Тақырыбы: Сабақтың құрылымы, мұғалімнің сабаққа дайындығы



Дата29.11.2023
өлшемі3,76 Mb.
#131222
түріСабақ
Байланысты:
438194.pptx-1

  • Орындаған: Адильбаев Айткали
  • Тауменов Абай
  • Толкынулы Дарын
  • Тойбек Гулнур
  • Халмаханова Молдир
  • Халмуратова Асем
  • Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
  • Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет.
  • Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек. Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық. Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады.

Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері

  • 1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;
  • 2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;
  • 3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;
  • 4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;
  • 5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;
  • 6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;
  • 7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;
  • 8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;
  • 9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;
  • 10. Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;
  • 11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;
  • 12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;
  • 13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

... Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады:

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады

  • Пәнді оқытуға жалпы дайындық
  • Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
  • Әрбір сабаққа дайындық
  • Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет