План учебного занятия



бет1/4
Дата25.12.2023
өлшемі37,42 Kb.
#143203
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
7 сабақ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Министерство образования и науки Республики Казахстан
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж
Высший колледж имени Магжана Жумабаева
ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
ПЛАН УЧЕБНОГО ЗАНЯТИЯ
Инфляция
(сабақ тақырыбы/тема занятия)
Модуль/пән атауы / Наименование модуля /дисциплины_Экономика негізлері_
Педагог дайындады / Подготовил педагог __Малгаждарова К.Г.__
«_____» ____________20_23_ ж./г.
1. Жалпы мәліметтер / Общие сведения
Курс, топ / курс, группа ________
Сабақтың түрі / Тип занятия _______________
2. Мақсаты, міндеттері / Цели, задачи
2.1 Инфляция жайлы жалпы түсініктеме беру
3. Күтілетін нәтижелер / Ожидаемые результаты
3.1 Жұптық және топтық жұмыс барысында ашықтық пен ынтымақтастықты дамыту
3.2 Жаңа тақырыпта көрсетілген терминдердің мағынасын ұғыну
4. Қажетті ресурстар / Необходимые ресурсы
4.1 Компьютер, интерактивтік тақта
4.2 проектор, оқулықтар
5. Сабақтың барысы / Ход занятия
1.Ұйымдастыру.- оқушылар зейінін сабаққа аудару
- оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтау
- оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын» анықтау, нәтижесін күту.
Инфляция- (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:

  1. Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

  2. Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:

  • әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;

  • мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;

  • несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;

  • импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;

  • ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет