Пән: Ботаника



бет1/5
Дата17.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#101996
  1   2   3   4   5

Атырау жоғары медициналық колледжі
Пән: Ботаника
Мамандығы: Фармация
Дәріс тақырыбы: Саңырауқұлақтар жүйелілігі
Оқытушы: Куспанова К.Д.

Саңырауқұлақ. Саңырауқұлақтар микроорганизмдер ішіндегі ең үлкен топ. Олар төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, клеткасында хлорофилл болмайды, дайын органикалық заттармен қоректенеді.

  • Саңырауқұлақ. Саңырауқұлақтар микроорганизмдер ішіндегі ең үлкен топ. Олар төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, клеткасында хлорофилл болмайды, дайын органикалық заттармен қоректенеді.

Саңырауқұлақтар

  • Саңырауқұлақтар аэробты организмдер. Сондықтан олар қоректік заттардың бетінде колония құрып тіршілік етеді.
  • Сыртқы орта жағдайларына саңырауқұлақтар төзімді организмдер. Төменгі температура, тұздың едәуір концентрациясы және ортаның қышқылдығы аса әсер ете қоймайды. Сондықтан саңырауқұлақтар іс жүзінде барлық жерлерде кездеседі.

Саңырауқұлақтардың дақылдық және морфологиялық қасиеттері

Архимицеттер.

  • Бұлардың ерекшелігі сол, мицелийі болмайды, болса да ол нашар жетілген, 300-ден астам түрі бар. Көбінесе жыныссыз жолмен көбейеді. Споралары спорангийде түзіледі.Бұл саңыраукұлактардың бірқатары жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктерді закымдайды.

Фикомицеттер.

  • Мицелийі жақсы жетілген бір клеткалы саңырауқұлақтар, жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз жолмен көбейгенде спорангийде споралар түзіледі, ал жынысты жолмен кәбейгенде зооспоралар пайда болады, оның 700-ге жуық түрі бар.

Бұл класқа табиғатта кең тараған мукор саңырауқүлағы жатады. Мукор — тағамдық заттарды бұзатын саңырауқұлақ. Әсіресе ол нан, жеміс және көкөніс тағамдарын зақымдайды. Мукор ылғал тартқан қойма қабырғаларында көп кездеседі. Бұның кейбір түрлері адам мен жануарларды ауруға ұшыратады. Көптеген мукор саңырауқұлақтары қантты спирт және органикалық қышқылдарға айналдырады, сондықтан олардың кейбіреулерін тамақ өнеркәсібінде қолданады.

  • Бұл класқа табиғатта кең тараған мукор саңырауқүлағы жатады. Мукор — тағамдық заттарды бұзатын саңырауқұлақ. Әсіресе ол нан, жеміс және көкөніс тағамдарын зақымдайды. Мукор ылғал тартқан қойма қабырғаларында көп кездеседі. Бұның кейбір түрлері адам мен жануарларды ауруға ұшыратады. Көптеген мукор саңырауқұлақтары қантты спирт және органикалық қышқылдарға айналдырады, сондықтан олардың кейбіреулерін тамақ өнеркәсібінде қолданады.

Сонымен қатар, бұл класта фитофтора және плазмопара деп аталатын ауыл шаруашылық дақылдарын (картоп, помидор, жүзім) зақымдайтын түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет