ЖҚТБ алғаш рет 1981 жылы АҚШ – та тарай бастады, әсіресе ауруларды бақылау орталығы гомосексуалистер арасында ерекше инфекция санының көбеюін туғызды. Осы уақытқа дейін бұл инфекция тек қана қорғау механизмдері онкоауруларымен зақымдалған немесе иммундық жүйені әлсірететін дәрілерді ішетін адамдарға ғана кездесетін.
Жаңа ауруды негізгі себебі иммундық жүйенің бұзылуы және жетпеуі екені, бұл жетіспеушілік вирус арқылы шақырылған, кейін бұл вирус АҚТҚ (адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы) деп аталды. Вирус 1983 жылы ашылды.
Бәлкім, АҚТҚ ғасырлар бойы қауіпсіз түрде өмір сүріп, тек жаңа қазіргі уақытта агрессивті жағдайға көшкен болар. ЖҚТБ- ні зерттеу әлі күнге дейін жалғасуда.
ЖҚТБ мәселелері әлі де бірнеше онжылдыққа дейін әлемде сақталады, тіпті оған керек вакцина немесе емдеу жолы табылсада, АҚТҚ инфекциясын одан ары таратудан аулақ болу үшін жекеленген, қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық дәрежеде бірқатар шаралар қолданылады.