Пән мұғалімінің студент-практикантқа берген мінездемесі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультеті «Шет тілі:Екі шетел тілі» мамандығының 2 курс студенті Асқар Алтынгүл № 40 жалпы орта білім беретін мектептен 22.11.21-3.12.21 аралығында педагогикалық практикадан өтті.Практика басында Алтынгүл 5«В» сыныбына бекітілді.Алтынгүл өзіне бөлінген 5 «В» сыныбымен аз уақыт аралығында тіл табысып кетті. Мектепішілік іс-шараларға оқушылардың дайындық жұмыстарын ұйымдастыра алды. Алғашқы күннен бастап өз ісіне жауапкершілігімен, ұқыптылығымен көзге түсті. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді.Мектепте, мектептен тыс болған іс – шараларға белсене қатысты, біліктілігін көрсетті.Алтынгүлпрактика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді.Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы,мектеп ұжымымен тез тіл табыса алады. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Алтынгүл педогогикалық практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Оқушылармен тіл табысып, өзінің бойындағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығы мен сүйіспеншілік сезімдерін педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырысты.Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болды. Әрбір тәрбие жұмыстары жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды.Оқу бағдарламасы бойынша Grammar, Reading, Vocabulary өткізіліп, оқушылар белсенді қатысты.Оқушылардың үй тапсырмаларын тексеріп,ағылшын тілінен қазақ тіліне аударма жұмыстарын бақылады.
Тұтас педагогикалық процеске қатысып,пән мұғалімінің сабақ беру әдіс-тәсілдерін бақылады.Оқушылардың сабаққа қатысымын, психологиясын бақылады.Мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайларымен танысты.
__________________
Пән мұғалімінің аты-жөні Қолы
_______________________ __________________
Қосымша 1
Жолдама
Өндірісте қалады
_______________________________Бұйрық__№891__________________
______________________________________________________________
(негіздеме)
2021 ж. «22» __қараша______________
Білім алушы
_____________Асқар Алтынгүл________________________________
аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
__________№40 жалпы орта білім беретін мектебі____________________
(кәсіпорынның атауы)
_________педагогикалық_______ кәсіптік практикадан өту үшін жолданады.
Практиканың басталу мерзімі 2021ж.__22 қараша_____
Практиканың аяқталу мерзімі 2021ж. __3 желтоқсан___
Оқу орнының басшысы ____Умирбаев А.С_________________
М.О. _____________________
(қолы)
--------------------------------------------------------------------------------------
Оқу орнына қайтарылады.
Келу мен кету туралы белгі
Білім алушы ______________Асқар Алтынгүл_____________________
аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
кәсіптік практикадан өту үшін ____сабақтан тыс педагогикалық______________________________________________________
(кәсіптік практиканың атауы)
Келді Кетті
_____________________________ ________________
2021ж. «_22_»_қараша________ 2021ж.«_3_»_желтоқсан______
Мөр, қолы Мөр, қолы
Достарыңызбен бөлісу: |