Қазіргі психология



Pdf көрінісі
Дата29.11.2022
өлшемі204,15 Kb.
#53537
Байланысты:
azrg-psihologiya-tarihy 1 lecture (3)



1-дәріс
ҚАЗІРГІ ПСИХОЛОГИЯ
 ТАРИХЫ
1-тарау. Психология тарихын зерттеу. Философияның 
психологияға ықпалы
Психология тарихын зерттеудің 
маңыздылығы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Қазіргі психология тарихы
1. Психология тарихын зерттеу. Философияның психологияға ықпалы
1. Психология тарихын зерттеудің маңыздылығы
2
Психология тарихын ғылыми қызығушылық таныту тұрғысынан қарастыру осы психология 
саласындағы білім жүйесін ой елегінен өткізіп, құрылымдауға мүмкіндік береді.
Бір психологтар танымдық функцияларға, басқа біреулері бейсана қызметіне зейін аударса, 
үшіншілері сыртқы мінез-құлық немесе биохимиялық ойлау процестеріне назар аударады. 
Қазіргі психология бір қарағанда мінез-құлық пен адам табиғатына қызығушылықты біріктіретін 
және тұтастай ғылыми амал-тәсілді жасауға талпынатын көптеген пәндерді қамтиды.
Осы ғылым салалары мен амал-тәсілдерді бірегей контекске біріктіретін жалғыз нәрсе бар, 
ол – психологияның тәуелсіз пән ретінде дамуын көрсететін тарихы. Психологияның шығуы 
мен дамуын зерттеу арқылы ғана оның қалыптасу жағдайын анық көре аламыз. Тарихты 
білу жүйені бір ретке келтіріп, хаосқа мән бітіріп, өткен шақ арқылы бүгінгі күн жағдайын 
ұғындырады. 
Осыған орай тағы бір сұрақ туындайды: біз психология тарихын қай кезден бастап зерттеуіміз 
керек? Бұл сұрақтың жауабы біздің психологияға қандай анықтама беруімізге байланысты 
болады. Психология тарихы бір-бірін 2000 жыл бөліп тұрған екі кезеңді қамтиды. Осы себепті 
біз психологияны ең ежелгі және ең жаңа ғылыми пәндердің біріне жатқыза аламыз.
Ең алдымен, біз Платон, Аристотель және басқа грек ойшылдары бүгінгі психолог-мамандарға 
қатысы бар мәселелермен айналысқан – біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдағы адам болмысы 
мен мінез-құлқы туралы айтылған ой-пікірлері мен болжамдарына мән беруіміз керек. Өйткені 
дәл сол кезеңде психологияның кіріспе бөлімдерінде оқытылатын ес, қабылдау, мотивация, 
ойлау, түйсік және мінез-құлық патологиясы сияқты маңызды тақырыптар қамтылады. 
Сонымен қатар психологияны жаңа ғылыми пән ретінде қарастыра отырып, қазіргі 
психология философиядан жеке пән ретінде бөлініп шыққанынан бергі 200 жыл шамасындағы 
тарихи оқиғаларды жандандырамыз.
ХIХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін философтар адам табиғатын болжау, интуиция және 
жалпылама қорытынды жасау арқылы зерттеген. Философтар биология және басқа да 
жаратылыстану ғылымдарында сәтті қолданылған құралдарды пайдалана бастаған кезден 
трансформация басталды. Зерттеушілер мұқият бақылау және эксперимент жасау сияқты адам 
санасын зерттеу әдістеріне сенімді бола бастағанда ғана психология өзінің философиялық түп 
тамырынан ажырай бастады.
Психология жаңа пән болып қалыптасқаннан кейін объективті зерттеу әдістерін дамыту 
қажеттігі туындады. Философиядан бөлінгеннен кейінгі психология тарихының басым бөлігі 
аталмыш пәннің зерттеу құралдары, әдістемелері мен әдістерін үздіксіз жетілдіру мәселелеріне 
арналады. 
Психикалық құбылыстарды зерттеу үшін физика және биология ғылымының әдістерін 
қолдану идеясының пайда болуына ХVII ғасыр мен XIX ғасыр аралығындағы философиялық 
ойлар мен физиологиялық зерттеу жұмыстары түрткі болған. XIX ғасыр философтары ой-пікірді 
зерттеудің эксперименттік амал-тәсілдері жолын жасаса, психологтар осы мәселелерді басқа 
жағынан шешуге талпынды. XIX ғасыр психологтары ойлау процестері негізіндегі физикалық 
механизмдерді түсінуге шешуші қадам жасады. Олардың ғылыми әдістері жеке философиялық 
әдістерден ерекшеленді. 
Психологияның даму эволюциясын түсіндіру тарихи деректеріне байланысты болғандықтан, 
тарихи зерттеулерде қолданылатын әдістер мен қағидаларға қысқаша тоқталу қажет. Жеке 
адамдардың өмірін, оқиғалар мен дәуірлерді қалпына келтіру үшін қолданылатын тарихи 
деректер ғылыми деректерден айтарлықтай өзгеше. Ғылыми деректердің басты ерекшелігі – 
олардың жиналу әдісінде. Мысалы, психологтар адамның қандай жағдайда басқа бір адамның 
қайғысына ортақтасатынын немесе балалардың теледидар мен бейнеойындардағы озбыр 
әрекетке еліктеп-еліктемейтінін анықтағысы келгенде арнайы жағдаят ойлап тауып, қажетті 
деректі сол арқылы жинақтайды. Сондай-ақ психологтар зертханалық эксперименттер 
жасап, объектінің шынайы жағдайдағы әрекетін байқап, екі айнымалы шама арасындағы 
статистикалық корреляцияны есептеп, шолу жасаумен де айналысады. Осы әдістер арқылы 
олар зерттегісі келетін объектіні бақылауда ұстайды. Мұны басқа мамандар әртүрлі уақыт 
кезеңдері мен түрлі жағдайларда қайта қарап, бағалай алады. Кейінірек алғашқы және кейінгі 
зерттеу жұмыстарын жаңаша қарау арқылы белгілі бір деректің дұрыстығы айқындалып 
жатады.


3
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Қазіргі психология тарихы
1. Психология тарихын зерттеу. Философияның психологияға ықпалы
1. Психология тарихын зерттеудің маңыздылығы
Ал тарихи деректердің жөні бөлек: оларды қайта қалпына келтіру немесе көшу мүмкін емес. 
Тарихшылардың өзі тиісті деректермен жұмыс істеу үшін жағдайды қайта жаңғырта алмаса 
да, бұл шынайы ақпарат мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Біз тарихи деректерді сол заманның 
куәгерлері мен жәдігерлері, хаттар мен күнделіктер, фотосуреттер мен ескі зертхана бұйымдары, 
сұхбаттар мен басқа да ресми дереккөздер күйінде аламыз. Оқиғалар мен бұрынғы зерттеулерді 
тарихшылар осы дереккөздер арқылы қайта қалыптастырады.
Жоғалған және табылған тарихи деректер
Кейбір деректердің жоғалып кетуіне байланысты тарихи жазбалар толық бола бермейді. 
Олардың әдейі жоғалтылатын жағдайлары да кездеседі. Соның бір мысалы – бихевиоризм 
мектебінің негізін қалаушы Джон Б. Уотсонмен болған жағдай. Ол 1958 жылы 80 жасқа 
келгенде, қайтыс боларының алдында, өзінің өмірі мен жұмысы туралы барлық жарияланбаған 
деректерді толық жойып, жеке хаттары мен қолжазбаларын өртеп жіберді. Сөйтіп, бұл деректер 
мәңгілікке келмеске кетті.
Ойламаған жерден табылатын деректер де болады. Мысалы, 1984 жылы оқып-үйрену және 
есте сақтау мәселелерімен айналысқан ғалым Герман Эббингауздың зерттеу еңбектері табылды. 
Бұл кезде ғалымның қайтыс болғанына 75 жыл болған еді. 1983 жылы психофизиканың негізін 
қалаушы Густав Фехнердің қолжазба күнделіктері бар он үлкен қорап анықталды. 1828–1879 
жылдарды қамтитын бұл күнделіктер психология тарихының ерте кезеңіндегі ең маңызды 
уақытына жатады. 100 жылдан астам уақыт бойы бұл жазбаларды жан адамы білмеген. 
Фехнер мен Эббингауз туралы кітап жазған көптеген автордың осындай құнды еңбекке қол 
жеткізе алмағаны өкінішті.
Тарихи деректер ұрланып, қайта қалпына келтірілмейтін сәттер де кездеседі. Мысалы, 1641 
жылы италиялық математик – француз философы Рене Декарттың 70-тен астам хаты ұрланған. 
Осы хаттардың біреуі Америка Құрама Штаттарындағы колледждердің біріндегі коллекциядан 
табылып, хат Францияға қайтарылды.
Өзгертілген және жасырылған тарих
Белгілі адамдардың беделін қорғау үшін кейбір деректердің әдейі жасырылатын немесе 
бұрмаланатын кездер де кездеседі. Мысалы, Зигмунд Фрейдтің алғашқы биографы Эрнест 
Джонс Фрейдтің кокаинге құмар екенін әдейі жасырған. Кейінгі мезгілде табылған Фрейд туралы 
деректер арқылы оның кокаинді Джонс көрсеткен уақыттан әлдеқайда ұзақ қолданғаны 
анықталған.
Психоаналитик Карл Юнгтің хаттары жарыққа шыққан кезде автордың өзі және оның 
еңбегі туралы мейлінше жақсы көзқарас қалыптастыру жағы көзделген. Сонымен қатар, 
Юнгтің өмірбаянын оның өзі емес, сенімді көмекшісі жазғаны және оның отбасы мүшелері мен 
ізбасарлары туралы жағымсыз материалдар енбей қалған.
Осыған ұқсас жағдай гештальт-психологияның негізін қалаушылардың бірі – Вольфганг 
Келлердің өмірі мен қызметіне де қатысты болып отыр. Келлердің өмірбаянын баспаға 
дайындаған маман оның жағымды бейнесін қалыптастыру үшін материалдарды әбден 
сұрыптаған. 
Тарихи деректердің бұрмалануына қатысушылардың маңызды оқиғаларға байланысты 
іс-әрекеттері де әсер етуі мүмкін. Адамдар өзін-өзі қорғау немесе қоғамдағы беделін күшейту 
үшін жалған деректерді саналы және бейсаналы түрде құрастыруы мүмкін. Мысалы, Фрейд 
өзін медициналық және психиатриялық мекемелер жек көретін азапталушы, қиялилығы үшін 
қуғындалған бейшара етіп көрсететін. Фрейдтің алғашқы биографы Эрнест Джонс оның осы 
бейнесін өз еңбектерінде тіпті қалыңдата түсті.
Ал кейінгі табылған деректерде Фрейдтің бейнесі мүлде басқа қырынан көрінді. Шын 
мәнінде оның жұмыстары көзі тірісінде мүлде ескерусіз қалған емес. Орта жастағы Фрейдтің 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Қазіргі психология тарихы
1. Психология тарихын зерттеу. Философияның психологияға ықпалы
1. Психология тарихын зерттеудің маңыздылығы
4
идеялары жас зияткерлер буынына қатты әсер етті. Оның емдеу тәжірибесі қарыштап дамып, 
өзі атақты тұлғаға айналды. Өзі жөнінде нашар түсінік қалыптастырған Фрейдтің өзі болған 
сынды. Өмірбаяншылар оның сол жалған бейнесін тасқа бастырған соң, Фрейдтің ғұмырнамасы 
ондаған жылдар бойы шындықтан мүлде алшақтап кетті.
Құпия сақталған тарихи деректердің бір мысалы – Зигмунд Фрейд. Фрейд қайтыс болған 
1939 жылдан кейін оның еңбектері мен жазған хаттарының жария болмағаны белгілі. 2011 
жылы қаншама жылдар бойы құпия сақталған – Фрейдтің өзі үйленгісі келген әйелге жазған 
1500 хатының бірінші томы жарық көрді. 
Фрейдтің 153 қораптан тұратын жеке құжаттар жинағы Вашингтондағы АҚШ Конгресінің 
кітапханасында тұр. Фрейдтің өсиеті бойынша бұл құжаттардың біразы белгілі бір уақытқа 
дейін құпия сақталмақ. Мұның бәрі Фрейдтің пациенттері мен олардың отбасыларының жеке 
өмірін, сондай-ақ Фрейдтің өзі мен оның ұрпақтарының абыройын қорғаудан туындап отыр.
Фрейдтің үлкен ұлынан алған хаттарының бірі 2032 жылға дейін құпия сақталса, жиенімен 
жазысқан хаты 2050 жылға дейін жарияланбайды. Фрейдтің ұстаздарының бірі жазған хат 
тіпті 2116 жылға дейін құпия сақталады дейді. Ол кезде Фрейдтің қайтыс болғанына шамамен 
177 жыл болатынын ескерсек, соншалықты ұзақ рұқсат берілмейтіндей, онда маңызды не 
бар екен деп, еріксіз қайран қаласың. Ал қызы Анна мен жеңгесіне жазған хаттары сияқты 
кейбір дүниелері қашан жария болатыны мүлдем белгісіз. Психологтар аталмыш архивтік 
құжаттардың Фрейд пен оның қызметін танып-білуге қаншалықты көмектесетінін білмейді. 
Қалай болған күнде де, тарихи деректер толық қолжетімді болмайынша, психология 
тарихындағы ең маңызды тұлғалардың бірі туралы біздің таным-түсінігіміз толық емес болып 
қала беретіні даусыз.
Тарихи мәліметтерді өзгерту: аудармадағы қателік
Тарихи мәліметтерге қатысты мәселелердің тағы бірі – мәліметтің тарихшылардың қолына 
жаңсақ аударма арқылы жетуі. Аудармадағы бұрмаланған ой туралы мысалдар бізді қайтадан 
Фрейдке жетелейді.
Фрейдтің тұлға теориясында үш негізгі түсінік бар: олар – id, ego және superego. Бұл сөздер 
сізге түсінікті көрінгенімен, оның идеяларын толық түсіндіріп бере алмайды. Латын тіліндегі 
бұл сөздердің немісше баламалары: id – Es, ego – Ich және superego – Uber-Ich.
Фрейд Ich арқылы ішкі және жан дүниені сипаттап, оны «Меннен» өзгеше немесе бөтен 
күштерді бейнелейтін Es-тен айырғысы келді. Аудармашылар «Менді» ego мен id арқылы 
бергендіктен, «ол адаммен ешқандай байланысы жоқ құрғақ техникалық терминге айналып 
кетті». Осы себепті де «Мен» және «Ол» терминдерінің арасында ешқандай айырмашылық 
болмай қалған.
Фрейдтің «еркін ассоциация» терминіне назар аударайық. Мұндағы «ассоциация» сөзі әдетте 
бірі арқылы екіншісі пайда болатын қандай да бір идея мен ойдың арасындағы байланысты 
білдірсе, Фрейдтің айтпағы мүлде басқа. Оның неміс тілінде қолданған Einfall сөзі «ассоциация» 
деген мағынаны бермейді. Егер сөзбе-сөз аударсақ, ол «басып кіру» немесе «жаулап алу » 
дегенді білдіреді. Фрейд бұл жерде ой байланысы емес, бейсананың – адамның саналы ойына 
енетін және баса-көктеп кіретін тежеусіз күш екендігі туралы айтқысы келген. Бұл – Фрейдтің 
тұспалдаған ойымен толық сәйкес келмейтін мысалдар. Осылайша, тарихи дерек болып 
саналатын Фрейдтің жеке сөздері аударма барысында бұрмаланған болып шықты. 
Психологияны құраушы күштер
Психология ғылымы вакуумда дамымайды. Ірі мәдениеттің бір бөлшегі болып саналатын 
ол психологияның табиғаты мен бағытын қалыптастыратын ішкі және сыртқы күштердің 
ықпалына ұшырайды. 
Психология ғылымының дамуына әсер еткен факторлар:


5
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Қазіргі психология тарихы
1. Психология тарихын зерттеу. Философияның психологияға ықпалы
1. Психология тарихын зерттеудің маңыздылығы
• Жұмыс факторы;
• Соғыс факторы;
• Жансақ түсінік пен кемсітушілік.
Ғылым тарихының тұжырымдамалары
Ғылыми психологияның тарихи дамуын зерттейтін екі жол болса, оның бірі – тұлғалық 
жол, екіншісі – натуралистік жол. Жаңа идеяны қабылдайтын кезде маңыздысы не сонда: сол 
идеяны ойлап тапқан адам ба, әлде идея жүзеге асқан уақыт па?
Тұлғалық теория
Ғылым тарихының тұлғалық теориясында жеке тұлғалардың жетістіктері мен ғылымның 
дамуына қосқан үлесіне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл көзқарас бойынша, ғылымдағы өзгерістер 
мен прогресс тарихты өз қолымен жасайтын бірегей тұлғалардың ықпалына тікелей 
байланысты. Осы теорияға сәйкес, Наполеон, Гитлер немесе Дарвин ұлы тарихи оқиғалардың 
пайда болуына тікелей әсер етті. Тұлғалық тұжырымдама тұлғалардың есімдерімен байланысты 
оқиғалар олардың қатысуынсыз ешқашан болмайтын еді деген болжамды көздейді. Теорияға 
сенсек, айналып келгенде, уақыт пен тарихты жасайтын адам.
Жалпы, ғылым – оның бағытын айқындайтын ойшыл, жасампаз және жігерлі адамдардың 
жұмысы екені айдан анық. Әдетте біз белгілі бір дәуірді өз заманында жаңалық, теория немесе 
басқа да жетістіктерге қол жеткізген адамның атымен айқындап жатамыз. Мүсін өнері сөз 
болғанда «Микеланджелодан кейін», физика туралы айтқанда «Эйнштейннен кейін» дегенді 
тілге тиек етеміз. Ғылым, өнер мен мәдениеттегі тарихтың бағыт-бағдарын өзгертетін шиеленісті 
дүниелер негізінен жеке тұлғалар арқылы жасалатыны айтпаса да түсінікті жайт.
Осылайша біз тұлғалық теорияның өз орны бар екенін анықтадық. Бірақ бізге ғылымның 
немесе қоғамның дамуын түсіндіруге бұл жеткілікті ме? Жоқ, әрине. Көзі тірісінде еңбегі дұрыс 
бағаланбай, қуғын-сүргін көрген ойшылдар, өнер адамдары мен ғалымдарды кеш бағалап 
жататын жағдайлар жиі кездеседі. Қандай да бір идеяның қабылдануы немесе қабылданбауы, 
бағалануы немесе мазаққа ұшырауы сол заманның интеллектуалдық, мәдени немесе рухани 
атмосферасына байланысты екенін осы жайттардан аңғару қиын емес. Ғылым тарихында 
ғалымдар ашқан жаңа теориялар мен жаңалықтар өз замандастары тарапынан мойындалмаған 
жағдайлар өте көп кездеседі. Ең ұлы ойшылдар мен өнертапқыштардың өзі «уақыт рухымен» 
шектелген.
Сол себепті кез келген ұлы адамның енгізген жаңалығын және идеясын қабылдап, оны 
жүзеге асыруға қоғамдағы басымдыққа ие ой кедергі болуы да ықтимал. Алайда белгілі 
бір уақытта қандай да бір кеңістікте уақытылы қабылданбаған идеялар араға ғасыр салып 
мойындалуы да мүмкін. Баяу өзгеріс ғылыми прогрестің заңдылығына айналып кететін 
жағдайлар жиі болып тұрады.
Натуралистік теория
Натуралистік теория бойынша, керісінше, уақыт «адамды жасайды» немесе уақыт қандай 
да бір адамның өзін-өзі танытуына мүмкіндік береді. 
Натуралистік тұжырымдамаға сәйкес, егер Чарльз Дарвин жас кезінде қайтыс болса, онда 
ХІХ ғасырдың ортасында басқа біреу эволюциялық теорияны дамытқан болар еді. Іс жүзінде 
сол теорияны дәл сол уақытта өзге біреу ойлап табары хақ. Олай болатын себебі – сол дәуірде 
зияткерлік ортаның адам эволюциясына қатысты жаңалық ашуына барлық негіз дайын болды.
«Уақыт рухының» тежегіш ықпалы мәдени кеңістікте ғана емес, ғылымда да жұмыс істейді. 
1763 жылы шотланд ғалымы Роберт Витт шартты рефлекстер туралы ой айтқан болатын, бірақ 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Қазіргі психология тарихы
1. Психология тарихын зерттеу. Философияның психологияға ықпалы
1. Психология тарихын зерттеудің маңыздылығы
6
ол кезде оған ешкім қызығушылық білдіре қоймады. Арада ғасыр өтіп, зерттеушілер көптеген 
зерттеу әдістерін игерген уақытта ғана ресей физиологі И.П. Павлов Виттің байқауларына сүйене 
отырып, оның ойын дамытып, психологияның жаңа жүйесінің негізін қалады. Әр жаңалықтың 
өз уақыты болады. 
Бір уақытта жасалған бірдей жаңалықтар ғылым тарихының натуралистік тұжырымын 
растайды. Екеуі екі жақта, екі бөлек жұмыс істеп, бір-біріне ұқсас жаңалық ашқан жайттар 
жиі кездеседі. Мысалы, 1900 жылы бір-бірін танымайтын үш зерттеуші 35 жыл бойы генетика 
бойынша жасаған еңбектері еленбей келген австриялық ботаник Грегор Мендельдің жұмысын 
қайталаған.
Есептеу амалы, оттегі, логарифмдер, күн дақтары мен энергияның түрленуі сияқты ғылым 
мен техникадағы жаңалықтар да, түрлі түсті фотосурет пен жазатын машинка – бір мезгілде екі 
немесе одан да көп зерттеуші ойлап тапқан мысалдардың бірі.
Ғылыми салада әбден қалыптасып қалған қандай да бір теория жаңа көзқарастарды 
оңайлықпен қабылдай қоймайды. Кейде көп ғалымдардың қандай да бір теорияға қатып-семіп 
қалатыны соншалық – олар жаңа бір дүниенің тамыры шықпай жатып, оны тұншықтырып 
тастайды.
Негізгі тұжырымдама қандай да бір зерттеулердің нәтижелерін журналға басып шығарып-
шығармау мәселесін сүзгіден өткізеді. Егер нәтижелер қабылданған көзқарастарға қарама-
қайшы келсе, журналдың редакторлары бұл нәтижелерді басып шығарудан бас тартуы немесе 
оларды қарапайым түрде ұсынуы мүмкін.
АҚШ-та және Германияда 1890 жылдан 1920 жылға дейінгі 30 жыл мерзім аралығында 
шыққан екі психологиялық журнал мақалаларының жарияланған кездегі және жарияланғаннан 
кейінгі өзектілігі тексеруден өтті. Ондағы мақаланың маңызы соған ұқсас жарияланымдардағы 
мақалаларға жасалған сілтемелер санымен өлшенді. Тексеру нәтижелері мақаланың ғылыми 
маңыздылығы «зерттеу тақырыптарының сол кездегі ғылым назарында қаншалықты болу-
болмауына» байланысты екенін анық көрсетіп берді. Соңғы қабылданған идеяларға қатысы 
жоқ мақалалардың маңыздылығы барынша төмен болып шықты.
1970 жылдары болған тағы бір оқиғаға оралайық. Психолог Джон Гарсия «S – R» 
теориясына күмән келтірген зерттеу нәтижелерін жариялауға тырысты. Жұмыс жоғары 
деңгейде орындалып, кәсіби тұрғыда мойындалып, беделді ғылыми марапаттарға ие болуына 
қарамастан, оның мақаласын алдыңғы қатарлы журналдар қабылдаудан бас тартты. 
Испантілді америкалық Гарсия Эксперименттік психологтар қоғамына сайланып, Американдық 
психологтар қоғамының зерттеуіне ерекше үлес қосқаны үшін марапатталды. Бірақ Гарсияның 
зерттеу жұмыстары таралымы аз, көпшілікке бейтаныс журналдарда ғана жарық көріп, оның 
идеяларының кеңінен таралуына кедергі келтірді.
«Уақыт рухы» ғылыми-зерттеулер пәнін, зерттеу әдістерін, теориялық тұжырымдамаларды 
анықтауды да тежеуі мүмкін. Мысалы, біз ғылыми психологияда бұрын болған адам 
табиғатындағы сана мен субъективті аспектілерге назар аудару үрдістері туралы сөз қозғаймыз. 
1920 жылдарға дейін психология әуелі «ақыл-ойдан», кейін «сана-сезімнен» жұрдай болады 
дейтін әзіл-қалжыңы аралас пікір айтылатын. Алайда елу жылдан кейін әртүрлі кезеңдегі 
«уақыт рухының» ықпалын көрген психология уақыттың интеллектуалдық шырайына жауап 
бере алатын сана мәселесіне қайта ие болды.
Бұл ретте бізге түрлердің эволюциясымен ұқсастық іздеп көруге болады. Қоршаған орта 
талаптарына сай ғылым мен тірі организмдер де өзгеріп отырады. Уақыт ағынымен бірге 
жеке түрлер қандай өзгеріске ұшырайды екен? Егер қоршаған ортада тепе-теңдік сақталатын 
болса, ешқандай өзгеріс болмайды. Егер тепе-теңдік жойылатын болса, түр жаңа талаптарға 
бейімделуі керек немесе ол жойылуы тиіс.
Дәл осылай қоршаған орта контексінде ғылым да өмір сүреді және сол ортаға белгілі түрде 
жауап береді. Алайда ғылым ортасы – «уақыт рухы» – физикалық емес, рухани орта. Физикалық 
орта сияқты, «уақыт рухы» да өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Осы эволюциялық ілгерілеу бүкіл психология тарихы бойы айқын байқалады. Ақиқатты тану 
арқылы «уақыт рухы» ойлануға, пайымдауға және интуицияға бағытталғанда, психология да 
ұқсас әдістерді мақұлдайды. Кейін интеллектуалдық «уақыт рухы» бақылау және эксперимент 
сияқты әдістерді қолданды. Бұл әдістерге психология да жүгінді. ХХ ғасырдың басында 


7
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Қазіргі психология тарихы
1. Психология тарихын зерттеу. Философияның психологияға ықпалы
1. Психология тарихын зерттеудің маңыздылығы
психологияның бір бағыттары түрлі интеллектуалдық ой-өрісте дамыған кезде, психология 
түрлі бағыттар мен көзқарастарға бөліне бастады. АҚШ-қа неміс психологтарының көшуімен 
бірге, «неміс» психологиясы да өзгеріске ұшырап, өзіндік «америкалық реңкке» ие болды. Ал 
Германиядағы психология өз жолымен дамыды.
Біз «уақыт рухына» көп көңіл бөлдік. Алайда бұл ғылым тарихы үшін тұлғалық тұжырым-
даманың маңызын жоққа шығармайды. Сонда да ұлы ғалымдардың ғылымға деген үлесін 
басқа тұрғыдан қарастырған жөн. Чарльз Дарвиннің данышпандық әлеуеті немесе Зигмунд 
Фрейдтің бір өзі тарих барысын өзгерте алмайды. Олар өзгеріс жасауға негіз болғандықтан 
ғана ұлы жаңалықтарды ашуға қабілетті еді.
Тарихи аспектіде психологияның дамуын қарастыру үшін тұлғалық және натуралистік 
амал-тәсілдерді үйлестірген жөн. Алайда біздің ойымызша, «уақыт рухы» басым маңызға ие. 
Осы дәуірдің жалпы атмосферасында басымдыққа ие болған идеялардан тым алшақ болған 
ойлар уақыт өте келе ұмытылады. 
Қазіргі заман психологиясының мектептері
Психология жеке ғылыми пән ретінде дамыған ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде неміс фи-
зиологы Вильгельм Вундттың ықпалы зор еді. Вундттың жаңа ғылымның бейнесі мен пішіні 
туралы нақты түсінігі болды. Ол философия мен психологияда басым болған зерттеулердің 
мақсаттарын, пәнін, әдістері мен тақырыптарын анықтады. Сол заман рухының жаршысы 
ретінде Вундт түрлі философиялық және ғылыми ойлау бағыттарын біріктірді. Бірнеше жылдар 
бойы психология Вундттың ықпалымен қалыптасты.
Көп кешікпей психологияның даму барысы өзгерді. Психологтар арасында қарама-
қайшылықтар туындады. 1900 жылдары бірнеше ғылыми ойлау жүйелері мен мектептері 
арасындағы қарым-қатынастар күрделеніп, психологияның анықтамасы туралы әңгіме 
қозғала бастады.
Психология аясында психологиялық мектеп термині кейде идеялық тұрғыда, кейде ғы-
лыми бағыт көшбасшылығымен біріккен психологтар тобы деген ұғымды білдіреді. Түрлі 
психологиялық мектептердің пайда болуы, олардың құлдырауы және олардың орнын басқа 
мектептердің басуы – психология тарихының ерекше сипаттарының бірі.
Ғылым түрлі мектептерге бөлінбей, ғалымдардың негізгі теориялар мен әдістерді бірізді 
қабылдап, бір мағынада ойлап, шарықтау шегіне жеткенде ғана кемелдене түседі. Ғылым саласы 
осындай сипатта дамығанда, ғылыми саланың дамуы жалпы парадигмамен анықталып, өзара 
бәсекелесетін фракциялар болмайды.
Психология әлі парадигмалық кезеңге жетпеді. Бірде-бір жүйе немесе көзқарас барлық 
бағыттарды біріктіре алмады. Когнитивті психологияның негізін қалаушы Джордж Миллер: 
«Осы салада бірыңғай амал-тәсілдер, стандартты әдістер жоқ. Бұл ретте Ньютон заңдарымен 
немесе Дарвиннің эволюциялық теориясымен салыстыратын ешқандай іргелі ғылыми қағида 
жоқ», – деп атап өтті.
Психология ғылымы бүгінгі таңда бірнеше бағыттардан құралады. Олардың әрқайсысы 
өзінің жеке теориялық және әдістемелік платформасына негізделген өз әдістері мен 
терминологиясын, журналдары мен мектептің басқа да белгілерін қолдана отырып, адам 
табиғатын зерттейді.
Психологияның ғылым ретінде даму жолында басты бірнеше бағыттарды атап айтатын 
болсақ, олар келесі.
Структурализм: психологиядағы Титченер жүйесі, сана тәжірибесінің экспериментке 
қатысушы адамға тәуелділігін білдіреді.
Функционализм: психологияда ағзаны қоршаған ортаға бейімдеу кезінде сананың рөлін 
зерттеуге бағытталған бағыт.
Бихевиоризм: объективті түрде сипаттауға болатын айқын жүріс-тұрыс актілерін ғана 
зерттейтін, Уотсонның жүріс-тұрыс туралы тұжырымдаған бағыты.
Гештальт-психология: ғасыр басынан бері дамып келе жатқан мектеп. 1912 жылы Гер-
манияда пайда болған. Ізашары – X. Фон Эренфельс, басты өкілдері: М. Вертхеймер, В.Келлер 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Қазіргі психология тарихы
1. Психология тарихын зерттеу. Философияның психологияға ықпалы
1. Психология тарихын зерттеудің маңыздылығы
8
және К. Коффка. Психиканың негізгі элементтері деп психикалық құрылымды, тұтас түзілімді, 
яғни «гештальттарды» санайды.
Психоанализ: З. Фрейд жетілдірген ілім, бейсана мен адам психикасындағы оның санамен 
өзара байланысын зерттейді.
Гуманистік психология: адамның сана тәжірибесін зерттеу маңызын көрсететін және 
тұлғаны бірегей тұтас жүйе ретінде мойындайтын психологиядағы ағым.
Аталған бағыттар, әрине, психологияның даму тарихын толық қамти алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет