды-көпті 


ерекшелінеді. Кез-келген жасуша:жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядродан 
тұрады. Құрылысы күрделі болатын бұлқұрамдастар бірін-бірі 
толықтырып, жасуша тұтас организмнің тіршілігінқамтамасыз ететін 
функцияларды атқарады. Жасушаның сыртқы пішіндерініңәртүрлілігі – 
олардың атқаратын функциясына байланысты болады. Жасушапішінінің 
түрлері: шар тәрізді (дөнгеленген) , сопақша, көпқырлы, ұршық 
тәрізді,өсінділі, пирамида тәрізді, жұлдызша тәрізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет