«Покатиловка жалпы орта білім беретін мектебі»кмм-нің 9 «А» сыныбының жылдық тәрбие жұмыс есебі. 2022 – 2023 оқу жылы



бет1/3
Дата08.12.2023
өлшемі20,22 Kb.
#135157
  1   2   3

«Покатиловка жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің
9 «А» сыныбының жылдық тәрбие жұмыс есебі.
2022 – 2023 оқу жылы


Мақсаты: Оқушылардың жеке тұлғасын өздігінен дамыту және өздігінен іске асыру үшін, оның қоғамдағы әлеуметтенуі үшін жағдай құру.


Міндеті:

  • Әр оқушыны тәрбие процесіне баулу, мектептің өзін – өзі басқару жүйесін, сынып пен мектеп ұжымын бірыңғай өзін – өзі басқару жүйесі ретінде одан әрі жалғастыру.

2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жоспарының қорытындысы төмендегідей. 9 «А» сыныбында 5 оқушы. Сыныпта төрт қыз,бір ұл бала бар.
Сыныпта бұл оқушылармен тәрбие жұмысының барлық бағыттарымен жұмыс жасалынды.
Сыныпта 8 бағыт бойынша жұмыс жасалды.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие, Рухани адамгершілік,Ұлттық тәрбие,Зияткерлік,ақпараттық тәрбие,Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие, Салауатты өмір салты және дене тәрбиесі, Көп мәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие, Отбасылық тәрбие .
Сынып мектепішілік және сыныпішілік қоғамдық жұмыстарға өте жақсы ат салысып отырады.
Мектепішілік іс – шараларға белсене қатысып жүлделі орындаға да ие болды.
Оқушылар келер уақытта да белсене қатысып,мектеп өміріне өз үлестерін қосады.
«А» сыныбында 1 –4 тоқсан аралығында мына тақырыптарда тәрбие сағаттары болып өтті:
1. Азаматтық, патриоттық, құқықтық тәрбие беру бағыты бойынша : «Мен патриотпын» Білім беру сабағы, «Мен және менің отбасым»тақырыбы бойынша сайыс ұйымдастырылды, «Рухани жаңғыру» Қазақстанның 3- ші жаңғыру кезеңі.Отан неден басталады? сұрақтары бойынша оқушылармен әңгімелестік, «Мәңгілік Ел - Тәуелсіздік пен Астана» патриоттық актісінің мызғымас құндылығы тақырыбында оқушылармен дөңгелек стөл өткізілді, «Біздің отанымыздың белгілі ұлдары» тақырыбында кеңес жүргізілді, «Тұңғыш Президенті күні» Елбасымыз жайлы сұхбат жүргізілді, «Тәуелсіздік күні»тақырыбында сұхбат жүргізілді, «Мен Қазақстанның азаматымын және патриотымын» тақырыбында сайыс өткізілді, «Ұлыстың ұлы күні» біздің әз наурызымыз жәйлі сұхбат жүргізілді, «Ұрпақтарын ұмытпайды сіздерді» кеңес өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет