Перифраз Ол не? Қалай жасалады? Не үшін қажет?



Дата07.06.2023
өлшемі59,11 Kb.
#99311

Перифраз

Ол не?

Қалай жасалады?

Не үшін қажет?

Перифраз

  • Перифраз (гр. periphrasis — айналым) — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), т.
  • (Уикипедия)

  • Сөйлемге тілдік өзгерістер жасай отырып, белгілі бір ойды басқа сөзбен жеткізу.

Перифраз жасау тәсілдері

  • Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру. Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б.
  • Түпнұсқа: Ауа райы өзгерісі адам денсаулығының нашарлануына әкеп соқты.

    Перифраз: Ауа райы өзгергендіктен адам денсаулығы нашарлады.

    2. Синонимдерді қолдану.

    Түпнұсқа: Менің апам ажарлы адам.

    Перифраз: Менің апам әдемі жан.

3. Сандар мен пайыздық көрсеткіші өзге формаға ауыстыру.

3. Сандар мен пайыздық көрсеткіші өзге формаға ауыстыру.

Түпнұсқа: Оқушылардың үштен бір бөлігі жақсы деген бағаға ие болды.

Перифраз: Оқушылардың 30% жақсы деген бағаға ие болды.

4. Бірінші жақтан үшінші жаққа немесе үшінші жақтан бірінші жаққа алмастыру (ырықсыз етіске алмастыру).

Түпнұсқа: «Алаш» газеті Абай өлеңдерін жариялады.

Перифраз: «Алаш» газетінде Абай өлеңдері жарияланды.

5. Анықтама берудің әртүрлі құрылымдарын пайдалану.

5. Анықтама берудің әртүрлі құрылымдарын пайдалану.

Түпнұсқа: Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? - деген сұраққа жауап беретін сөз табы.

Перифраз: Зат есім - бір заттың, нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның атын білдіретін сөз табы. Кім? Кімдер? Не? Нелер?- деген сұрақтарға жауап береді.

6. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі формаларын түрлендіріп қолдану.

Түпнұсқа: «Өмірді өмірдің бағасынан артық сүю қажет» - деді Ф. Достоевский

Перифраз: Ф. Достоевский өмірді өмірдің бағасынан артық сүю қажеттігін атап өтті.

7. Сөйлем құрлымын өзгерту және байланыстырушы сөздерді өзге түрлерін қолдану.

7. Сөйлем құрлымын өзгерту және байланыстырушы сөздерді өзге түрлерін қолдану.

Түпнұсқа: Арман сабағына дайындалып отырып, інісіне де көмектесті. Алайда екі нәрсені қатар жасау оған қиын тиді.

Перифраз: Арман әрі сабағына дайындалды, әрі інісіне көмектесті. Дегенмен екі нәрсені қатар жасап қиналды.

8. Алайда жалқы есімдер мен кілт терминдерді ауыстыруға, өзгертуге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет