Дәріс 3. Баға белгілеу механизмі. Баға саясаты
Нарықтық экономикада кәсіпорын өнімдерінің тиімділігі мен бәсекелік қабілеті оның баға белгілеудегі ұстанып отырған саясатына тікелей байланысты. Бұл жерде кәсіпорынның басты мақсаты тек мол табыс алу ғана емес, сонымен қатар, тұтынушыларды төмен бағамен ынталандыру арқылы ұзақ уақыт бойы өнімдерін нарыққа тиімді өткізуге де негізделуі тиіс.
Бәсекелі нарықтағы бағалық бәсекенің өзі де кәсіпорындардың төмен бағада өнім өткізу қабілеттерімен тартысқа түсу арқылы, өз мүмкіндіктері мен шығынмен жұмыс істеу қауіптерін, бәсекелестерінің артықшылықтары мен тұтынушыны қызықтырар әдістерін, бәсекелестер тарапынан болатын қыспақтар мен олардың алдын-алу шараларын ойластыра отырып, баға саясатына қатысты шешімдерін айқындағаны дұрыс.
Т
Сұранысты және нарық сыйымдылығын анықтау
Кәсіпорынның шығындарын бағалау
ауарға баға белгілеу механизмін бірнеше кезеңге бөлуге болады. Ол төмендегідей көрсетіледі:
Баға құрудың мақсатын анықтау
→ → →
Бәсекелестердің тауарлары мен бағаларын талдау
Баға құру әдісін таңдау
Бастапқы бағаны есептеу
→ → → →
Өткізудің қосымша мәселелерін есепке алу
Соңғы бағаны қою
→ →
Өндірістік кәсіпорындардың баға белгілеуге қатысты ұстанатын саясаттарын зерттеулер нәтижесі баға саясатының келесі қағидаларын ашып көрсетуге мүмкіндік береді:
баға белгілеу зиялылығы: тұтынушылардың өмір сүру деңгейлеріне сай өнім алуға мүмкіндік жасау;
кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі немесе төлем қабілеттілігі: өнімді сату арқылы кәсіпорынның дамуына және осының есебінен, ондағы қызметкерлердің материалдық қамсыздануына жағдайдың болуы;
өнім бағасының икемділігі: нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың және басқа да факторлардың әсеріне байланысты кәсіпорынның бағаны өзгертуге дайындығы;
тұтынушыға психологиялық әсері: өнімнің тұтынушыға бәсекелестік қабілет қорын қалыптастыруда көтерме сауда қызметтерін үйлестіру;
ынталандырушы бағалар: өнімнің тиімді өткізілуін қамтамасыз етуге бонустар, маусымдық жеңілдіктер, «нарықты игеру бағаларын» белгілеу.
Бұл жағдай еліміздегі кәсіпорындарға ішкі нарықтағы өз үлестерін «тұтынушыға тиімді баға» саясатын ұстану арқылы ұлғайтуды қажет етеді.
Баға белгілеу саясатының өзі көптеген нарықтық факторларға тәуелді. Ол факторларды әсер ету аясына байланысты үш топқа бөліп қарастыруға болады:
Ұсынысқа байланысты факторлар: ұсынылатын өнім мен бәсекелес өнімдердің ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен артықшылықтары;
Сұранысқа байланысты факторлар: тұтынушылардың талғамы мен салт-дәстүр, әдет-ғұрып ерекшеліктері;
Нақты тауарлы нарыққа байланысты факторлар: сұраныстың көлемі мен құрылымы, сұраныстың икемділігі, нарықтың сиымдылығы, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі, ұқсас өнімдердің болуы.
Өнім өндіруші кәсіпорындардың шығаратын өнімдеріне тиімді баға белгілеу саясатын жүргізу, нарықтық факторлармен қатар, бағаны қалыптастыру ерекшеліктерін де ескеруді міндеттейді.
Мысалы, нан өнімдерін алатын болсақ, онда оның бағасы, ең алдымен, ауыл шаруашылығына өндірілетін дәнді дақылдардың өнімділігіне, жиналу көлеміне, көлемдік өзгерістерге тәуелді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы ұйымдарының өнімді егуге, жинауға, өңдеуге кеткен шығындарының көлемі де дәнді дақылдардың бағасын анықтауға әсер етеді.
Бәсекеге қабілетті өнімді шығару үшін қомақты қаржы керек, яғни, сапалы өнім шығаруға қажетті құрал-жабдықтар алуға, жоғары білімді және білікті мамандар жалдауға, озық технологияларды игеруге, өнімді кең көлемде жарнамалауға және т.б. Бұл жағдайда, тек тиімділігі жоғары, өз қаржылары жеткілікті кәсіпорындар ғана нәтижелі қадамдар жасауға дайын болады.
Бағаны қалыптастыру әдісі нарықтық ортаның кез-келген жағдайында үздіксіз жұмыс жасауы тиіс және нарық талабына сай икемді болғаны жөн. Жалпы алғанда, бағаны қалыптастырудың бірнеше бағытын ажыратып көрсетуге болады:
Шығынсыздыққа бағытталған мақсатты табыс – табысты белгілеу әдісі бойынша;
Өнімнің құндылығын сездіру - өнімнің тұтынушылық қасиеттері бойынша;
Өндіріс шығындары – шығындық әдістер бойынша;
Нарықтың сипаты – нарықытқ әдістер бойынша;
Өнімнің технико-экономикалық параметрлерінің мөлшерлік шығындары – параметрлік әдістер бойынша.
Өз кезегінде, нарықтық әдістер екі топқа бөлінеді:
тұтынушының тауарға көзқарасы бойынша – тұтынушыға бағытталған әдіс;
нарықтағы нақты жағдайға байланысты – бәсекелестерге бағытталған әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |