Сөж
Күні: 21.05.2020 Орындады: Алпысбай Анел
Пән: Психология Тексерді: Тұрсынбаева Н.Б.
Ес және оның балалық кезеңде дамуы
Жоспары:
1.Ес туралы түсінік. Есті зерттеген ғалымдар.
2.Мектеп жасына дейінгі балаларда және бастауыш сынып оқушыларында естің дамуы.
Қазіргі психологияның кез келген тарауын алып қарасақ идеалистік және материалистік теориялардың ес процесіне қатысты талас-тартысын, көзқарастардың әрқилы жағдайларьш жиі кездестіреміз.
Сондықтан психологиянық бұл тарауын бірнеше ондаған жылдар бойы келе жатқан шиеленісті пікірталастардың ара-жігін ажыратып зерттеу ес процесіне қатысты мәселелердің мән-жайын кеңінен ашып көрсетуге көмектеседі.
Сіздер мүмкін психологияны өзара тәуелеіз екі бөлімнен тұратын жеке ғылымдар ретінде іздестіру керек деп санаған бағыттарды да білетін боларсыздар. Оның бір бөлігік түсіндіруші, екіншісін зерттеуші деп қарастыру қажет дейтіндер, әдетте, осы ес тарауын ерекше атайды. Мұндай пікірді қолдаушылар материалистік бағыттағы психологтар еді. Г.Мюнстерберг пен оның мектебі және олардың идеясын жақтаушылар ес психологиясының дамуын себепті ойлау жолымен іздестіруді ұсынып, оның адам миымен байланысты екендігін анықтауды мақсат етіп қойды.
Қазіргі есті нейрондар арасындағы байланыстардың түйісуі деп анықтаушы теория дами бастады. Ес жайында психология мамандарының бұдан басқа да тыңнан көтерген теориялардың мақсаты біздер ес процесінін сыр-сипатын жан-жақты етіп толық түсіндіре алмайтын болғандықтан, оны мидың қызметімен байланыстырып зертгеу және оның материалдык субстратымен ұштастырып іздестіруіміз қажет дейді.
Шынында да, ес туралы ілім мұндай стихиялық сипаттағы көзқарастан әлі күнгедейін арылып, бірізді материалистік тұрғыдан қарастырылған емес; психика мен мидың ара-қатынасы жайында пікірлердін бәрі идеалистік түсініктермен ұштастырылады. Осы бағыттағы авторлардың бәрі де ес процесіне қатысты мәселелер жайында жорамал жасап, өз түсініктерін тиянақты шешім деп білді. Дегенмені олардың ес жайындағы түсініктері психофизиологиялық жарыспалы тіректерге сүйеніп, материалистік көзқарастарын тиянақтай алмады. Ес туралы жарыспалы түсініктер жеңіл-желпі сипатта естін физиологиялық негізін мидың бөлшектеріндегі тапталған сүрлеумен байланысты екеңдігін және мидың жеке қызметгерімен ұштастыра отырып түсіндіріледі. Щеңбері тар оеындай көзқарастар психология мамандарының бірде-біріне ес процесін бірыңғай материалистік ілім тұрғысынан іздестіріп, оны философиялық ойлау жүйесіне сәйкес теориялық қорытындылар жасауға мүміндік бермеді.
Мұндай сыңар жақты көзқарас Э.Герингінің ес психологиясын арнайы іздестіріп, тәжірибе арқылы зерттеген белгілі кітабынан көрініс тапты. Ол бұл еңбегіңде ес процесіне тиянақты анықтама беріп, оны барлық күрделі ұйымдасқан материяның қасиеті деді. Герингінің мұндай батьш анықтамасы бойынша адамның есі табиғаттағы жанды және жансыз нәрселермен тығыз байланысты құбылыс деп саналады. Осындай түсініктер енді есті жаратылыстық – биологиялық тұрғыдан із-дестіруге жол ашты. Сонымен бірге, есті зерттеудің өрісі кенейгенмен ғылыми негізден ауытқыған екі түрлі бағыттың пайда болуына түрткі жасады. Онын бірі – ес жайындағы қарапайым түсініктердің тежеусіздігі, екінші бағыт – адам психикасын түсіндірудегі жарыспалы көзқарас.
XX ғасырдьщ басында төбесін көрсетіп дами бастаған идеалистік психология ес жайындағы механицизм теориясының дәрменсіздігін сынады . Осы бағьптың мәні материя мен рух арасындағы шынайы қатынасты түсіндіру арқылы анықталады деді. .
Достарыңызбен бөлісу: |