Мінездеме Шірінбек Нұргелді -4 «Л2» сынып оқушысы, 23.06.2012 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.№ 80 А.Сейдімбек атындағы IT мектеп-лицейде оқиды.Отбасында жайлы тұрақты қарым-қатынас қалыптасқан.Нұргелді толық және көп балалы отбасында тәрбиеленуде.Әлеуметтік жағдайы жақсы.Ата-анасы баланың үйлесімді дамуына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады.Нұргелді-сабырлы,мейірімді,сыныптастарының арасында беделі зор.Оны бәрі жақсы көріп,сыйлайды.Сыныпта староста қызметін атқарады.Ол өз қызметін толықтай атқарып және оған өзінің көңілі толады.Жолдастарымен қарым қатынасы өте керемет.Олармен тез тіл табысады.Сыныптың көзқарасымен санасады.Қарым-қатынас себебі:өзара сыйластыққа негізделген.Үлгерімі өте жақсы.Оқуда озат.Білімді меңгеруі тамаша.Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді.Білмегенін білгенінше асығады.Тапсырманы ең алғаш болып орындауға тырысады.Мұғалімнің айтқанын екі етпей орындайды. Барлық сабақтағы жаңа материалды түсініп, логикалық тұрғыда ойланып оқиды. Оқу жұмысына деген белсенділігі жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Математика пәнін қатты сүйіп оқиды. Есте сақтау қабілеті де жақсы дамыған, мәнерлеп оқып, қорытынды жасай біледі.Мұғалімнің ескертпелерінде дұрыс қабылдайды.Кітаппен өз бетінше жақсы әрі нақты жұмыс жасай алады.Жоспар құрып,тұжырым жасауы да керемет.Өз-өзіне талап қоюы жоғары.Тәртібі жақсы.Қандай шара немесе жарыс болсын ұйымдастыра білу қабілеті бар.Нұргелдіге назар аудармау мүмкін емес.Ол әр оқушының немесе мұғалімнің назарын өзіне аударып біледі. Кез келген мәтінді түсініп, жылдам қабылдайды. Тез ойланып, көп ұзамай қағазға түсіреді. Есі-механикалық,есте сақтау жылдамдығы-жоғары.Тез есіне түсіреді.Есте сақтау типі:ерікті.Заттардың немесе құбылыстардың маңызды және болмашы белгілерін ажырата алады. Ойлау – ойлау операцияларының ерекшелігі — абстрактілі,Көбінесе өз бетінше шешім қабылдай алады.Сөйлеу мәдениеті жақсы жетілген, ауызша, жазбаша сөздік қоры мол. Эмоциялары: тік, тез әрі нақты сөйлейді. Кітап оқығанда, түрлі әңгімелерді естігенде елестете біледі. Ойын үнемі жаңғыртып отырады.Ол өзінің білімін,бойындағы қасиеттерін бағалай біледі.Және соны әрі қарай жетілдіруге талаптанады. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Ерік – жігері мықты дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін күшін салады. Мінезі ашық, сабырлы, достарымен жақсы тіл табысады.Мінезінде анық байқалатын жағымды қасиеті-сабырлығы мен салмақтығы.Ал жағымсызы кейде ашуын жеңе алмайтын кездері болады.Мінезіндегі жігерлі белгісі-тез илануы.Адамдармен тез тіл табысып кетеді. Нұргелді мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының барлығымен жақсы қарым-қатынаста.Оқушы тұлғасын қалыптастыруда жақсы жетістіктерге жетіп келе жатыр.Ол өз қай жағынан болмасын жақсы жағынан ғана көрсете білді.
Психологиялық мінездеме Бектай Еркежан – 4»Л2» сынып оқушысы, 23.09.2012ж Шымкент қаласында дүниеге келген.№ 80 А.Сейдімбек атындағы IT мектеп-лицейде оқиды.Еркежанның дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жағдайы жақсы.Отбасында жайлы тұрақты қарым - қатынас қалыптасқан. Еркежан толық отбасында тәрбиеленуде. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Ата - анасы баланың үйлесімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттерді оның дүниетанымы мен өмірлік бағдары, көзқарасын дұрыс қалыптастырған. Үйден барып - келіп оқиды. Еркежанның оқу үлгерімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өз ойын дәл және еркін жеткізе біледі. Өте зерек, тапқыр. Үй тапсырмасын жүйелі орындайды, өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі. Оқудағы жұмысы жүйелі және бірізді.
Сыныптастармен және мұғалімдермен қарым - қатынасы жайлы тұрақты қалыптасқан. Мектептің, сыныптың қоғамдық өміріне белсене араласады. Қоғамдық жұмыстарды уақытында үлкен жауапкершілікпен орындайды. Мұғалімдердің сын ескертпелерін дұрыс қабылдайды. Әдептілігі мен шыншылдығының, қайырымдылығы мен ізеттілігінің арқасында айналасындағылардың алдында беделді. Мақсатқа жету жолындағы ұмтылысы қуантарлық, өз мінез құлқын реттей алады. Өз мүмкіндігін бағалай алады. Құлшынысты, шығармашыл, еңбексүйгіш.Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Сабақты себепсіз босатпайды.Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.