Пәні: Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.05.2023
өлшемі224,98 Kb.
#89360
  1   2   3


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 
 
 
 
СОӨЖ №3 
 
Пәні: Қазақстан тарихы 
Тақырыбы: 
ХІХ ғ. ІІ-жартысы – ХХ ғ. басындағы Қазақстан терри-
ториясындағы халыққа білім беру ісі және мәдени-ағарту 
мекемелері мен ұйымдары 
 
• Орындаған: Қанатова Тоғжан 
• ҚБ 101-топ 
• Тексерген: Оспанова Р. 


Қазақтардың дәстүрлі білім жүйесі 
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де 
сауатты
 болуға ұмтылған, 
надандық
 пен 
топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті 
үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында 
«Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-XX 
ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы 
бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен 
медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-
аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен 
ер балалар оқыды. 
Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен 
мектеп 
мұғалімдерін
 даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды. Медресе 
шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, 
математика, 
медицина
, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де 
едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі 
жастардың бойына әдептілік 
өнегесі
 мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 
жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде 
орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді. 
Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, 
жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа 
әдетте жасы 40-тан асқан 
адамдар
 ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені 
туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша 
үкіметі 
мұсылманша
оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 
жылдардағы әкімшілік 
реформалар
 бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд 
бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу 
орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет