Поэма арнау, үш негізгі тараумен қатар, түйін сөзден тұрады. Үш тарауда үш оқиға сөз болады. Жанры жағынан тарихи, реалистік поэма. Ақынның кеңестік кезеңде жарияланбай қалған «Хадиша»



Дата30.11.2022
өлшемі16,28 Kb.
#53796
түріПоэма

МҰХАМЕТЖАН СЕРАЛИН
(1877-1929)
Ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, журналист.
Өмірі. Қостанай жерінде дүниеге клген. Жастайынан әкесінен жетім қалады. 1891 ж. 2 кластық орыс мектебін бітіреді. 1891-1900ж.ж. Арал өңірінде мұғалім болады. 1900 жылдан әдеби-публицистикалық, саяси-қайраткерлік қызметке араласа бастайды. 1906 ж. Мемлекеттік Думаның 1 сайлауында кандидаттыққа ұсынылған (өтпейді).
Поэмалары.
«Топжарған». М. Сералиннің тұңғыш поэмасы «Топжарған» 1898 ж. жазылып, алғаш рет 1900 ж. Троицк қаласында жеке кітап болып шыққан. Көтерген мәселесіне 19-ғасырдың 30-40 жылдары Кенесары бастаған қазақтың ұлт-азаттық күресі арқау болады. Бұл қазақ әдебиетінде үлкен орын алған тақырып. Поэмада Кенесары қозғалысын сынау болса да, оны сұм, зұлым еді деген пікір жоқ. Кеңестік кезеңде саясат салдарынан кейбір жолдары түсіріліп қалған.
Поэма арнау, үш негізгі тараумен қатар, түйін сөзден тұрады. Үш тарауда үш оқиға сөз болады. Жанры жағынан тарихи, реалистік поэма. Ақынның кеңестік кезеңде жарияланбай қалған «Хадиша», «Наурызбай» атты поэмаларының болуы ақынның үлкен циклді дүниелер жиынтығын дүниеге әкелгісі келуі, солардың біріншісі «Тоопжарған» поэмасы болуы мүмкін деген ойға итермелейді
«Гүлқашима». 1903 ж. жарияланған. Тақырыбы-қазақ қыздарының бас бостандығы, сүйіспеншілік. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш реалистік поэмалардың бірі.
Б. Кенжебаев: «...тақырыбы, идеялық мазмұны жағынан болсын, сюжеті менк омпозициясының қисынды, қызықты болып келуі, реалистік жайларды көрсету жағынан болсын «Гүлқашима» бірқыдыру жақсы көркем шыққан поэма, бұл өз заманында жаңа көрініс, үлкен табыс».
Поэма төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Сөз басында» автор өзі куә болған бір жайды баяндайды. Екінші бөлім – «Баймұхаметтің дәптері» деп а талады. Үшінші бөлім – «Қалтадан шыққан қағаздағы сөз. Төртіншы бөлім – «Сөз соңында» деп аталады. Мұнда ол оқушысына бұл қиссадан қандай ғибрат алдың деп сауал қойып, оған өзі жауап береді.
Бірінші ата-анаға өз баласын теңіне қоссын дейді. Екінші ғибрат деп ақын қазақ қыздарының ұстамды болуын, жаман күйеу жолықты деп ар-ұяттан айнымауларын талап етеді. Үшінші ғибрат етіп, жастық шағыңда оқу , өнер ізде, талаптан, Баймағамбет сияқты ағат істеме дейді.
Поэмада негізінен үш-ақ кейіпкер бар. Екеуі жас ғашықтар-Баймағамбет пен Гүлқашима. Үшіншісі – ақынның өзі.
Поэмада Гүлқашиманың портреті бар:
... Таранған тоты құстай бір асыл зат,
Меңзесем хор қызына болмайды ұят.
Ақ жүзді, ақылы кәміл, шырын сөзді,
Үстіне сәндік үшін киген манат.
Кп артық ұзын емес, орта бойлы,
Аса көп сөйлемейді, терең ойлы.

Күлгенде екі беті шұқырайып,


Сүйкімді көрінеді жүзі нұрлы.
М. Сералиннің он бес, он алтылардағы қызға артар жүгі мол. Сұлулығымен қатар ол ақылды, салмақты. Автордың өз кейіпкерін күреске тартпауы – қажетсіз, мезгілсіз күрес екендігі. Гүлқашимаға артылған жүк – жар төсегіне адалдық. Сонымен бірге ақын сомдауындағы Гүлқашима қыз – ертеңгі ана.
Баймағамбет ақынның кей сәттерде өмір көзқарасымен келіспеген креғар бейне. Бірінші, поэманың негізіне шын өмірде болған оқиғаның алынуы, сүйгеніне қосыла алмаған Баймағамбеттің өзін - өзі өлтіруі. Сол оқиға негізінде ақынның осы поэманы жазып, онда өз еркінен тыс кейіпкер өлімін сол болған қалпында көрсету.
Екінші, бұйығы қазақ қызыныңс анасында төңкеріс жасап өз соңына ерте алмаған кейіпкр – Баймағамбеттің өзіне-өзі қол жұмсауы.
Баймағамбет – ғашықтық жолындағы құрбандық. Ол нық шешімді тұлға.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет