Патологиялык анатомияның зерттеу әдістеріне аутопсия, биопсия жэне эксперимент аркылы тексеру кіреді



бет1/2
Дата26.01.2023
өлшемі22,5 Kb.
#63027
  1   2

Патологиялык pathos ( «ауру, сырқат» және logos «ілім» деген грек сөзі ) анатомия әр түрлі аурулар кезіндегі организмде болатын морфологиялык өзгерістерді зерттейтін пән.
Патологиялык анатомия аурулардың шығу себептерін (этиология), даму механизмін (патогенез), өлу үдерісін жэне оның себептерін де (танатогенез) жан-жакты зерттейді.
Патологиялык анатомияның казіргі даму кезеңінде ауру морфологиясы тек организмдік, ағзалык, тіндік, жасушалык деңгейге ғана емес, жасушаішілік (органоидтык) жэне молекулалык деңгейде де зерттеледі. Осы зерттеулердің нэтижесінде клиникада айтылып келген функциялык (кызметтік) жэне кұрылымдык (структуралык) өзгерістердін диалектикалык бірлігі, ягни, кұрылымдык өзгеріссіз кызметтік өзгерістердің болмайтындығы айкын дәлелденді.
Патологиялык анатомияның зерттеу әдістеріне аутопсия, биопсия жэне эксперимент аркылы тексеру кіреді.
Аутопсия (грекше autopsia — өз көзімен көру) деп өлу себептерін аныктау үшін мэйітті ашып көру әдісі аталады. Қазіргі танда ауруханада өлген эрбір наукас осы әдіспен тексеріліп, клиникада койылған диагноздың дұрыс не кателігі, колданылған емнің каншалыкты пайдалы және уакытылы болғандығы, аурудың аскыну белгілері, өлу себептері аныкталады. Аутопсия кезінде ауру белгілерін тек көзбен көріп ғана коймастан, алынған материалды жан-жакты гистологиялык, гистохимиялык, иммуноморфологиялык, иммуногистохимиялык ИГХ керек болғанда, электронды микроскоптык тексеру мүмкіндігі бар. Кейде ауру диагнозын аныктау үшін бактериологиялык, вирусологиялык зерттеулер де колданылады. Егер де ашып көру нэтижесінде ауру диагнозы уакытылы койылмағаны, не жүргізілген ем дұрыс еместігі аныкталса, ол жіберілген кателер ауруханада клинико-анатомиялык конференпияда жан-жакты талкыланады. Міне, осы жолмен патологоанатом клиника жүмысына, диагноз кою, емдеу үдерістеріне тікелей катыса алады
Биопсия (bios — өмір, opsis — кору) деп ауру сипатын аныктау максатында наукастың закымданған тінінен алынған материалды микроскопиялык зерттеуді түсінеді. Демек, биопсия — тірі адамды морфологиялык эдіспен тексеру деген соз. Биопсиялык зерттеу үшін материалдар әр түрлі жолдармен алынады. Мысалы, асказан-ішек жэне тыныс жолдарынан биопсия аспирация әдісімен алынса, бауырдан, бүйректен, сүйектерден пункция аркылы алынады. Сүйектерді тесу аркылы алынатын биопсияны трепанобиопсия деп атайды. Биопсия — негізінен ауру диагнозын, әсіресе, қатерлі ісіктерді уакытылы аныктау үшін кажет әдіс
Эксперимент аркылы тексеру әдісі де патологиялық анатомияда кеңінен қолданылады. Себебі, кейбір аурулардың келіп шығу механизмін адамда тікелей зерттеу мүмкін емес, сондыктан эксперимент кою әдісіне жүгінеміз. Мысалы, көптеген катерлі ісік тудырушы (канцероген) заттардың, аса улы химиялык косындыларының эсерін тек осы жолмен ғана зерттеу мүмкін. Қазіргі уакытта коршаған ортаның организмге әсерін білу үшін де эксперименттер кеңінен колданылады. Адам ауруының эр түрлі моделдерін эксперимент аркылы тексеру, көптеген аурулардың патогенезін тереңірек түсінуге, оның морфогенезін аныктауға, емдеу әдістерін жан-жакты жетілдіре түсуге мүмкіншілік тудырады. Дегенмен, экспериментте алынған зерттеу корытындыларын адам патологиясына тікелей көшіруге болмайды, эксперимент нәтижесі одан сон да ұзақ уакыт клиникалык сынактан өтуі керек.
Өлу заңдылыктарын, оның себептерін жэне өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп карау керек. Бірак әр түрлі зерттеулер аркылы кейбір ағзалардың, тіндердің өз тіршілігін организм өлгеннен кейін де біраз уакытка дейін сактай алатындығы аныкталған. Осыған байланысты өлген адам ағзаларын, тіндерін трансплантация үшін пайдалану мүмкіншілігі туды. Казіргі кезде бүйректерді, жүректі өлген адамнан ауру адамға көшіріп отырғызу тәжірибеде кең жол алған. Кейінгі уакытта тек жеке ағзаларды ғана емес, ағзалар кешенін (мысалы, өкпе-жүрек, бауыр-үйкы безі) көшіріп отырғызу мүмкіншіліктері бар.
Ағзаларды трансплантацияға дайындамастан бұрын кенеттен қайтыс болған адамның анык өлгендігіне көз жеткізу керек. Бұл жағдайда өлім жөніндегі корытындыны эдетте сот медицинасының сарапшылары береді. Бірак өлім белгілерін білу, өлім себептерін аныктау барлык дэрігерлер үшін, әсіресе, патологоанатомдар үшін аса кажет. Патологоанатом тек аурухана жағдайында кайтыс болтан наукасты ашып көріп, өзінін корытынды сөзін, өлімнің кайсы ауру салдарынан болғанын, онын пайда болу механизмдерін ашып береді. Өлу үдерісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан түрады. Оларға: жанталас алды күйі, жанталас (агония) жэне клиникальіқ өлім түсініктері кіреді. Өлімнің эрбір сатысының ұзактык мерзімі эр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатка немесе тэулікке созылуы мүмкін. Клиникалык өлім әдетте 5—6 минуттан сон биологияіық өлімге өтеді. Бұл кезде орталык жүйке жүйесінде, кейінірек баска ағзаларда кайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап кана организмді мэйіт деп атауға болады.
Өлімнің себептеріне карай табиғи (физиологиялык), зорлық-зомбылық нәтижесінде және ауруға байланысты түрлерін ажыратады.

  1. Табиғи өлім адам әбден картайып, ағза кызметтерінің бірте-бірте әлсіреп барып, токтауымен, сөнуімен байланысты. Адам өмірінің ұзақтығы ғалымдардың болжауы бойынша 160—180 жас, бірақ көптеген себептерге байланысты бұл жасқа осы күндері жекелеген адамдар ғана жетіп отыр.

  2. Зорлық-зомбылық нәтижесінде өлімді сот медицинасы зерттейді.

  3. Әр түрлі аурулар салдарынан өлу себептерін патологоанатомдар тексереді. Ауру асқынып кеткенде, мысалы, миға кан кұйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясының тромбоэмболиясында, қолқа жарылып кеткенде, адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін. Ал көптеген созылмалы аурулар нәтижесінде пайда болатын өлімді дәрігерлер клиника жағдайында бакылап, оларды өлімнен алып калу үшін реанимация (латынша reanimatio — кайта тірілту) шараларын кенінен колданады.

Биологиялық өлімнен кейін біршама уакыттан сон өлімнің морфологиялык белгілері жэне өлімнен кейінгі өзгерістер дамиды. Бүл өзгерістерді анык білу жэне зерттеу, кейбір жағдайда кездесетін жалған өлімді аныктауда аса кажет. Сол үшін мәйітті клиникада кемінде екі сағат сактап, өлімнің алғашкы белгілері байкалғанда тана патологиялык анатомия бөлімдеріне көшіреді. Өлімнің алғашкы белгілеріне:

  • мәйіттін сууы;

  • мәйіттің сіресіп калуы;

  • мәйіттің кебуі;

  • қанның қайта бөлінуі;

  • мәйіт дактары кіреді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет