Патологиялық анатомия кафедрасы бет білімдерін, машықтарын қорытынды бағалануына арналған бақылаушы-өлшегіш қҰралдар



бет1/2
Дата24.04.2023
өлшемі46,8 Kb.
#85993
  1   2
Байланысты:
Бақылау-құралдары-ЖП-2022-2курс




«Астана медицина университеті» КеАҚ



БӨҚ- 111




Патологиялық анатомия кафедрасы

бет







БІЛІМДЕРІН, МАШЫҚТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАНУЫНА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУШЫ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР
«Жалпы патологиялық анатомия» пәні бойынша

Мамандығы 6В10107 «Жалпы медицина»


Барлығы: 120 сағат


2 курс


Астана, 2023 ж.
Ағымды және аралық бақылауға арналған сұрақтар
1 Аралық бақылау



  1. Патологиялық анатомияның объектілері мен зерттеу әдістері.

  2. Аутопсия – жүргізу тәртібі, Шор және Абрикосов әдістері бойынша мәйітті патологоанатомиялық ашып қарау техникасы.

  3. «Дистрофия» ұғымының анықтамасы, үдерістің негізі.

  4. Дистрофиялардың жіктелуі мен дамуының жалпы механизмдері.

  5. Паренхималық дистрофиялар: түрлері, себептері, ағзалардағы өзгерістердің макро- және микроскопиялық сипаттамасы.

  6. Стромалық-тамырлық дистрофиялар: түрлері, себептері, ағзалардағы өзгерістердің макро- және микроскопиялық сипаттамасы.

  7. Гемоглобиногенді пигменттер, жайылымды және жергілікті гемосидероздың морфологиясы; гемохроматоз туралы түсінік. Сарғаюдың түрлері, олардың морфологиясы мен нәтижелері;

  8. Протеиногендік пигменттер, меланин алмасуының бұзылуының морфологиясы. Адиссон ауруының патогенезі мен морфологиясы;

  9. Липидогендік пигменттер, липофусцин алмасуының бұзылуы.

  10. Кальций алмасуының бұзылуы: түрлері, себептері, морфологиялық сипаттамасы.

  11. Тастардың қалыптасуы: себептері, механизмдері, тастар түрлері, тастар қалыптасуының салдары.

  12. Некроз түрлері, морфологиялық белгілері.

  13. Некроз бен апоптоздың салыстырмалы сипаттамасы.

2 Аралық бақылау





  1. Артериялық гиперемияның түрлері мен морфологиясы.

  2. Веналық гиперемияның себептері мен морфологиясы.

  3. Ишемия- себептері, түрлері, морфологиялық сипаттамасы.

  4. Қан кету: даму механизмдері, түрлері, морфологиялық сипаттамасы.

  5. Плазморрагия мен стаз: себептері, даму механизмдері, морфологиясы.

  6. Тромбоз- себептері, түрлері, морфологиясы мен нәтижелері.

  7. Эмболялардың түрлері, олардың маңызы.

  8. Лимфа айналымының бұзылыстары - себептері, түрлері, морфологиясы мен нәтижелері.

  9. Шок- себептері, морфологиясы.

  10. ҚШҰ-синдромының морфологиясы.

  11. Тіндік сұйықтық мөлшерінің бұзылыстарының патологиялық анатомиясы.

  12. Қабыну анықтамасы.

  13. Қабыну үдерісінің себептері мен кезеңдері.

  14. Экссудациялық қабынудың жеке түрлерінің морфологиясы мен олардың организм үшін маңыздылығы.

  15. Аралық қабыну - себептері, даму механизмі және морфологиялық сипаттамасы.

  16. Полиптер мен үстікұшты кондиломалардың қалыптасуымен сипатталатын қабыну - себептері, даму механизмі және морфологиялық сипаттамасы.

  17. Гранулемалық қабыну – себептері, түрлері.

  18. Пролиферациялық гранулемалық қабынудың ағымы, иммунитетпен байланысы, оның биологиялық маңызы.

  19. Инфекциялық гранулематоздардың морфологиялық сипаттамасы.

  20. Бейинфекциялық гранулематоздардың морфологиялық сипаттамасы.

№3 Аралық бақылау





  1. Бейімделу және компенсация үдерістерінің морфологиялық сипаттамасы.

  2. Регенерацияның морфологиялық сипаттамасы.

3. «Ісік» ұғымының анықтамасы. Ісіктік өсудің басқа патологиялық өсулерден (регенерация, гиперплазия).айырмашылығы.
4. Ісікалды үдерістер туралы түсінік.
5.Ісіктердің гистогенезі, жасушаларының жетілу деңгейі, ағзадағы спецификалық орналасуы бойынша жіктелу принциптері. Арнайы даму орны бар ісіктер туралы түсінік.
6. Ісіктердің өсу түрлері.
7. Ісіктер атипизмінің негізгі түрлері. Ісіктер анаплазиясы туралы түсінің.
8. Ісіктердің метастаздану жолдары.
9. Жасушаларының жетілу деңгейі бойынша ісіктердің негізгі топтары. Ісіктің организмге әсері.
10. Эпителийден дамыған ісіктердің жалпы сипаттамасы.
11. Эпителийден дамыған қатерсіз ісіктер. Морфогенезі, түрлері, морфологиялық сипаттамасы.
12. Обырдың ерекше түрлері (жалпақжасушалы, аденокарцинома). Морфогенезі, түрлері, морфологиялық сипаттамасы.
13. Мезенхималық ісіктердің жалпы клиникалық-морфологиялық сипаттамасы.
14.Жүйке жүйесі ісіктерінің жалпы клиникалық-морфологиялық сипаттамасы.
15.Меланинтүзуші тіннің ісіктерінің жіктелуі мен морфологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет