Пән силлабусы пән туралы ақпарат



бет1/8
Дата07.01.2022
өлшемі66,56 Kb.
#16942
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Силлабус каз Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ПӘН СИЛЛАБУСЫ

1. Пән туралы ақпарат

Пәннің атауы «Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру» Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру және естіп қабылдауын дамыту

Кредит саны: 3

Курс, семестр: 3к 4 ж

Мамандықтың шифры және атауы 5B010500 -Дефектология

Институт: Педагогика және психология

Кафедра: Арнайы білім беру

Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы, қызмет: психол.ғ.к., доцент Аутаева А.Н.

Контактілік ақпарат (телефон, e-mai): akbota-n@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*

Жиынтық бағалау:

Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)  0,6 + емт  0,4


3. Пәннің қысқаша мазмұны.

Пәннің мақсаты студенттерде есту қабілеті зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша жұмыс әдістерін қалыптастыру.

Пәннің негізгі міндеттері «Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру»

- сөйлеу кезіндегі тыныс алу, дауыс шығару, сөйлеу тілі дыбыстарының артикуляциясы және үндесуінің механизімдері туралы білімдерін қалыптастыру.

- студенттерді ауызша сөйлеу тілі бұзылыстарын және оның себептерін анықтауға үйрету.

-есту қабілеті зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету әдістері мен тиімді тәсілдерін таңдауды үйрету

Білу керек:

- қазақ тілінің фонетикалық жүйесін;

- сөйлеу тілі дыбыстарының жасалу механизімдерін;

-дыбыс айту және қабылдау ерекшеліктерін;

- сөйлеу тілі кезіндегі тыныс алу, дауыс және сөйлеу тілі дыбыстарымен жұмыс жасау әдістерін;

-дыбыс айтумен жұмысты ұйымдастырудың негізгі формалары.



Дағдылары және құзыреттіліктері

- есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс айтуын қалыптастыруды жүзеге асыру; ;

- есту қабілеті зақымдалған балалардың дыбыс айту дағдыларын дамыту;

- дыбыс айтуын түзету тәсілдері мен құралдарын және әдістерін қолдану және таңдай алу:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет