Пәнаралық байланыс – педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі. Материалдық дүниенің арасындағы өзара тығыз байланыстар арқылы шындықты жете танып білуге, олардың бір-бірімен байланысты қарым - қатнасын түсінуге болады.
Пәнаралық байланыс экономикалық географияның, әрбір өлкенің, ауданның байлығы мен өндірістік мүмкіншіліктерін ашатын, оның болашағын көрсететін басқа да табиғаттану ғылымдарының дамуымен байланысты экологиялық негізде қарастырылуы шаруашылықта тиімді. Жоспардағы маңызын анықтауға көмектеседі. Оқу процесінің барысында оқушылар танымдық, практикалық мақсатты бағдарлы іс - әрекеттермен шұғылданады, нәтижесінде оқушыда пәнаралық іскерлік қалыптасады.
Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім-іскерлік дағдыларын, екіншіде жақын меңгеруде пайдалана білу қабілетінен көрінеді.
Пәнаралық байланыс тіл әдебиет пәнінен меңгерген кітапты пайдалану іскерліктері, география, тарих, математика т.б. пәндерді. Оны үйренуде қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері екінші пәнді терең меңгеруге ықпал етеді.
Әрбір пәнді өткенде, оны басқа пәнмен байланыстыра отырып, өтудің үлкен ерешекліктері бар. Қазіргі сабақта кеңінен өріс алып жүрген. Ана тілі пәнін өткенде, оны математика немесе қазақ тілі пәнімен де байланыстырып өтуге болады. Бұл жағынан оқу мазмұнын бекітсең, екіншіден тәрбие алып шығады.
Мектеп курсындағы математиканың бастауыш сыныптарды пәнаралық байланыстардың қалыптасуы білімді терең меңгеруге, ғылыми түсініктермен негіздерін пайда болуына оқу - тәрбиелік процестерін кемелденуіне және оның оңды ұйымдастыруына, көз-қарастың кеңеюіне әлемдегі заттардың тұтастығын, табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстарын түсінуге әсерін тигізеді. Бұл зерттеудің көкейкестілі.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – ол оқыту процесінің білім беру, дамытушылық аптаның арасындағы байланыстарды құру. Сонымен пәнаралық байланыстың мазмұнына мыналар жатады:
1. Оқу пәндері арасындағы өзара байланыстың дамуы.
2. Дидактикалық - материалистік көзқарастың қалыптасуы – білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Пән материалын оқып үйрену, оның мазмұнын мағынасын толық түсіну бастауыш сынып оқушылары үшін күрделі психологиялық процесс. Мазмұнды меңгеріп, ұғыну оңай жүзеге аспайды. Сондықтан да оқушы оқулықтағы материалдарды ұғынуға кедергілер мен қиындықтары кездеседі. Тәжірибеде байқалғаны мұндай қиындықтарды жеңуде пәнаралық байланыс ерекше роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |