Педагогиканың теориялық ЖӘне әдістемелік негіздері



Дата08.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#38654

ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

Жоспар:

  • Педагогика ғылымының дамуы.
  • Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары
  • Педагогика ғылымының құрылымы және басқа ғылымдармен байланысы
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері

Педагогика ғылымының дамуы

  • Педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.д. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: “Раіda" - балалар және “gogаs” - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді.

«Раіdagogаs» - «баланы жетектеуші» сөзінен алған. Ең алғашында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе, ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалыптасты.

«Раіdagogаs» - «баланы жетектеуші» сөзінен алған. Ең алғашында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе, ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалыптасты.

Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех ғалымы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670 жж) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген “Ұлы дидактика” атты еңбегі бар.


Педагогика
Педагогика
Педагогика
Педагогика

Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары


ПЕДАГОГИКА
ТӘРБИЕ
ОҚЫТУ
БІЛІМ БЕРУ

ТӘРБИЕ – адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процессі.

Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымынбілімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; 

  • Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; 

Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс.

Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс.

1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді.

2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.


Педагогикалық ғылым құрылымы мен салалары:
  • Жалпы педагогика – тəрбие мен білім берудің, оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ол 4 бөлімнен тұрады: жалпы негіздері, дидактика, тəрбие теориясы жəне мектептану.
  • Жас ерекшелік педагогикасы (мектепке дейінгі, мектеп, үлкендер педагогикасы) – оқыту мен тəрбиенің жас ерекшеліктерімен байланысты аспектілерін зерттейді.
  • Арнайы педагогика: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика жəне логопедия.
  • Педагогика тарихы - педагогикалық идеялар мен педагогикалық практиканың даму тарихын зерттейді.
  • Салалық педагогика (əскери, спорт, жоғары мектеп, кəсіби педагогика).
  • Этнопедагогика - тəрбие саласындағы халық тəжірибесін, яғни халықтық педагогиканы зерттейді.
  • Салыстырмалы педагогика - əр елдердің білім жүйелерін салыстыра отырып зерттейтін педагогика саласы.
  • Оқыту əдістемелері оқытудың жалпы заңдылықтарын нақты пəндерді оқытуда қолданудың ерекшеліктерін зерттейді.

Педагогика психологиямен тығыз байланыста қызмет атақарады. Психология адам психикасының даму заңдарын, ал педагогика-тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді.

Педагогика психологиямен тығыз байланыста қызмет атақарады. Психология адам психикасының даму заңдарын, ал педагогика-тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді.

  • Педагогика медицинамен бай-ланысты, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыс-тарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік) балалардың денсау-лығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады.

Әдебиеттер тізімі:

  • Хмель Н.Д. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы.- Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
  • С.Б.Бабаев, Ш.Б.Оразов, К.С.Бабаева «Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теорисы». Оқу құралы. – Алматы, 2013.
  • Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.-Алматы “Дарын”2004.
  • С.Б.Бабаев. Жалпы педагогика. Оқулық. – Алматы, 2013. – 228 бет.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет