Педагогикалық технология қатаң ғылыми жоспарлау және жетістікке кепілдік беретін педагогикалық іс әрекеттердің нақты қайталана алуы



Дата11.12.2023
өлшемі13,73 Kb.
#137079

1-тапсырма
Педагогикалық технология – қатаң ғылыми жоспарлау және жетістікке кепілдік беретін педагогикалық іс әрекеттердің нақты қайталана алуы.
«Педагогикалық технология» сөз тіркесі ағылшынның «an educational technology» сөзінің жанама аудармасы. Бірақ та соңғы уақыттары «педагогикалық технология» термині мысалы, Ресейде балаларды тәрбиелеуге арналған жұмыстарда кең қолданылады. Ал Болгарияда «дидактикалық технология» деген сөз тіркесі қолданылады. Дәлірек айтқанда алғашқы мәнге «білімдендіру технология» сөз тіркесі жақынырақ. «Білімдендіру технология» немесе «педагогикалық технология» терминдері, шет елдер баспа сөздерінде 60-шы жылдардың ортасында білімдендіру технологиясын жетілдірумен байланысты пайда болды. Қазіргі уақытта бұл сұрақпен әлемнің көптеген маманданған мекемелері айналысады. Мысалға, Англияда педагогикалық технологиялар Ұлттық Кеңесі құрылды, АҚШ-та ондаған ғылыми зерттеушілік орталықтардың білімдендіру техналогиясы бағытындағы жұмыстарды бағыттап, координациялайтын Ұлттық білім беру Институты т.с.с.

2-тапсырма


Балалармен педагогикалык, өзара әрекетте ұсақ — түйек жоқ — барлығы да: көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы т. б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес, кәсіптік іскерлІкпен қарым-қатынас жасаймыз.

Қазіргі кезде қарым – қатынас мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Соңғы он жылда осы мәселелер төңірегінде басылып шыққан теоретикалық – экспериментті түрде дәлелденген. Қарым – қатынастың алғашқы турлері мен типтерінің алғашқы классификациясының (Л. П. Буева , Л. С Выготский, А.С.Золотнякова, И.С.Кон, Б.Ф.Ломов, А.А.Леонтьев, Б.Д.Парыгин, С.Л.Рубинштейн, А.А.Бодалев және т.б. жасаған). Біз өзара түсіністіктіңорнын қарым – қатынас құрылымында қарастыруға тырыстық.




Педагогикалық қарым – қатынас шәкірттің ( оқушы, студент) психикалық дамуының қайнар көзі болып табылады. Педагогикалық қарым – қатынас құрылымында өзара түсіністік деңгейі детерминанттың тұтас қатарымен меңгеріледі. Бұған жататындар: жас, өзіндік бағалаудың даму деңгейі, білім деңгейі, икемділік, дағды. Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара қарым – қатынастың дамуына, яғни ұстаздың қарым – қатынас жасау деңгейі, педагогикалық топтың және сыныптың даму деңгейі әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет