«Педагогические инновации как условие повышения качества образования»


ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ – БІЛІМ БЕРУ



Pdf көрінісі
бет34/44
Дата21.01.2017
өлшемі4,37 Mb.
#2377
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ – БІЛІМ БЕРУ 
ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯ МЕН РЕФОРМАЛАР 
 
Кілт сөздер:  интеграция,  реформа,  стратегия,  стандарт,  технология,  мамандану 
Бұл мақалада білім беру саласындағы жаңашылдықтың кейбір мәселелері,  яғни білім жүйесін жаңғыртуда оқыту 
үдерісіне озық әдістемелер мен технологияларды енгізудің ел экономикасын өркендетудегі ролі көрсетілген.   
Keywords: integration,  reform,  strategy,  standard,  technology,  specialize 
This article discusses some of the innovations in the field of education,  training and modernization of the education system,  
the introduction of advanced techniques and technologies.   
 
Қазақстан  Республикасы  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарына  ену  жолында.  ХХІ 
ғасыр  –  білім  мен  ғылымның  ғасыры.  Біздің  қоғамымыз  белгілі  ғылым  және  білім  саласында 
талантты  мамандарға  және  еліміздің  жаңа  белестерге  көтерілуіне  білімді  азаматтар  қажет  екенін 
жақсы  түсінеміз.  Сол  білімді  азаматтарды  тәрбиелеу  –  педагог  мамандардың  бірден–бір  міндеті. 
Олармен жұмыста белгілі нәтижеге қол жеткізу-бүгінгі күннің алдындағы маңызды да өзекті мәселе 
болып қала бермек. Сондыктанстуденттерге жоғары деңгейлі білім беруде педагог:  
- ұйымдастырушылық; 
- ақпараттық-коммуникативтік; 
- педагогикалық-психологиялық; 
- оқу үрдісін жаңаша жоспарлай білу сынды шеберлік критерийлерін ескеруі қажет.  
Жаңарту  бағдарламасы  білім  беру  процессінің  барлық  жақтарын  және  білім  беру  мазмұнын 
қозғайды.  Оның  міндеті  жаңа  бағытқа  –  әлеуметтік  –  экономикалық  шарттардың  тез  ауысуына, 
Отандық білім беру жүйесі дәстүрлі түрде білімді оқудың нысанасы ретінде бағдарланады.  «Білуші 
түлек»  әлеументтік  талаптарына  сай  болудан  қалып  барады.  Сондықтан,    бағалы  бағдары  бар 
«Шығармашыл  түлекке»  деген  сұраныстар  пайда  болды.  Бұл  мәселенің  шешімі  білім  берудің 
біліктілік ықпалы болды.   
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,  Қазақстандық білім беру 
жүйесі  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика  теориясы  мен  оқу-
тәрбиеүрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр:    білім  беру  парадигмасы  өзгерді,  
білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас,  жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Мемлекеттік 
білім  стандарт  деңгейінде  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа  педагогикалық  технологияларды 
ендіруді міндеттейді.   
Қай  мемлекеттің  де  негізгі  тірегі  -  асқақтаған  күмбездер  де,  ғимараттар  да,  экономикалық 
жағдай  да  емес,  білімді де  білікті,    іскер  де,  белсенді  адамдар.  "Біздің  балаларымыз  білімі жоғары 
жұмысшылар  мен  фермерлер,    инженерлер,  банкирлер  және  өнер  қайраткерлері,  мұғалімдер  мен 
дәрігерлер,  зауыттар  мен  биржалардың  иелері  болады  (Қазақстан-2030  бағдарламасы).  Әрине, 

221 
 
"келешектің  иесі  -  жастар". "Жастар  өзінің ата-анасынан  гөрі  заманына  көбірек  ұксас келеді.  (И.С. 
Кони).  Сондықтан  қоғам  талабына  сай,    сол  қоғамды  көркейтетін,    дамытатын  жастар  тәрбелеу  ең 
маңызды  мәселе  екені  даусыз.  Қоғамның  дамуына  қарай  ғылым  мен  техниканың  деңгейі  де,  оны 
басқару  жүйесі  де  өзгеріп  отыратыны  белгілі.  Осыған  орай  маман  қызметінің  мазмұны  жаңарып,  
жаңа  мақсат,  жаңа  көзқарас,  жаңа  шешімдер  мен  жаңа  мүмкіншіліктерді  қажет  етеді.  Ондай 
мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.  
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, 
адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, 
адамгершілігін,  шығармашылық  қабілетін  қалыптастыру,  дамыту.  Осыған  орай  егеменді  еліміз 
өзінің  дамуының  ең  басты  алғы  шарты  –  білім  беру  жүйесінің  білім  ғасырындағы  міндеті  мен 
мазмұнын айқындап берді.  
Білім  беру  сатыларының  сабақтастығын  камтамасыз  ететін  білімберу  процесінің  үздіксіздігі, 
оқу  мен  тәрбиенің  бірлігі,  білім  беруді  басқарудың  демократиялық  сипаты,    білімнің,    ғылымның 
және  өндірістің  интеграциялануы,  ақпараттануы,  оқушыларды  кәсіптік  бағдарлау,  білім  беруді 
саралау,  ізгілендіру,  гуманитарландыру  және  т.т.  –  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың 
негізгі  принциптері.  Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  ғылым және  ғылыми-техникалық 
саясат  тұжырымдамасында  да  ғылымды  демократияландыру,  интеграциялау,  инновациялық 
процестің білім,  ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.  
Білім  жүйесін  дамыту  стратегиясының  басты  мақсаты  –  ұлттық  білім  моделін  жасау.  Ұлттық 
білім  үлгісінің  негізгі  бағыты  –  адамды  қоғамның  ең  негізгі  құндылығы  ретінде  тану,  оның 
қоғамдағы  орны  мен  рөліне,  әлеуметтік  жағдайына,  психикалық  даму  ерекшелігіне  мән  беру,  сол 
арқылы  оның  рухани  жан-дүниесінің  баюына,  саяси  көз  қарасының,  шығармашылық  еркіндігі  мен 
белсенділігінің,  кәсіби  іскерлігінің  қалыптасуына  жағдай  жасау,  мүмкіндік  беру.  Яғни,  XXI 
ғасырдың  маманы  –  жаратылыстану  менг  уманитарлық  ғылымдар  бойынша  ой-өрісі  кең,  жан-
дүниесі бай,  ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман,  адамдармен дұрыс қарым-қатынас 
жасай алатын,  басқаның пікірімен санасатын,  кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, 
жауапкершілік сезімі жоғары,  қоғамда белгілі бір рөл атқаратын,  қайталанбайтын дара тұлға болуы 
тиіс.  Ал  мұндай  мүмкіндіктің  негізі  –  жоғары  білімде.  Өйткені  жоғары  білім  –  үздіксіз  білім 
беружүйесінің  шешуші  тетігі.  Сондықтан  білімгерді  тек  маман  ретінде  ғана  қарамай,    оны  өз 
қоғамының азаматы,  жеке тұлға,  келешектің иесі, тірегі ретінде тану,  соған мүмкіндік жасау қажет. 
Ұлттық  үлгідегі  жаңа  парадигманың  негізгі бір  мәселесі  – білімгерге  іргелі  де  терең,    тиянақты  да 
жүйелі  білім  беру.  Іргелі  білім  берудің  міндеті  –  адамды  ғылыми  ойлауға,    болмысты  тану,    оны 
қабылдаудың  әдіс-тәсілдерін  білуге,  өзін-өзі  дамытуға,  өз  бетімен  білім  алуға,  ізденуге  іштей 
қажеттілігін  туғызу.  Еліміздің  егемендік  алып,    қоғамдық  өмірдің  барлық,  соның  ішіндебілім  беру 
саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан 
шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.   
Білім  мазмұны  жаңа  үрдістік  біліктер  мен,  ақпаратты  қабылдау  қабілеттерінің  дамуы  мен, 
ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануы 
мен байи түсуде. Атап айтқанда:  
•  Есте  сақтауға  негізделген  оқып  білім  алудан,  бұрынғы  меңгергендерді  пайдалана  отырып, 
ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; 
• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу; 
•  Оқушыға  орташа  деңгейде  білім  беретін  бағдарламадан  жекелеп,  саралап  оқыту 
бағдарламасына көшу.   
Кез-келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  өмір  сүру  деңгейінің  жоғарлығы, 
дүниежүзілік  қауымдастықтағы  орнымен  салмағы  сол  елдің  технологиялық  даму  деңгейімен 
анықталмақ.  Жалпы  қоғам  дамуымен  жаңа  технологияны  енгізу  сапалығы  осы  елдегі  білім  беру 
ісінің жолға қойылғандығымен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық 
күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі 
кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.   
Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең жоғарғы көрсеткіші 
екені  белгілі.  Ол  –  мемлекет  пен  қоғамның  табысты  дамуының  кепілі.  Білім  берудегі  артта 
қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан 
білім берудің дамуы үлкен ұлттық мәні бар міндет. Бүгінгі күннің негізгі міндеті қазіргі талаптарға,  
әлемдік  стандарттар  мен  еліміздің  даму  стратегиясына  сай  келетін  бәсекеге  лайықты  мамандарды 
дайындау.   

222 
 
Қазіргі  өмір  ескі  білім  жүйесінің  дәрменсіздігін  көрсетіп  отыр  және  онан  болып  жатқан 
өзгерістердің табиғаты мен қарқынына сай келетін жаңа жүйе жасауды талап етеді. Ертеңгі күннің 
мектебі  тек  ақпарат  беріп  қоймай,    онымен  жұмыс  істеу  әдістерін  де  үйретуі  тиіс.  Оқушылар  мен 
студенттер ескі идеологияларды қабылдамай,  оларды қашан және қалай алмастыруды үйренуі керек.  
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  елімізге  “қазіргі  заманғы  экономикалық  және  қоғамдық 
модернизацияның  сұраныстарына  сай  келетін  білім  беру  жүйесі  қажет”  екенін  атап  көрсеткен 
болатын.   
Біздің мемлекеттің жақын 10 жылдағы стратегиялық міндеті – елімізді мейлінше бәсекелестікке 
бейім  50  елдің  қатарына  қосу.  Бәсекелестікке  бейім  50  елдің  қатарына  енуді  жаһандық 
бәсекелестікке  бейімділік  индексінің  негізінде  бүкіл  экономикалық  форумның  рейтингі  бойынша 
анықтайды.  Индекстің  10  көрсеткішінің  екі  көрсеткіші  елдегі  білім  берудің  дамуы  мен  сапасына 
қатысты.  Осы  себепті  бүкіл  әлемдік  өркениетте  экономикалық  прогресс  пен  әлеуметтік-саяси 
тұрақтылыққа ұмтылатын мемлекет пен қоғам білімнің дамуына мүдделі болып қана қоймай,  онда 
өздерінің  тұрақты  қатысуына  мүдделі.  Бұл  елдердегі  білім  саясаты  әлеуметтік  саясаттың  тек 
ажырамайтын бөлігі болып қалмай, оның базалық негізін құрайды.  
Білім  саясатының  негізгі  мағынасы  –  ұлттық  білім  берудегі  әлеуметтік  идеология  мен 
әлеуметтік басымдықтарды жасау және іске асыру.   
Бүгінгі  таңда  Қазақстан Республикасының  білім  беру  саласы  өркениетті  әлемнен  өзіне  лайық 
орын  алу  үшін  адамзат  тәжірибесіндегі  озық  үлгі,  тиімді  үрдістерді  өз  білім  беру  жүйесіне  енгізе 
отырып,    дамудың  жаңа  сатыларына  көтеріліп  келеді.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту  –  Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында: «Білім 
беру  жүйесін  жаңғырту  барысында  біз  үшін  келесі  іс-шаралардың  маңызы  зор.  Біріншіден,  оқыту 
үдерісіне  қазіргі  заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу.  Екіншіден,    педагогтар 
құрамының сапасын арттырудың маңызы зор»- деп атап көрсетіп,  Қазақстанды әлемдік деңгейдегі 
білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойып отыр [1, 130-бет].   
Қазіргі  заманауи  жағдайындағы  білім  берудің  болашағы  қоғамның  даму  үрдісімен,    білімнің 
ғылыми  интеграцияға  ұмтылуымен,  қоғамда  жинақталып  және  үнемі  өсіп  отыратын  ақпарат 
көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.   
Интеграция  яғни  қалпына  келтіру,  толықтыру  дегеніміз  –  педагогикалық  тұтастықты 
қалыптастырып,  білімді  жүйелеу  мен  жинақтауда  әртүрлі  ғылымдарды  біріктіру.  Интеграция  мен 
ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен 
деңгейін  жан–жақты  көтеріп,  жаңаша  ойлайтын,  оқыту  мен  тәрбиенің  жаңа  технологиясын 
күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тәуелсіздік алған 
осы  жылдар  ішінде  егемен  еліміздің,    қоғамымыздың  әлеуметтік-саяси  және  басқа  да  салаларында 
түбегейлі  өзгерістер  болып  жатыр.  Соның  бірі  –  білім  беру  саласы.  Қай  кезеңде  болмасын  жас 
ұрпаққа  білім  мен  тәрбие  беру  қоғам  алдындағы  ең  маңызды,  жауапты,  іс  болып  қала  береді. 
Сондықтан  мемлекетіміздің даму,  жаңару  жолындағы  жаңалықтары  мен  түрлі өзгерістері еліміздің 
білім беру саласына да өз әсерін тигізуде. Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар,  қоғам 
дамуындағы  қалыптасып  отырған  жаңа  жағдайлар,  тыңнан  туындаған  мәселелер,    өзгеріп  жатқан 
өмірге  бейімделу  қажеттігін  туындатып  отыр.  Осыған  орай  мемлекетімізде  білім  беру  мен  жас 
ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде.   
Сондықтанда біздің реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс. Сенім артып отырған 
осы жастардың күш-жігері мен бастамашылдығы, олардың болашаққа ұмтылысы – көп ретте біздің 
бастамалар  табыстылығының  кепіліне  айналады.  Жас  ұрпақ  жаңа  идеяларды  ашық,  жаһандық 
тұрғыда  пайымдап,  болашақтың  категорияларымен  ойлайды.  Пайымдай  келгенде,  болашақта  елді 
дамытудың басты жолы интеллектуалдық ұлт қалыптастыру екендігіне сенімдіміз.   
Қазіргі  ғылым  мен  өндіріс  бір  мезгілде  мамандану  мен  интеграциялану  бағытында  дамиды. 
Кәсібімен байланысты  іс-әрекет  түрінде  әр  түрлі ғылым  салаларынан  алған  білімдерін  жұмылдыра 
пайдалана алуға қабілетті кең салалы мамандарға қажетсіну артады. Мұндай мамандарды даярлауда 
жүйелі ойлауды, объектіні көпжақты байланыстар мен қатынастардың бірлігінде көре білу іскерлігін 
дамыту  бірінші  дәрежелі  мәнге  ие  болады.  Интеграцияланған  таным  нәтижелері  –  жалпы  ғылыми 
идеялардың,  әдістемелік  принциптердің,  жүйелік  талдау  әдісінің  мәнділігі  қазіргі  қоғамда 
артқандығы сондай ғылыми интеграция өнімдерін үйрету оның негізгі міндеттерінің біріне айналды. 
Осы тұрғыдан алғанда пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру көкейкесті проблема болып табылады
Өйткені ол оқу үрдісінің барлық құрылымдық элементтерін – білім берудің мазмұнын, формаларын, 
технологиясын біртұтастыққа біріктіре отырып оның тиімділігінің артуына ықпал етеді. Пәнаралық 
интеграция  білімнің  игерілуін,  іскерліктер  мен  дағдылардың  белгілі  бір  жүйеде  қалыптасуын 

223 
 
қамтамасыз  етеді,  ойлау  іс-әрекетінің  белсенді  болуына,    теориялық  білімдердің  студенттерге  оқу-
өндірістік іс-әрекеттеріне тасымалдануының жүзеге асуына ықпал етеді. Пәнаралық интеграцияның 
жүзеге  асуы  білікті  мамандардың  кәсіби  даярлығын  кеңейтуді  және  олардың  өзара  байланысты 
кәсіптердің тобына даярлауға мүмкіндік береді.  
Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  –  бәсекеге  қабілетті  маман  даярлау.  Осы  талапқа  орай 
ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп,  студенттің 
жүрегіне  жол  таба  білуі.  Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту,  қастерлеу,  арын  таза  ұстау  –  әр 
оқытушының борышы. Ол өз кәсібін,  өз пәнін, барлық шәкіртін,  оқу орнын шексіз сүйетін адам. 
Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация  оқытушысы  –  педагогикалық  құралдардың  барлығын 
меңгерген,  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған,  шығармашыл  тұлға.  Нарық 
жағдайындағы  оқытушыларға  қойылатын  талаптар:  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының 
жоғары болуы, кәсіби біліктілігі,  әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.   
 «Адамға  оқып-үйрену  ең  алдымен  өмір  сүру  үшін  қажет»  дегендей  оқыту  процесін 
интеграциялау,  осыған  сәйкес  оқу  бағдармаларын  жасау,  ғалымдар  мен  жаңашыл  педагогтардың 
еңбектерімен  танысу  жұмыстары  оқытушылардың  үздіксіз  ізденісін  айқындайды  [2,  22-бет].  Жаңа 
педагогикалық  технологиялардың  негізгі  мәні  пассивті  оқыту  түрінен  активті  оқытуға  көшу  оқу 
танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызуды білдіреді. Білім сапасын арттыру 
және  нәтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында  оқытушылар  мемлекеттік  стандарттармен 
берілген  нәтижелерге  жетуде  кәсіби  шеберлік  пен  меңгерген  зерттеу  біліктері  мен  дағдылары 
негізінде  проблеманың  шешімін  таба  алатын,  ақпараттық-коммуникативтік  мәдениеті  жоғары 
тұлғалық-дамытушылық  функцияны  атқарады.  Қазіргі  заман  адамның  осы  құзыреттілікті  меңгере 
отырып  тек  «кәсіби  икемділігін  оңтайландыруды  қамтамасыз  ету  ғана  емес,    іске  асырылу 
мүмкіндігін  үнемі  оқып-үйрену»  және  өзін-өзі  жасау  талабын  қалыптастыра  алады.  Қазақстан 
Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен, 
педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуін, оқытылуы 
және  кәсіби  біліктілігін  дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  педагог  ғалымдардың  еңбегін 
мемлекеттік  қолдау  мен  ынталандыруды  арттыру  мәселелеріне  үлкен  мән  берілген.  Осыған 
байланысты  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы  саясаттар, 
өзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір  педагог  қауымының  ойлауына,  өткені  мен  бүгіні,  келешегі  мен 
болашағы  жайлы  толғануына,  жаңа  идеялармен  жаңа  жүйелермен  жұмыс  жасауына  негіз  болары 
анық.  Олай  болса,  білімнің  сапалы  да  саналы  түрде  берілуі  білім  беру  жүйесіндегі  педагогтардың, 
зиялылар  қауымының  деңгейіне  байланысты.  Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  білікті  мамандар 
даярлаушы  кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты  мақсаты  –  мамандықтарды  игерту  ғана 
болса,  ал  заманауи  әлемдік  білім  кеңістігіне  ене  отырып,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  дайындау  үшін 
адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – 
қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру 
саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – ұстаздар қауымына ортақ іс.  
Білімді,  сауатты  адамдар  –  бұл  ХХІ  ғасырда  адамзат  дамуының  негізгі  қозғаушы  күші. 
Сондықтан да күні ертең еліміздің болашағы болатын, бүгінде біздер білім беріп, тәрбиелеп отырған 
жас ұрпақ өкілдері терең зерделеп, зор білім алуға ұмтылуға жауапты болса, біздер оқытушылар, сол 
жастарға қай жағынан алып қарағанда да озық білім беруге жауаптымыз 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж 14 желтоқсан) 
2. ҚР-ның 2011-2020жж. арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2011 ж 
 
 
Б.К. Утесбаева 
 
ИЗУЧЕНИЕ РУССКОГО ЯЗЫКА КАК ФАКТОР РАЗВИТИЯ 
РЕЧЕВОЙ КУЛЬТУРЫ УЧАЩИХСЯ 
 
Рассмотрена  роль  русского  языка  в  жизни  общества  и  учебном  процессе  вуза.  Анализируются  причины,  
способствующие снижению уровня речевой культуры. Даны рекомендации по повышению престижа русского языка среди 
учащихся и улучшению методики его преподавания.  
 

224 
 
Сегодня  страны  СНГ,  как  никогда  ранее,  нуждаются  в  стабильности  и  укреплении 
государственности,  в  объединении  граждан  для  решения  сложных  политических,  экономических, 
нравственно-этических, этнокультурологических и национальных проблем.  
Огромную  роль  в  этом  призван  сыграть  русский  язык  как  важный  интегрирующий  и 
консолидирующий  фактор,  стимулирующий  развитие  ближнего  зарубежья  на  новом  историческом 
этапе. Общеизвестно, что русский язык активно используется в качестве средства межнационального 
общения  и  понимания,  достижения  духовной  общности  и  согласия  в  постсоветских  странах. 
Одновременно русский язык выполняет многие другие важные и полезные общественно-социальные 
функции:  способствуетвзаимосоприкосновению  и  взаимопроникновению  других  культур,  является 
одним  из  языков  европейского  и  мирового  значения,  содействует  укреплению  мира  и  прогресса, 
юридически признан рабочим языком ООН.  
Войдя по праву в «Клуб мировых языков» и являясь его достойным представителем, русский 
язык  становится  важнейшим  технологическим  фактором  в  общественно-социальной  жизни, 
необходимой принадлежностью мировой системы социально-технической коммуникации (радио - и 
телепередач,  авиа-  и  космической  связи,  телефаксов,  факс-модемов,  телеконференций,    сканеров, 
различных переговорных и модифицированных устройств).  
Во  всех  вузах  нефилологического  профиля,  а  также  в  колледжах  и  лицеях  многих  стран 
ближнего (и даже дальнего) зарубежья стало обязательным преподавание курса «Русский язык» как 
условие общественного прогресса.  
Однако, несмотря на, казалось бы, общепризнанное значение русского языка в жизни общества 
и учебном процессе вуза, приходится только удивляться и поражаться тревожной тенденции, когда 
часто  к  нормам  русского  языка  все  же  относятся,  мягко  говоря,  с  долей  пренебрежения  и 
неуважения. Складывается противоречивая, двойственная картина: с одной стороны, мы стремимся 
возвеличить роль русского языка в духовной жизни страны и планеты, а с другой – сознательно (а 
иногда  и  бессознательно)  сами  его  принижаем.  Невольно  задумываешься  над  причинами  такого 
странного  явления  и  приходишь ко  многим  выводам,  обусловившим  эти обидные,  незаслуженные, 
несправедливые моменты.  
1.Крупные  социальные  потрясения,  затрагивающие  основы  общественного  устройства,  всегда 
оставляют  заметный  след  в  языке.  Поэтому  при  ломке  общественных  структур,  правосознания, 
культуры,  интеллектуальной  и  духовной  жизни  общества  (а  все  эти  явления  происходят  именно 
сейчас) русский язык оказывается в эпицентре всех этих потрясений.  
Как же ему не «колебаться», как сохранить первозданную чистоту литературных норм? 
2.  В  программах  и  планах  довузовской  подготовки  и  обучение  все  же,  как  нам  кажется, 
недостаточно полно раскрывается история развития русского языка и его преемственность для норм 
современной  и  перспективной  устной  и  письменной  русской  речи.  Спрашивается,    как  можно 
изучать  дисциплину,  толком  не  зная  ее  корней  и истоков,    не  испытывая гордости  за  изменения  и 
достижения в конкретной сфере и аспекте образования? 
3. Часть отечественных средств массовой информации в буквальном смысле слова обрушивает 
на  нас  новации,  ставшие  модными  в  устах  удачливых  дельцов  и  политиков.  Кому  удается  устоять 
против  новых  речевых  штампов,  не  повторять  их  вслед  за  «авторами-новаторами»  в  условиях 
нынешней вседозволенности СМИ?  
4.  В  школьной  и  студенческой  среде  особенно  широко  используется  жаргон,  основная  цель 
которого – сделать речь непонятной для «чужих» (правда, отдельные жаргонные слова и устойчивые 
словосочетания в настоящее время не воспринимаются как жаргонные, поскольку они давно вошли в 
литературный  язык,  относятся  к  разговорным  или  нейтральным  оборотам,  используются  для 
придания речи выразительности и экспрессивности,  например: шпаргалка, настрой, сникерсы,  быть 
в  ударе,  тусовка,  беспредел,  дойти  до  ручки,  брать  на  пушку  и  др.  ).  Но  как  отделить  эту  грань 
условности,  как  доказать,  почему  одни  жаргонные  слова  можно  употреблять,  а  другие 
нежелательны? 
5.  Игнорирование  (а  порой  и  элементарное  незнание)  этических  норм  речевой  культуры.  Не 
нужно  далеко  ходить,  достаточно  послушать,  как  и  о  чем  студенты  разговаривают  в  коридорах, 
аудиториях, ранспорте.  
Все  приведенные  выше  противоречия  существенно  снижают  культуру  речи  в  любой  сфере  – 
бытовой, учебной, профессиональной. Между тем,  владение устной и письменной речью становится 
существенным  признаком  деловой  квалификации  специалиста,  обязательным  условием  его 
профессиональной подготовки. 

225 
 
Что  же  нужно  сделать,  чтобы  повысить  речевую  культуру  студента,  уровень  его  владения 
русским языком? 
Думается, что в первую очередь следует научить молодежь пользоваться богатством русского 
языка  в  полной  мере.  Это  можно  осуществить  параллельно  и  в  рамках  традиционного 
(классического)  вузовского  курса,  и  за  рамками  учебного  процесса  (например,    в  клубе  «Друзья 
русского  языка»,    «За  красоту  русского  языка»  и  т.д.;  когда-то  члены  движение  ««Герболайф»  с 
гордостью  носили  значок-символ  процветающей  фирмы.  Почему  не  заимствовать  этот  элемент 
сторонникам, выступающим за чистоту русского языка?). При этом очень важно привлечь к работе 
студенческих  клубов-кружков  юношей  и  девушек,  пользующихся  авторитетом,  популярностью  и 
особым уважением среди сверстников,  являющихся лидерами в кругу студенческой молодежи.  
На  наш  взгляд,    имеется  множество  способов,  позволяющих  в  интересной,  познавательной 
форме развить коммуникативные качества речи учащихся.   
1.  Нужно  глубже  проследить  историю  формирования  русского  языка  (начиная  с  петровских 
реформ,  открывших  широкий  путь  заимствованиям  из  западноевропейских  языков,  и  кончая 
событиями, произошедшими в нашей стране во второй половине 80-x г.г. и в 90-е г.г., оказавшими 
большое  влияние  на  лексические  нормы  русского  языка).  Желательно  подробнее  остановиться  на 
значимости русского языка (как это сделано нами в начале статьи), а также на перспективах развития 
письменной  русской  речи  (в  частности,  на  необходимости  новой  редакции  правил  правописания  и 
ожидаемых орфографических новшествах).  
2. Поскольку активный словарь современного человека составляет 7-13 тысяч разных слов, его 
необходимо  обогатить  за  счет  систематического  изучение  и  применения  большого  количества 
русских  пословиц,  поговорок,  крылатых  слов  в  виде  конкурсов,  расширенных  тестов-заданий  и 
самостоятельного  составления  студентами  рассказов  на  их  основе.  Подобным  образом,  можно 
организовать работу студентов с различными парами - синонимов, антонимов, а так же метафорами, 
сравнениями,  позволяющими  найти  путь  к  сердцу  слушателя,  завоевать  его  расположение  и 
уважение.  
3. Следует разнообразить задания-упражнения по звуковой организации речи. По наблюдениям 
психологов,  в  средней  в  день  мы  отводим  на  чтение  16%  времени  суточного  бодрствования,  на 
восприятие  звучащей  речи  -  45%,  на  говорение  -  30%.  Особенно  ярко  представляется  звучание 
поэтической  речи.  Поэтому  нужно  предложить  студенту  проанализировать  поэтический  стиль  и 
самостоятельно составить собственный вариант поэтический речи. Конечно, многие из студенческой 
молодежи  не  призваны  быть  поэтами,    но  подобные  занятие  разовьют  вкус  и  интерес,  а  главное, 
привычку к красивой, звучной речи. При этом следует обратить пристальное внимание студента на 
чередование  гласных  и  согласных  (по  примеру  благозвучия,  состоящего  в  подборе  слов  близкого 
звучания).  
4.  Как  ни  парадоксально,  но  повседневные  ответы  студентов  в  ходе  учебного  процесса  не 
анализируются на качество произношения. И преподаватели, и студенты по инерции, словно так и 
надо,  воспринимают  скучный,  монотонный,  невыразительный  голос.  Представляется,  что  и  на 
занятиях,  и  на  факультативах,  и  в  кружках  первоочередной  задачей  становится  обучение  дикции, 
выразительной  информативной,  насыщенной  речи,  разработке  звучности  голоса,  его  нормальному 
темпу,  тембру,  артикуляции,  должной  высоте,  бережному  отношению  к  языку  писателя  или  поэта, 
драматурга,  критика  и  т.д.  Причем,  применение  видеокамер  при  проведении  подобных  занятий 
может дать неплохие результаты, увидеть себя «со стороны».   
5. Весьма полезна диалогическая работа студентов на предмет соблюдения речевого этикета с 
помощью  употребления  речевых  формул.  Рекомендуется  разыграть  и  воспроизвести  типичные 
ситуации 
при 
обращении 
и 
привлечении 
внимания 
собеседника; 
знакомстве 
и 
приветствии;прощании;извинении  и  благодарности;  поздравлении  и  пожелании;  одобрении  и 
комплименте;сочувствии  и  соболезновании;  приглашении  и  предложении;  совете  и  просьбе; 
согласии  и  отказе.  Уверены,  что  студенты  откроют  в  данных  случаях  для  себя  много  нового, 
несмотря на то, что, на первый взгляд, предлагаемая методика покажется им известной и знакомой 
(здесь также уместно применять видеокамеру!).  
Конечно,  в  одной  статье  не  охватить  и  не  решить  всех  наболевших  проблем,  связанных  с 
употреблением русского языка в вузовском курсе. Но даже те немногие поиски и находки, которые 
мы предлагаем, помогут в определенной мере донести до нового поколения будущих студентов дух, 
реалии,  мысли,  чувства и описания нашей сегодняшней современной жизни и деятельности.  
 

226 
 
Литература:  
1. Адскова Т.П. Русский язык в техническом вузе: Практикум  по научному стилю речи: Учебник - Ал-
маты: ЛЕМ,  2004. - 212 с.   
2. Введенская Л.А., Павлова Л.Г., Кашаева Е.Ю. Русский язык и культура речи: Учебное пособие. - Изд.  
25-е. - Ростов н/Д: Феникс,  2008. - 539 с.   
3. Данцев А.А. Русский язык и культура речи для технических вузов. - Изд. 4-е. - Ростов н/Д:  Феникс,  
2005. - 317 с.   
 
 
Н.В. Филиппова, М.Ю. Рудакова 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет