Философияның негізгі бөлімдері



Дата16.02.2023
өлшемі24,39 Kb.
#68653
Байланысты:
2. текстовой матер лек 2-2


Философияның негізгі бөлімдері

1. Онтология (гр.ontos- мән)- мән туралы ілім.



2. Аксиология(гр.axios)- құндылық туралы ілім.
3. Гносеология (гр.gnosis)- білім, таным туралы ілім.
4. Логика (гр. Logos- ойлау)- ойлау заңдылықтары туралы ілім.
5. Эстетика- адамның дүниені тануда әсемдік заңдарын арқау еткен ғылым.
6. Антропология- адам туралы ілім. Кең мағынада адамның шығуы мен дамуы туралы, оның табиғаты мен мәні туралы ілім. Ол негізінен әлеуметтік, медициналық, мәдени, теологиялық т.б. және философиялық антропология болып жіктеледі.
- Теология- құдай туралы ілім.
- Герменевтика- мән туралы ілім.
- Этика- адамгершілік пен ізгілік туралы ілім.



Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «өмір сүру» сөзінің синонимі.
Болмыс- бар болып отырғанның өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін — бар болу нақты өмір сүруді білдіретін категория.
Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде «космос», «дүние», «табиғат» ұғымдарын атауға болады, бірақ «болмыс» категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең. Болмысқа қарсы категория — «болмыс емес» немесе «болмау» (кейбір ғалымдар қазақтіліндегі фило-софиялық әдебиетте «биболмыс» ұғымын да қолданып жүр).


Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. 
Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулыққайырымдылықмейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. 
Аксиология - этикалык, эстетикалық, діни және өзге де құндылықтардың өзара байланысын және әлеуметтік-мәдени орта мен жеке тұлғаның кұрылымына қатынасын зерттейді. Аксиологияның басты міндеті – құндылықтардың болмыстың жалпы кұрылымындағы орны мен табиғатын анықтау.
Дүние құндылыққа толы – материалды (заттар, әшекей бұйымдар, алтын мен асыл тастар, ақша, меншік және т.б.), табиғи (күннің атуы мен батуы, теңіздер мен таулар, гүлдер және т.б.), көркем (әдебиет пен өнер туындылары) және адами (сұлулығы мен ізгі қасиеттері) құндылықтар. Құндылық антропогенді, яғни адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті.


"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. 
Таным - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады,); - қоршаған дүниені тікелей таниды.

Логика деген сөз гректің “Легос”, “Логос” деген сөздерінен алынган. “Легос” сөйлеу, түсіндіру, “Логос” ақыл ой деген соз. Логика деп дүрыс ойлаудың заңдары және ережелері туралы ғылымды айтамыз. Адам баласының түрмысында дүрыс ойлау күрделі роль атқарады. Адамның ойы дүрыс болу үшін, ол белгілі бір ережелерге, зандарға бағынуға тиісті. Ойлау адамның рухани түрмысының ең жоғарғы формасы.


Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.
Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Ол дедуктивтік ой қорытулар теориясын қалыптастырып, Логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады. Дәстүр бойынша Аристотельдің Логикасы- анық, ақиқат білім туралы ілім, ол Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған.

Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінендамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі-шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады.


Қайта өркендеу дәуірі ойшылдарының, жазушыларының, суретшілерінің еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды. Ағарту дәуірінің теорияшылары сондай-ақ олардың дәстүрлерін жалғастырушылар өнердің шындық өмірмен байланысын қарастырды.
"Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.
Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.

Антропология дегеніміз адамзат тарихы мен адам мəдениетін ғылыми зерттеу. Сөзбе-сөз адам туралы ғылым дегенді білдіреді. Шын мəнінде тарихи тұрғыдан өзгеріске түскен тұрғындардың əлеуметтік жəне биологиялық сипаттамасын зерттеуге арналған ғылыми білімнің бір бұтағы. Жер бетіндегі халықтардың əлеуметтік-мəдени алуан түрлілігіне деген қызығушылық антропологияны этнографиямен жақындастырады.


Ғалымдар «антропология» терминінін ең алғашқы қолданған Аристотель деп есептейді. Ол бұл сөзді адамдардың рухани табиғатын оқып-үйрену үшін қолданған. Аристотель өзінің «Никомах этикасы» деген еңбегінде антропология сөзіне ұқсас «антропологиос» деген сөзді қолданған. Оның мағынасы «адам туралы сөз етуші» дегенді білдіреді.

Философияның адам мен коғам өміріндегі орны аса зор:


1) Философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оқу орында білім алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді.
2) Философия адамға өмірлік бағыт-бағдар береді.
3) Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ойлануға әсерін тигізеді.
Швейцария философы Ю.Бохенский философияның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, ұғымдар әлемінде өзімен-өзі өмір сүруші, адамдардың көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың оны қоршаған басқа адамдардың, жалпы қоғамның санасына күшті әсер ететіндігін ескертеді. Философ өз ойымен әуелі бір адаммен, сонан соң екінші, үшінші адаммен, бірте-бірте бүкіл қоғаммен бөлісіп, философиялық ой көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын.
Сонымен бірге адамгершіліктік-рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті. Осы тұрғыдан алғанда университет қабырғасында білім алушы жастардың қарапайым индивидпенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер етеді.
Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі - ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ да-муына қажетті ой-пікір, көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік "Менін" көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.
Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар. Философия-лық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі. Мысалы, Сократ, И.Кант, Л.Толстой, Абай, Шәкәрім және тағы басқа ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы, философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз.
Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ережелері-нің жетіліп-дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке философия-лық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде зерттеп қана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып-білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну индивидтен бірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті құрылымдар.
Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия - рухтың жоғарғы еркіндігі саласы жоне философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.
Еркіндік мәселесі - философия ғылымы ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан, әлі шешімі табылмаған, маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған "мәңгілік" мәселелердің бірі. Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субъект-тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе, әсіресе, кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап өту керек. Қорқыту, тиым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады. Әрине, абсслюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады.
Ойымызды қорыта келсек, философия ғылымы адамға өзі өмір сүріп отырған орта - табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы, өзінің осы жүйеде алатын орны, өмірі, өмірлік мақсат-міндеттері туралы жан-жақты теориялық білім беретін, адамның көзқарасын қалыптастыратын, сонымен қатар практикалық сипатқа ие, қазіргі заман адамына аса қажетті ғылым болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет