№8 тапсырма Сізге сіз жұмыс жасап жатқан мектепте (эксперименттік алаңы бар) өткізілетін педагогикалық экспериментке қатысу керек. Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз. Сізге мектепте жұмыс жасап жатқан мамандардың сабақта қолданатын инновациялық әдістерді анықтау қажет. Сізге жұмысты дайындап, өткізіп, аяқтағаннан кейін педкеңесте нәтижелерді баяндау керек.
Тапсырма:
1.Инновациялық әдістерді педагогикалық үрдісте қолдану бойынша екі өзекті тақырып ұсыныңыз.
2.Сізге берілген тапсырманы қалай орындайсыз? Ол қандай әдіске жатады?
3.Қандай педагогикалық инновацияларды білесіз? Өз жұмысыңызға (бастауыш сынып мұғалімі ретінде) оны қалай енгізесіз?
Жауаптары: 1) • Қазіргі оқу үрдісіндегі инновациялық педагогикалық технологиялардың маңызы
XXI ғасыр білімнің интеграциялануы мен инновациялануы және аймақталуымен ерекшеленеді. Бұл дегеніміз –қазіргі өмірдегі бәсекеге қабілетті интеллектуалды адам капиталының қалыптасуындағы әлемдік үлгілердің пайда болуы. Интеллектуалды адам ресурысы дегеніміз – тек білім мен ғылымды меңгеріп қоймай, оны экономика мен қоғамдық өмірде, өндірісте кеңінен қолдана алатын және озық технологиялардың кілітін білетін және сондай-ақ өзіндік тұжырымдар мен ұсыныстар әзірлей алатын парасатты адамдардың образы. Кез келген мемлекеттің дамуы дәстүрлі өлшем тұрғысынан алғанда экономикалық және әлеуметтік өлшемімен бағаланса, ал біздің дәуіріміз білімнің, ғылымның және оның нәтижелері ретіндегі инновациялануымен бағаланады. Бұл қазіргі әлемнің бәсекеге қабілеттілігінің басты өлшемі.
• Теория мен практика тұрғысынан мұғалімнің инновациялық қызметінің өзекті мәселелері
Қазіргі білім беру тәжірибесі үшін өзекті болып табылатын педагогтардың инновациялық іс-әрекетінің даму тарихы мен мәселелері зерттеледі. Қазіргі педагогикада инновациялық іс-әрекет айтарлықтай кең қарастырылады, педагогикалық инновациялар мүлде басқа мағынаға ие. Мұндай іс-әрекеттердің мақсаты оқушылардың білімді меңгеруінде ең жоғары нәтижеге жету және педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық көзқарасты енгізу деп санауға болады. Кез келген инновациялық іс-әрекет ең алдымен мұғалім тұлғасының бірегейлігімен, оқушылардың бірегейлігімен, оқу орнының өзіндік ерекшеліктерімен анықталады.
2) Мен өзіме берілген тапсырманы тікелей бақылау әдісі арқылы орындаймын. Себебі, әр мұғалімнің сабағына қатысу арқылы мен олардың қандай инновациялық әдіс қолданатынын анықтай аламын деп ойлаймын. Жалпы,бақылау әдісі дегеніміз не?
Бақылау әдісі - белгілі мақсатпен қалыпты жағдайда педагогикалық процесті зерттеу әдісі. Бақылау жүргізерде зерттеуші нені бақылайтынын, қандай мақсатпен және қанша бақылайтынын, қандай нәтиже күтетінін алдын-ала білуі керек. Бақылау жоспар бойынша жүреді. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі, жүргізу әдісі көрсетіледі. Бақылау материалдары күнделікке не протоколға толтырылады. Сондай-ақ видеопленкаға, магнитофонға жазуға, фотоға түсіруге болады. Бақылаудың түрлері: жаппай, ішінара, ашық, жасырын, тікелей, жанама, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді.
Тікелей бақылау - зерттеуші бақылауды өзі жүргізеді.
Бақылау әдісінің артықшылығы - қарапайым, жүргізілуі жеңіл. Кемшілігі – педагогикалық құбылыстың ішкі жақтары байқалмайды. Сондықтан бақылауды зерттеудің бастапқы кезеңінде басқа әдістермен қатар қолданады.
3) Соңғы жылдары ғылым саласында жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді.
Педагогикалық инновациялар – педагогикалық іс-әрекет нәтижелеріне тиімді қол жеткізуді қамтамасыз ететін мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттесуінің принципті жаңа тәсілдері мен әдістері.
Мен өз сабақтарымда мына әдістерді қолданар едім: