Педагогика гректің «paidagogas» - баланы жетектеуші, ертіп жүрушы сөзінен алынған.
Ең алғашқыда бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды.
Тәрбиенің мақсаты – жинақталған білім мен қоғамдық-тарихи тәжірибені жеткіншек үрпақтарға беру.
Педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекше заңдылықтарын көрсету, қоғамның жеке тұлғаның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу. (Т.А. Ильина, Педагогика)
Педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы.
Педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы.
Педагогиканың негізгі категориялары
Тәрбие
Білім беру
Оқыту
Тәрбие дегеніміз – адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі болып табылады.
Бұл ұғымды ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Білім беру – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін, өмірде қолдана білуін айтады.
Білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен білім алушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан ол екі жақты біртекті процесс.
Біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді.
Екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдына игереді, өмірде қолданады.