Педагогикалық жағдаят №1



Дата15.11.2023
өлшемі14,77 Kb.
#122962

Педагогикалық жағдаят №1
Сіз мұғалімсіз. Сіз тақтаға тапсырма жазғанда бір сөзден қате жібересіз, сыныптағы бір оқушы соны байқап қалып, даусын қатты шығарып айтады, оқушылардың барлығы көреді. Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №2
5 сыныпта Шет тілі сабағы жүріп жатыр. Мұғалім бір баладан кітаптағы мәтінді оқуын сұрайды. Бұл оқушы тұтығып сөйлейтін бала еді, ол қобалжыған сайын одан әрі тұтыға түседі. Сыныптағылардың біреуі төмен қарап мысқылдап, екіншісі ашық келемеждеп күле бастайды.
Педагогикалық жағдаят №3
Педагогтың: «Мен сенің әжетханада темекі шеккеніңді көрдім» деген сұрағына Оқушы: «Сабақ үстінде емес қой. Негізінде әжетхана мектептің іші емес. Біз ол жерде не істесек те өзіміз білеміз»,- деп жауап қайтарды. Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №4
Жартыжылдық қорытынды бақылау жұмысы кезінде оқушы әжетханаға сұранады. Мұғалім рұқсат берді - тек телефонды тастап кетуін талап етті. Оқушы «Жоқ тастамаймын, анам айтқан телефонды тастама деп, себебі қазір әртүрлі жағдайлар болып жатыр деген» - дейді. Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №5
Мұғалім оқушының сабақ үстінде ұялы телефонды кітап астына тығып алып, біреумен хат жазысып отырғанын байқайды. Мұғалім ызаланып, телефонды жұлып алады да, оқушының ата-анасын мектепке келуін талап етеді.
1. Осы жағдайдағы мұғалімнің мінез- құлығына талдап жасаңыз.
2. Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз?
3. Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?

Логикалық сұрақтар
1.Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
2. Бір ананың үш қызы болады.Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады?
3.Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады?
4. Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе?
5. Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет