Поэмасы Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін»



бет1/2
Дата12.05.2023
өлшемі40,09 Kb.
#92277
түріПоэма
  1   2
Байланысты:
Ïîýìàñû Ìåäåòáåê Òåì³ðõàí «Ò?óåëñ³çá³í»


4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Ұрпақ тәрбиесі»
1-нұсқа

Оқылатын шығарма

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы
Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі



Оқу мақсаты

7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;
7.2.1.1 шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру;
7.2.2.1 эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор
бейнесін анықтау;



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

-шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды;
-шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады;
-шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Жоғары деңгей дағдылары





Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма. «Адасқан оқиғалар» әдісі. М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы бойынша берілген оқиға құрылымын реттілігіне сай сәйкестендіріңіз.

Оқиғаның басталуы




Батырды қапыда өлтіріп, басын алуы.

Оқиғаның дамуы

Әкесінің ашуға мінуі.

Оқиғаның шиеленісуі

Әкенің үкім шығарып, баласын жазалауы.

Оқиғаның шарықтау шегі

Махамбет өзіне келетін ажалды алдын ала білуі.

Оқиғаның шешімі

Батырдың басын алып, әкесіне сүйіншілеп келген ұлының мақтануы.

2-тапсырма. «Нарынқұм зауалы» поэмасынан берілген үзінділерден кейіпкерлер бейнесін талдаңыз.

Шығармадан үзінді

Қай кейіпкердің сөзі?

Кейіпкердің қандай қасиетін байқауға болады?

-Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда
Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.
Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім,
Бостандыққа шақырып ем,
Сенің заңғар ақылың ем,
Едім әрі өлшемін..
Жан ашырың, жақының ем,
Және қайсар ақының ем мен сенің.







Шомбал жігіт кіріп келді ентелеп,
- Әке, — деді ол кірген бойда,
- Әке,—деді еркелеп, —
Жүруші едің маған ылғи өкпелі,
Кеюші едің
Мал болмайсың деп мені.
Сол сөзіңді, сірә, қайтып аласың-ау шамасы.
Аты шулы Баймағанбет сұлтанның
Маған берген сыйлығына қарашы!
Төрде отырған әкесінің алдына,
Маң-маң басып барды да,
Алтын жіппен әдіптелген жағасы
Сұр ішікті тастай салды баласы.







- Балам, үміт- қызығымның өлшемі Өзің едің,
Қайғым болдың еңселі.
Басына шық, кәне, мына төбенің,
Осы арада қалдырамын мен сені.
Қараладың қасиетті мекенді,
Жараладың тұрмастай ғып әкеңді,
Мына жолмен өткен жұрттың аузынан
Махамбеттің жырын тыңдап жат енді.
Мүмкін, сонда ұғынарсың қатеңді.
Кім аяққа басса заңын даланың –
Ұмытқаны қатал тарих сабағын.
Кешір мені,
Таусылды бар амалым.
Дала заңы - баба заңы, қарағым, -
Деп әкесі қолына алды садағын...











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет