Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация



Дата06.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#55246
Байланысты:
анат бож 2

Дене беткейінде ірі тамырлар проекциясын, тамырларды тындау және басып көру орындарын анықтау.


Орындаған: Н а г а ш б а е в а Т. Факультет:Педиатрия Топ:207
Қабылдаған: Мукашева М.
Астана 2022
Адам анатомиясы кафедрасы

Жоспар


1
2
Жүрек қабырғаларының кеуде қабырғасына проекциялануы
Дене бетінде қан тамырларын тыңдау нүктелері
Дене бетінде қан тамырларын басу нүктелері
3
Қорытынды
4

Жүректıң ıрı қан тамырларының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциясы.

Өкпе сабауы (truncus pulmonalis). Өкпе сабауы басының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциялануы сол жақ III қабырға шемıршегıнıң төске бекитıн жерıнде. Өкпе сабауының оң және сол өкпе артериялық тармақтарға бөлıнуı сол жақ III қабырға шемıршегıнıң жоғарғы бөлıмıне немесе төртıншı кеуде омыртқасы деңгейıне сәйкес келедı.

Артериалды өзек (ductus arteriosus) немесе Баталлов өзегıнıң кеуде клеткасының

алдыңғы қабырғасына проекциялануы алты айға дейıнгı балаларда сол жақ II қабырға шемıршегıнıң төске бекитıн жерıнде, алты айдан жоғары балаларда төстıң сол жағында II қабырғааралықта.

Жоғарғы қуыс венаның (v.cava superior) кеуде клеткасының алдыңғы

қабырғасына проекциялануы төстıң оң жағында II және III қабырға шемıршегı

деңгейıнде.

1-arcus aortae; 2-pars descendens aortae; 3-truncus pulmonalis; 4-auricula sinistra; 5-ventriculus sinister; 6-ventriculus dexter; 7-atrium dextrum; 8-pars ascendens aortae.

Жүрек камераларының және ıрı қан тамырларының проекциясы


— Укажите автора или цитату
Жүрек қақпақтарының кеуде сарайының алдыңғы бетіне проекциялары төмендегідей:
  • Қос жармалы қақпақтың проекциясы сол жақтағы III қабырғаның төске бекіген жеріне сәйкес келеді.
  • Қолқа қақпақтарының проекциясы III қабырғаның төске бекіген деңгейдегі төс ортасына сәйкес келеді.
  • Үш жармалы қақпақ проекциясы сол жақтағы III және оң жақтағы V қабырғалардың төске бекіген жерлерін қосатын сызықтың ортасына сәйкес келеді.
  • Өкпе артериясы қақпақтарының проекциясы төстıң сол жақ шетıнен 1-1,5 см қашықтықтағы Iiқабырға аралығына сәйкес келедı.

  • Кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына жүрек тесіктерінің жармалы және жартыайлы қақпақтарының проекциясы
    1-ostium trunci pulmonales; 2-ostium atrioventriculare sinistrum;3-apex cordis; 4-ostium atrioventriculare dextrum; 5-ostium aortae .

Жүректı тыңдау орындары


Жүрек қақпақтарының проекция орындарының бıр-бıрıне өте жақын орналасатынына байланысты бұл жерлерде әр қақпақтың дыбысын дара тыңдау өте қиынға түседı. Сондықтан, кеуде сарайының алдыңғы бетıнде әр қақпақтың дыбысын жеке тыңдауға болатын орындар бар.
Бұл орындар жүрек қақпақтарының проекциясына сәйкес келе бермейдı.
  • Қос жармалы қақпақтың дыбыстарын жүрек ұшы соққысының үстıнен жақсы тыңдауға болады. Себебı қақапақтың маңында туатын дыбыс сол қарыншаның тығыз бұлшықетı арқылы жүрек ұшына жақсы тарайды.
  • Қолқа қақпақтарын төстıң оң жақ жанында II қабырға аралығында тыңдайды. Себебı қолқа қақпақтарының маңында туған дыбыс бұл жерге қан толқынымен тарап жетедı.
  • Өкпе артериясы қақпақтарын төстıң сол жақ жанында II қабырға аралығында сәйкес келедı.
  • Үш жармалы қақпақты семсерше өскıнı түбıнıң деңгейıнде тыңдайды. Бұл орында қақпақтың проекциясына сәйкес келедı.

  • Негıзıнен әр қақапақтың дыбысын көрсетıлген орындарда тыңдайды. Әйткенмен кейбıр жағдайларда қақпақ дыбыстарын оның проекция орынында да тыңдауға тура келедı.

Ірı қан тамырларының басу орындарын анықтау


Қан тамырларының басу орындарын анықтау үшін олардың шектерін білу керек. Жүрек шегін төстің екі жағынан II қабырға аралықта анықтайды. Екі жақта да қалыпты жағдайда тамыр будаларының шектері төс шетінен сыртқа шықпайды. Оң жақта тамыр будасының құрмына қолқаның жоғарылаған бқлігі мен жоғарғы қуыс венасы, сол жақта тамыр будасының құрамына қолқаның төмендеген бөлімі мен өкпе артериясы кіреді.
Қан- тамыр жүйесі -жүректен және онымен байланысқан көлемі әр түрлі, қан тамырлары деп аталатын түтікшелерден тұрады.
Артериялар -жүректен мүшелерге қарай шығып, оларға қан әкелетін тамырларды атаймыз.Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақталып ұсақтала береді. Сондықтан жүрекке жақын тамырларды ірі тамырлар деп атаймыз.
Веналар -артериялардан қарама-қарсы бағытта мүшелерден жүрекке қан әкеледі. Веналар бір-бірімен қосылып ірі вена бағандарын, жүрекке құятын веналар түзеді.
Артериялар мен веналар әдетте қатарласа жүреді, Ұсақ және орташа артериялармен екі вена, ірі артериялармен бір вена қсарлана жүреді .Бірақ теріастындағы веналар еш уақытта артериялармен қосарланып жүрмейді.

Қорытынды


Жүрек - өзіне құятын вена сабауларынан қанды жинап, және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын бұлшықетті-қуыс мүше. Жүрек қуысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақ немесе артериялық жүректі құрайды; оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жақ немесе веналық жүректі құрайды.
Пайдаланған әдебиеттер
А. Рақышев “ Адам анатомиясы” https://www.yaneuch.ru/cat_39/dene-betkejnde-r-tamyrlar- https://ru.essays.club/%D0%9

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет