Қ ызылорда 2016 жыл «Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар»



бет1/6
Дата17.04.2023
өлшемі406,79 Kb.
#83353
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
sabaq-kz attachment oushylardy-tanymdy-ablettern-damytua-arnalan-tapsyrmalar-dstemelk-ral




ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
әдістемелік құрал


Қ ызылорда - 2016 жыл

«Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар»
Әдістемелік құрал. 2016 жыл.
Дайындаған: Мустафина Гулнур Қаржаубекқызы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы№ 119 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытудың негізгі факторы олардың маңызды тұлғалық қабілеттерін, жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін оқыту үдерісін жолға қою болып саналады. Оқушының танымдық және шығармашылық қабілеттері оқыту барысында түрлі практикалық әрекеттер арқылы жан-жақты дамиды.


Жоғарыда аталған мақсатты оқыту үдерісінде жүзеге асыру бағытында дайындалған әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалану үшін ұсынылады.

КІРІСПЕ
Оқушылардың жеке тұлғалық және танымдық қабілеттері бастауыш сыныптардан бастап қалыптасады. Сондықтан бастауыш сынып сабақтарында оқушыларды шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретудің жолдарын көрсету керек.
Жалпы білім беретін орта мектептегі бастауыш сатыда әрбір оқушының бойындағы білім, білік, дағды, іскерліктің қалыптасуының іргетасы қаланады. Бастауыш сынып мұғалімінің міндеті– жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту үдерісін жолға қою болып саналады. Оқушының танымдық және шығармашылық қабілеттері оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы жан-жақты дамиды.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.
Бастауыш сыныптарда жекелеген пәндер бойынша оқу материалын терең меңгертуге оқушылармен жүргізетін практикалық, шығармашылықжұмыстардың нәтижесінде қол жеткізуге болады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда жеке пәндер бойынша кеңейтілген тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың тиімділігі зор.
Оқушының танымдық қабілеттері практикалық іс-әрекет, түрлі кеңейтілген, құзырлылық, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы дамиды. логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау, сөйлеу, тілін дамыту әрекеттерін жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Сондықтан оқушыларға тапсырмалар бергенде талдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар олардың логикалық ойлауын, тілін дамытатындай болуы керек.
Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, білік, дағдыларды меңгерген, өмірдің кез-келген сындарында, практикалық жағдайларда қолдана білетін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, өзіндік ойлау, жұмыс жасау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға етіп қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Осы орайда, оқушылардың танымдық қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктерін жан-жақты дамыту маңызды мәселе екендігі туындайды.
Бастауыш сыныптарда балалардың ойлау және танымдық белсенділігін дамытуда сабақта өзіндік жұмыстар мен деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды жоспарлы, жүйелі түрде орындату қажет. Аталған мақсатта дайындалған әдістемелік көмекші құралда оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту бағытында қазақ тілі, әдебиетік оқу, математика пәндері бойынша кеңейтілген тапсырмалар мен жаттығулардыңүлгілері жинақталған. Әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне оқыту үдерісінде көмекші құрал ретінде пайдалану үшін ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет